Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы N 237 және 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 қыркүйектегі N 915 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:

      1) 1-тармақтың 1) тармақшасының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 Қаулысымен.

      2) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 14 149-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:

      7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады