Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң шекараларынан еркiн және тең құқылы өтуiн және олардың тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ЕврАзЭҚ Интеграциялық
комитетiнiң 2003 жылғы
27 ақпандағы N 185
шешiміне қосымша
Жоба
Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер
шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың
тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз
ету туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келiсiмге
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
Беларусь Республикасының Үкiметi және Беларусь Республикасының Ұлттық банкi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Қырғыз Республикасының Ұлттық банкi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Ресей Федерациясының Орталық банкi, Тәжiкстан Республикасының Үкiметi және Тәжiкстанның Ұлттық банкi, бұдан әрi Тараптар деп аталады,
Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркiн және тең құқылы өтуiн және олардың тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы 1998 жылғы 24 қарашадағы келісімнің (бұдан әрi - Келiсiм) ережелерiн iске асыра отырып,
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бiрыңғай кеден аумағын қалыптастырудың ағымдағы кезеңiн және олардың ұлттық экономикаларының нақты жай-күйiн ескере отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Келiсiмнің 1-бабының екiншi абзацындағы мемлекеттiк тілдегi мәтiндегi "тұратын" деген сөзден кейiн үтiр қойылып, "оның ішінде одан тыс жерлерде уақытша тұратын" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрi - мәтiн бойынша.
2-бап
Келiсiмнiң 7-бабының бiрiншi абзацындағы "олардың ішкі кеден шекаралары арқылы" деген сөздер "Кеден одағына қатысушы, мемлекеттердiң бiрыңғай кеден аумағы iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын және "8-бап ережелерiн есепке ала отырып" деген сөздер алынып тасталсын.
Келiсiмнің 7-бабының екiншi абзацындағы "iшкi кеден шекаралары арқылы" деген сөздер "кеден аумағы iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Келiсiмнiң 7-бабының төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын.
3-бап
Келiсiмнiң 8-бабының бiрiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бiрыңғай кеден аумағы құрылғанға дейiн жеке тұлғалар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің iшкi және сыртқы кеден шекаралары арқылы 3000 АҚШ доллары баламасына тең және одан аспайтын сомадағы қолма-қол шетел валютасын бiр жолы әкелу/әкету үшiн жазбаша түрде декларацияға енгiзбей және рұқсат құжаттарын ұсынбай, кедергісіз әкетуге құқылы деп келісті.
Жеке тұлға Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң iшкi және сыртқы кеден шекаралары арқылы 3000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын әкелген/әкеткен жағдайда, оған/одан осындай валюта әкелiнетiн/әкетiлетiн Кеден одағына қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңдарында белгiленген тәртіп қолданылады. Сонымен бiрге жеке тұлға Кеден одағына қатысушы мемлекетке қолма-қол шетел валютасын әкелгенде кеден органы ресiмдеген кеден декларациясы осы Кеден одағына қатысушы мемлекеттен оны әкету үшiн (декларацияда көрсетiлген сома шегiнде) жеткiліктi негiз болып табылады.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бiрыңғай кеден аумағы құрылғанға дейiн Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұлттық валюталарын олардың шекаралары арқылы алмастыру оған/одан оның валютасы әкелiнетiн/әкетiлетiн Кеден одағына қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тараптар Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң экономикалық ахуалының өзгеруiне қарай жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң iшкi және сыртқы кеден шекаралары арқылы қолма-қол шетел валютасын әкелуінің/әкетуiнің өзге де келiсiлген нормаларын белгiлеуге құқылы.".
Келiсiмнің 8-бабының үшiншi абзацы бесiншi болып есептелсін. Осы абзацтың мемлекеттiк тілдегi мәтінінде "қамтамасыз етедi" деген сөздерден кейiн үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы мәтiнмен толықтырылсын: "осы мемлекет бұл жөнiнде басқа Кеден одағына қатысушы мемлекеттерге хабарлайды.".
4-бап
Келiсiмнiң 9-бабы алынып тасталсын.
5-бап
Келiсiмнің 10, 11, 12 және 13-баптары тиiсiнше 9, 10, 11 және 12-баптар болып есептелсін.
6-бап
Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Хаттаманың депозитарийi Евразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық Комитетi болып табылады.
7-бап
Осы Хаттама депозитарий Тараптардың оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарламасын алған күннен бастап күшiне енедi.
8-бап
Осы Хаттама күшiне енген күннен бастап Келісімнің ажырамас бөлiгi болып табылатын 2000 жылғы 23 мамырдағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің жеке тұлғаларының үшiншi елдерге қолма-қол шетел валютасын кедергiсiз алып өтуінің тәртібі мен нормасы туралы хаттаманың қолданылуы тоқтатылады.
200___ж.____________________ қаласында жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Евразиялық экономикалық қауымдастықтың Интеграциялық Комитетiнде сақталады, ол әрбір Тарапқа хаттаманың куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Беларусь
Республикасының Республикасының
Үкiметi үшiн Ұлттық банкi үшiн
Қазақстан Қазақстан
Республикасының Республикасының
Үкiметi үшiн Ұлттық Банкi үшiн
Қырғыз Қырғыз
Республикасының Республикасының
Yкiметi үшiн Ұлттық банкi үшiн
Ресей Ресей
Федерациясының Федерациясының
Үкiметi үшін Орталық банкi үшiн
Тәжікстан Тәжiкстанның Ұлттық
Республикасының банкi үшiн
Үкiметi үшiн