Жек дуадақтарды аулауды жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 1030 қаулысы

      "Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысына сәйкес және жек дуадақты 2003 жылы табиғаттан алуға биологиялық негіздемеге арналған 2003 жылғы 20 тамыздағы N 03-05-09/4052 мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы негiзінде Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Мыналарға:
      1) шейх Халифа Бин Заидқа (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) шаруашылық қызметтің реттелетін режимi бар Кендiрлi-Қаясан республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Қызылорда облысында 20 жек дуадақты және Маңғыстау облысында 50 жек дуадақты;
      2) шейх Сурур Бин Мұхаммадқа (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) шаруашылық қызметтің реттелетін режимi бар Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс және Қарақтау республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймағы шекараларының шегінде, 20 жек дуадақты;
      3) бекзада Абдель Азиз Бин Ахмед Бин Абдель-Азиз Әл Саудқа (Caуд Арабиясы Корольдiгi) шаруашылық қызметтің реттелетін режимi бар Жусанды дала республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймағының аумағында Жамбыл және Алматы облыстарында 37 жек дуадақты 2003 жылғы 1 қазан - 31 желтоқсан кезеңiнде өз ителгілерімен аулауына рұқсат берiлсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды аулауға рұқсат берсiн;
       2) ителгімен саятшылық құруды ұйымдастыру және жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерi ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөніндегі epeженің орындалуын қамтамасыз етсін;
      3) "Охотзоопром ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының көрсетiлген Ереженiң 8-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуін және Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң "Зоология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнымен бiрлесiп, оларды табиғаттан алуды жүзеге асыратын шетелдiк азаматтармен шарттық негiзде жек дуадақтың өсiмiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, ителгiмен саятшылық жүргiзiлетiн жерлерде жоғары мәртебелi қонақтар мен олардың қызметкерлерi топтарын күзетудi және олармен бiрге жүрудi ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi - Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкiмшiлiк органы, ителгiмен саятшылық құру үшiн жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетудi Жойылып кету қаупi төнген жабайы жануарлар әлемi мен өсiмдiктер дүниесi түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсiмдерiн сақтай отырып қамтамасыз етсiн.

      4. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi көрсетiлген iс-шараларды ұйымдастыруда қажеттi көмек көрсетсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады