1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 125-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын беру ережесiнде:
4-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өндiрушi салалар мен металлургия өнеркәсiбi ұйымдары;
2) машина жасау өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
3) жеңiл өнеркәсiп ұйымдары;
4) құрылыс индустриясы ұйымдары;
5) тамақ өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;
6) қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар.";
7, 8 және 9-тармақтардағы: "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткiзу ережесiнде:
1-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "кәсiпорындар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацындағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 26 наурыздағы
N 384 қаулысына
қосымша
Сапа саласындағы жетiстiктерi үшін Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сыйлығын беру жөнiндегi комиссия құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхамбетбайұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары,
төраға
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрi,
төрағаның орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбiлғазы Қалиақпарұлы Индустрия және сауда министрлiгi
Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң
төрағасы
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау министрi
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Бiлiм және ғылым вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы Ауыл шаруашылығы вице-министрi
Кәкен - Қазақстан Республикасының
Қарлығаш Ғазизқызы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi аппаратының басшысы
Жүндібаев - Қазақстан Республикасының
Валерий Ермекбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгi Ұйымдық жұмыстар,
жиынтық талдау және бақылау
департаментінің директоры
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасы
Марат Мәулетжанұлы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi
төрағасының орынбасары
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Кононова - Қазақстан Республикасы
Татьяна Ильинична Сауда-өнеркәсiп палатасының
вице-президентi (келiсiм бойынша)