Отандық тауар өндірушiлерді мемлекеттiк қолдауды күшейту жөніндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 955 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1139 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы  N 1139 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы  N 2350 және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы  N 2828 заң күшi бар жарлықтарына, "Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1204  қаулысына сәйкес және импорт алмастыру жөніндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Өнiмдi бөлу туралы жасалған Келiсiмдерде мемлекеттiң мүдделерiн білдipу бойынша өкiлеттi органның функцияларын орындайтын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) көрсетiлген келiсiмдерде отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен қызметтер көрсетуiн тартуды мiндеттi шарт ретiнде сақтау мәнiнде алдын ала келiсу үшін мыналарды:
      1) өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер бойынша басқару органдарына бекiтуге ұсынылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға мердiгерлерлермен (операторлармен) жасасқан шарттарының жобаларын;
      2) Мердiгерлердiң мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi жөнiндегi жылдық жоспарлары мен бюджеттерiнiң жобаларын ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Министрлiкпен бiрлесiп, көрсетiлген келiсiм-шарттарда отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен қызметтер көрсетуiн тартуды мiндеттi шарт ретiнде сақтау мәнінде алдын ала келiсу тәртiбiн әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Министрлiк бiр ай мерзiмде "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген алдын ала келiсiлген құжаттарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуiн сатып алу процесiнің мониторингін жүзеге асыру кездегi өзара iс-қимыл жасау тәртiбi мен шарттарын белгiлесiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады