Төтенше жағдайлардың туындауының алдын алу және 2003-2004 жылдардың қысқы жағдайларында жұмыс iстеуi үшiн Семей қаласының коммуналдық шаруашылығының уақтылы дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беруге арналған арнайы резервiнен отын сатып алуға және Семей қаласының коммуналдық меншiгiндегi жылу көздерiнiң, жылу трассалары мен желiлерiнiң апатты жағдайына және оларды жөндеуге байланысты жұмыстарды орындауға заңнамада белгiленген тәртiппен сыйақы ставкасын есептей отырып, 296 000 000 (екi жүз тоқсан алты миллион) теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) заңнамада белгiленген тәртiппен Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен кредит келiсiмiн жасасуды;
2) бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі