Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 16 қыркүйектегі N 940 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 49 және 50-жолдармен толықтырылсын:
      "49. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" ААҚ (Алматы қаласы) 100 %
      50. "Ұлттық тiркеу орталығы" ААҚ (Астана қаласы) 100 %".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады