Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат):
1) 10-баптың 1-тармағында:
7) тармақшада "орналастырылу" және "сатып алу" деген сөздерден кейiн "(купон есепке алынбастан)" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша алынып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;";
23) тармақша "асатын" деген сөзден кейiн ", сатып алу сәтiндегi құны кемiнде 50 айлық есептiк көрсеткiштi құрайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
24) тармақшада "орналастыру" және "сатып алу" деген сөздерден кейiн "(купон есепке алынбастан)" деген сөздермен толықтырылсын;
27) тармақшада:
үшiншi абзацтағы "осыған байланысты техникалық көмек көрсету үшiн" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Өнеркәсiптiк жабдыққа, сол сияқты бербоут немесе димайз чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi де жатады.";
29) тармақшада "және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 12-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында "қайта құрылу арқылы қайта ұйымдастырылуын" деген сөздер "осы Кодекстiң 69-бабы 7-тармағының бесiншi бөлiгінде көзделген жағдайларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-баптың 1-тармағында "жарналарының" деген сөзден кейiн "және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 16-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында "жарналарының" деген сөзден кейiн "және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 17-баптың 1-тармағында:
3) тармақшада "мiндеттемелерiн" деген сөзден кейiн "және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдарының толық есептелуiне және дер кезiнде төлеуiне" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшада:
"мемлекеттік" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк органға толық және дер кезiнде тапсырылуын" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 29-баптың 7-тармағында:
"жағдайларды," деген сөзден кейiн ", сондай-ақ акционерлiк қоғамдардың қызметін реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 32-баптың 4-тармағында:
"Акционерлiк қоғамдардың" деген сөздердiң алдынан "Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бap" деген сөздермен толықтырылсын;
"акциялардың қосымша эмиссиясын шығару" деген сөздер "жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығаруы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"орындау мерзiмдерi" деген сөздерден кейiн "жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығаруы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 38-баптың 1-тармағында "iшiнде" деген сөзден кейiн ", жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар бойынша - келiсiм-шарт әрекетiнiң барлық ағымында" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 39-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 198-1-бабына сәйкес салық төлеушi резидент емеске қайтаруға жататын төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.";
2-тармақта:
"бec" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
"салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша" деген сөздерден кейiн "салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есепке алуды жүргiзетiн уәкiлеттi органның артық төленген сомалардың бар екендігi туралы растаманы қоса бере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 40-баптың 2-тармағында:
"салықтың" деген сөз бүкiл мәтiн бойынша "салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық төлейтiн жер бойынша" деген сөздерден кейiн "салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есепке алуды жүргiзетiн уәкiлеттi органның артық төленген сомалардың бар екендiгi туралы растаманы қоса бере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 46-баптың 7-тармағында:
"қосымша эмиссиясы", "қосымша эмиссиясын" деген сөздер тиiсiнше "жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда," "жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 50-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық төлеушi есептеген салық берешегінің сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық төлеушiнiң және (немесе) дербес салық төлеушi болып табылмайтын оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң келiсiмiнсiз салық берешегінің сомасын олардың банк шоттарынан мәжбүрлi тәртіппен өндірiп алуға құқылы.
Осы тармақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актісiне сәйкес өндірiп алуға жол берiлмейтін банк шоттарына қолданылмайды.";
5-тармақта:
"теңгелiк банк шоттарында" деген сөздер "банк шоттарында теңгемен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"валюталық банк шоттарынан" деген сөздер "банк шоттарынан шетел валютасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасында "кезекте" деген сөзден кейiн "клиенттің жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 55-бапта:
"салық төлеушi (акционерлiк қоғам)" деген сөздер "салық төлеушi - жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар акционерлiк қоғам" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық органдары" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 68-баптың 2-тармағының екiншi абзацы "зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейiн "және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 69-бапта:
4-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Салық төлеушi қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Салық төлеушiнi (заңды тұлғаны) қосу, бiрiктiру, бөлу немесе тарату жолымен қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған, таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастыру немесе тарату аяқталған күнге дейiн тиiсiнше өткiзу актiсiнiң, бөлу немесе тарату баланстарының негiзiнде салық есептiлiгі бөлек-бөлек жасалады.
Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiшпен бiр уақытта өткiзу актiсiн, бөлу немесе тарату баланстарын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
Заңды тұлғаны бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырумен байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш бөлу балансын бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тапсырылады.
Осы тармақ қайта құру, сондай-ақ басқа заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.";
16) 81-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында "келiсiлген өтемдер" деген сөздер "өтем бағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 82-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "заңды тұлғаға" деген сөздерден кейiн "консорциумдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 91-баптың 1-тармағында:
6) тармақшада:
"мемлекеттiк кәсiпорынның" деген сөздердiң алдынан "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
"немесе" деген сөзден кейiн "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегi мәтiнiнде 7) тармақшадағы "инвестициялық табыстар" деген сөздерден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Қазақстан Республикасының мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға жiберiлген инвестициялық табыстар.";
19) 94-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "депозиттер" деген сөз "салымдар (депозиттер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сыйақы бойынша шегерiм:
есептi кезең үшiн салық төлеушi резидентке төлейтiн сыйақы сомасы қосу
меншiктi капиталдың орташа жылдық сомасының мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасына қатынасы, шектi коэффициент және есептi кезең үшiн салық төлеушi резидентке төлейтiн сыйақы сомалары ретiнде есептелетiн сома түрiнде есептелетiн сомалар шегiнде жүргiзiледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 2-тармағының мақсаттары үшiн:
1) меншiкті капиталдың орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының соңындағы меншiктi капитал сомаларының орташа арифметикалығына тең;
2) мiндеттемелердiң орташа жылдық сомасы есептi салық кезеңiнiң әрбiр айының ішінде олар бойынша сыйақы төленетiн мiндеттемелердiң ең жоғары сомасының орташа арифметикалығына тең;
3) қаржы ұйымдары үшiн шектi коэффициент 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшiн 4-ке тең.";
4-тармақ алынып тасталсын;
20) 95-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы бапта көзделген шегерiмге жатқызу тәртiбi осы Кодекстiң 85-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеу жағдайында да қолданылады.";
21) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шегерiмге салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын мөлшердегi:
1) уақытша еңбекке жарамсыздығына ақы төлеуге есептелген;
2) жүктілігі мен босануы бойынша демалысына ақы төлеуге есептелген;
3) өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты мертігуiне не денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге (бұрынғы қызметкерге) келтiрiлген зиянды өтеуге есептелген;
4) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдар бойынша есептелген шығыстары жатады.";
22) 110-баптың 1-тармағының кестесiнде "Тiркелген активтердiң атауы" деген бағандағы "кен байыту" деген сөздер "кен өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 110-бапта:
1-тармақтың кестесiнде:
"Амортизацияның шекті нормасы (%)" деген бағанда:
V тобында:
6-кішi тобындағы "20" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
19-кiшi тобындағы "8" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
VII тобында:
3-кiшi тобындағы "10" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
4-кiшi тобындағы "7" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;
VIII тобында:
1-кішi тобындағы "25" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
2-кiшi тобындағы "20" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
IX тобында:
1-кiшi тобындағы "8" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;
4-кiшi тобындағы "8" деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;
6-кiшi тобындағы "10" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
24) 111-баптың 2-тармағындағы "100" деген сан "300" деген санмен ауыстырылсын;
25) 113-бапта:
2, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әрбiр топ бойынша негiзгі құралдарды жөндеуге арналған нақты шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында топтың құндық балансынан белгiленген мынадай шекте шегерiледi:
___________________________________________________________________
Топ | | Шектi нормасы
N | Топтың атауы | (%)
___________________________________________________________________
І Үйлер, құрылыстар 15
ІІ Ғимараттар 15
III Табыстау құрылғылары 15
IV Күш машиналары мен жабдықтары 25
V Қызмет түрлерi бойынша жұмыс
машиналары мен жабдықтары (ұтқыр
көлiктен басқа) 25
VІ Басқа машиналар мен жабдықтар
ұтқыр көлiктен басқа 25
VII Ұтқыр көлік 25
VIII Компьютерлер, шеткерi құрылғылар
мен деректерi өңдеу жөнiндегi жабдықтар 20
IX Басқа топтарға енгiзiлмеген тiркелген
активтер 15
___________________________________________________________________
Көрсетiлген шектен асатын кеткен сома тиiстi кiшi топтың құндық балансын нақты шығыстарға тепе-тең арттырады.
4. Осы баптың 1-бабында көрсетiлген, жалдаушы жалға алынатын негізгi құралдарға қатысты жүргізген және жалдау шартына сәйкес жалға беруші өтемеген шығыстар осы бапта айқындалған тәртіппен шегерiмге жатқызылуға тиiс.";
мынадай мазмұндағы 5, 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетiлген шығыстар осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызылмаған жағдайда, мұндай шығыстар жалға алушыда тиісті жекелеген амортизациялық кiшi топтар құрады және осы Кoдекстiң 107-бабымен айқындалған тәртiппен жалдау шартының қолданылу мерзiмiнiң iшiнде амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Жалдау шартының қолданылу мерзiмi аяқталған соң жалға алушы тиiстi кiшi топтың құндық балансын шығарып тастайды.
6. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген негізгі құралдарды жөндеуге арналған нақты шығыстардың сомасы кiшi топтың тиiстi құндық балансын ұлғайтады.";
26) 120-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Жалпы белгiленген тәртіппен салық салуға жататын кiрiстердi алу кезiнде шегерiмдерге жатқызылуы тиiс коммерциялық емес ұйымдар шығыстарының сомасы шығыстардың жалпы сомасында коммерциялық емес ұйым кiрiстерiнiң жалпы сомасында осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген кiрiстердiң үлес салмағын ескере отырып, тепе-теңдiк әдіс бойынша анықталады.";
27) 122-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қызметінің айрықша түрi ауыл шаруашылығы саласында микрокредит беру болып табылатын микрокредиттiк ұйымдар салық салынатын кiрiстi қызметтiң осы түрiнен алынған кiрiстердiң сомасына азайтады.";
28) 126-бапта:
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiнде аванстық төлемдердiң орташа айлық есептелген сомаларынан төмен емес есептеп шығарады.
3. Өткен салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген нақты салық мiндеттемесi сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеуші өткен салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген нақты салық мiндеттемесi мөлшерiн ескере отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндетті.";
5-тармақтағы "eceпті жылдан кейiнгi жылдың" деген сөздер "eceптi салық кезеңiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларация тапсырғанға дейiн төленуге жататын аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есептемесiн беруге құқылы. Аванстық төлемдердiң сомаларын кемiту жағына түзеткен кезде салық органдарына жазбаша өтiнiш беру қажет.";
29) 127-баптың 1-тармағындағы "Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе," деген сөздер алынып тасталсын;
30) 128-бап алынып тасталсын;
31) 129-баптың 3-тармағында:
"ұсталған" деген сөзден кейiн "және (немесе) төленген" деген сөздермен толықтырылсын;
"резидент" деген сөз "резиденттерi болып табылатын заңды және жеке тұлғаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 130-бапта:
1-тармақтағы "табысының резидентке қатысты осы бөлiгі" деген сөздер "пайдасының резидентке қатысты бөлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Пайданың бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы резидентiнiң салық салынатын табысына қосылатын жеңiлдігі бар салық салу елiнде орналасқан және (немесе) тiркелген резидент емес заңды тұлға пайдасының жалпы сомасы резидент еместiң шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiмен расталуы тиiс.";
33) 131-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша "айқындалатын," деген сөзден кейiн ", осындай резидент еместердің тұрақты мекемесiне қатысы жоқ" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкiлетті органның лицензиясы негiзiнде заемдық операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (заемдар) бойынша сыйақыны және резидент банктер мен лизинг берушiлерге төленетiн сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетiн сыйақыдан басқа төленетiн сыйақы;";
1-1-тармақтың 2) тармақшасы "зейнетақы қорларына" деген сөздерден кейiн "және орналастырылған активтер бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы ", коммерциялық емес ұйымдарды және әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздер "әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды және депозиттер жөнiндегі сыйақылар бойынша коммерциялық емес ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 135-баптың 3-тармағында "сәйкес айқындалатын" деген сөздерден кейiн ", осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiне байланысы жоқ," деген сөздермен толықтырылсын;
35) 139-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"келiсiм-шартты жасасу сәтiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастан;";
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Корпоративтiк табыс салығы бойынша преференциялар салық төлеушiге жиынтық жылдық табыстан осы Кодекстiң 107-бабы 1-тармағының 1)-8) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын тiркелген активтердi қоспағанда, инвестициялық жобалар шеңберiнде пайдалануға берiлген тiркелген активтердiң құнын преференциялардың қолданылу мерзiмiне қарай теңдей үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық береді.";
36) 140-1-баптың 1-тармағындағы "осы Кодекстiң мақсаттары үшiн" деген сөздер "егер өзге де осы Кодексте көзделмесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) мынадай мазмұндағы 22-2-тараумен, 140-4, 140-5, 140-6-баптармен толықтырылсын:
"22-2 тарау. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын
шаруашылық субъектiлерiне салық салу"
"140-4-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай шарттарға бiр уақытта сәйкес келетiн ұйымдар жатады:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қызметтің басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызметтiң мынадай түрлерi бойынша құрылыс объектiлерiн сатуды қоса алғанда, өзi өндіретiн тауарларды сатудан алуға жататын (алынған) кiрiстердi құрайтын жиынтық жылдық кiрiстiң кемiнде 90 процентiн:
химия өнеркәсiбi;
резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару;
өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;
металлургия өнеркәсiбi;
дайын металл бұйымдарын шығару;
машиналар мен жабдықтар шығару;
2) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органында тiркеу есебiнде тұрады;
3) "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағынан тыс жерлерде орналасқан жерi бойынша заңды тұлға функцияларының бiр бөлiгiн орындайтын тұрақты жұмыс орындары жабдықталған құрылымдық бөлiмшелер мен кез келген аумақтық оқшауланған бөлiмшелерi болмайды. Егер жұмыс орны бiр айдан артық мерзiмге құрылса, ол тұрақты болып табылады.
2. "Ақтау, теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетiн тауарларды өндіретiн ұйымдар;
арнайы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметтiң түрлерiнен алынатын кiрiстерге алынған (алынуға жататын) кiрiстердi жатқызу уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша өнеркәсiптi және сәулеттi, қала құрылысын және құрылысты басқару саласында уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен және нысанда берiлген "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы атқарушы органның растауының негiзiнде жүзеге асырылады.
140-5-бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібi және мерзiмдерi
1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуi осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшелiктерi ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргiзiледі.
2. Бюджетке төленуге тиiстi корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген сомасы 100 процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасын кемiту осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
3. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан және осы Кодекстің 140-4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша:
1) жер салығын есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентi;
2) мүлiк салығын есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң жылдық орташа құнына 0 проценттiк ставка қолданылады.
140-6-бап. Салық кезеңi және салық есептiлiгі
Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық кезеңi, салық есептiлiгін беру тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.";
38) 144-бапта:
1-тармақта:
"еңбекақы төлеуге байланысты төлемдердi қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу (жоғалтқан жалақысы бөлiгiнде өтеуден басқа);";
6) тармақшада "iшкi iстер органдарының" деген сөздерден кейін ", қылмыстық-атқарушы жүйе органдары мен мекемелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
"26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;";
2-тармақ алынып тасталсын;
39) 147-баптың 2-1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен" деген сөздер "олардың орналасқан жері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 152-бапта:
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген мөлшердегi жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;
6) тиiсті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген 5 еселенген айлық есептiк көрсеткіш шегiнде өмiрi мен денсаулығын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жеке тұлға өзiнiң пайдасы үшiн енгiзетiн сақтандыру сыйақылары.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердің төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес айлық есептi көрсеткiштердiң мөлшерiнде шегерiмдер жүргiзiлмейдi.";
41) мынадай мазмұндағы 153-1-баппен толықтырылсын:
"153-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып
табылатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ
тұлғалар кiрiстерiнiң жекелеген түрлерiнен жеке
табыс салығын есептеудiң және төлеудiң тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16), 17) тармақшаларында көрсетiлген Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар кiрiстерiнен жеке табыс салығын есептеудi, төлеудi, сондай-ақ салық есептiлiгiн бepуді осы Кодекстiң 137-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттарды орындау кезiнде Осы Кодекстiң 152-бабында белгiленген салық шегерiмдерiн ескере отырып, осы Кодекстiң 187-1, 188-баптарына сәйкес салық агентi жүргiзедi.
2. Осы Кодекстiң 187-1-бабының 1-тармағында көзделген шарттар орындалмаған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жеке тұлғалар-резиденттер кiрiстерiнен жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес салық агентi жүргiзедi.
3. Осы баптың 1-тармағына қарамастан, салық агентi осы Кодекстiң 147 және 153-баптарына сәйкес жеке тұлғалар-резиденттер кiрiстерiнен жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi жүргiзуге құқылы.
4. Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртібi салық кезеңiнiң iшiнде өзгертілмеуi тиiс.";
42) 164-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) резидент болып табылатын әpi Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асырудан төлем көзiнде жеке табыс салығы салынбайтын кiрiс алатын шет мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық есептiлігін берудi осы Кодекстiң 126 және 127-баптарына сәйкес осы тармақтың 1) тармақшасымен айқындалған тұлға жүргізедi.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеудi және төлеудi, сондай-ақ салық есептiлiгін берудi осы Кодекстiң 191-192-баптарында белгiленген тәртіп пен мерзiмдерде салық кезеңi iшiнде осы тармақтың 2) тармақшасымен айқындалған тұлға жүргізедi.";
43) 169-баптағы "79-124" деген сандардан кейiн ", 130" деген санмен толықтырылсын;
44) 170-бапта "оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден алынған табыстар" деген сөздер "сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегi кездерден алынған табыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 171-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) осы Кодекстiң 144-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетiлген кiрiстерi олар үшiн белгiленген салық салынбайтын шектен асқан жеке тұлғалар.";
46) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"173-бап. Шет ел салығын есепке алу
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстiң 129-бабының 2 және 3-тармақтарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынады.
Салықтың есепке алынатын сомасының мөлшерi осы Кодексте белгiленген жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып осы кiрiстен Қазақстан Республикасында есептелетiн салық сомасынан аспауы тиiс.";
47) 177-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) "уәкiлеттi тұлға арқылы Қазақстан Республикасында сақтандыру немесе қайта сақтандыру тәуекелiн жүзеге асырса;";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасының аумағындағы өзге де заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтi жүзеге асыратын резидент емеске жұмыс iстеуi үшiн шетелдiк персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсететiн резидент емес мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеменi құра алмайды:
егер мұндай персонал тек оған берiлген заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiнде әрекет етсе;
шетелдік персоналды ұсыну бойынша қызмет көрсететiн резидент емес Қазақстан Республикасында орындалатын осындай персоналдың жұмыс нәтижелерiне жауап бермейдi;
персоналды ұсыну бойынша қызмет көрсетуден алынатын резидент еместiң кiрiсi оған берiлген заңды тұлғаның атынан және оның мүддесiнде өз мiндеттерiн шетелдiк персоналдың орындау уақытын ескере отырып анықталады және осындай персоналды беру бойынша резидент eмec шығындарының жалпы сомасының 10 проценттен аспауы тиiс.";
48) 178-бапта:
2) тармақшада "маркетингтік" деген сөз алынып тасталсын;
3) тармақшадағы үшiншi абзац "резидент-заңды тұлғаға" деген сөздерден кейiн ", консорциумға" деген сөзбен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) тұлғаларға резидент заңды тұлғаға қатысты жүктелген басқару мiндеттерiн орындаумен байланысты басшылардың қаламақылары және (немесе) жоғары басқару органының (директорлар кеңесiнiң, басқарманың немесе өзге де сол сияқты органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте осындай тұлғалардың басқару мiндеттемелерiн нақты орындаған жердiң мәнi жоқ;";
49) 179-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету резидент емес қарыз алушының борышын талап етуiн есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсiнiледі.";
3-тармақта:
2) тармақша "жүзеге асыруға" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуды жүзеге асыруға;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Осы кодекстiң 198-бабына сәйкес резидент еместердiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары жатпайды.";
50) 183-баптың 1-тармағы "мемлекеттiк бағалы қағаздарды" деген сөздерден кейiн "және агенттiк облигацияларды" деген сөздермен толықтырылсын";
51) 186-бапта:
бiрiншi бөлiгi "20 проценттiк ставка бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Салық органында резидент емес заңды тұлғаның тiркелуiн растау Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды расталған көшiрмесi болып табылады.";
52) мынадай мазмұндағы 187-1-баппен толықтырылсын:
"187-1-бап. Қазақстан Республикасында Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерде төленетiн
көздерден резидент емес жеке тұлғалар
кiрiстерiнiң жекелеген түрлерiнен жеке табыс
салығын есептеу және төлеу тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16), 17) тармақшаларында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар кiрiстерiнен жеке табыс салығын есептеу және төлеу мынадай шарттарды бiр мезгілде орындаған кезде осы баптың ережелерiне сәйкес жүргiзiледі:
1) жұмыс беруші тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға болып табылады, ол осы Кодекстiң 10-бабына сәйкес салық агентi болып табылады;
2) жеке еңбек шарты (келiсiм-шарт, келiсiм) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлға және салық агентi арасында жасалды;
3) резидент емес жеке тұлғаға кiрiстердi төлеу Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүргiзiледі.
2. Резидент емес жеке тұлғаның кiрiстерiнен жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдана отырып, салық шегерiмдерiн есепке алмай жеке еңбек шартында (келiсiм-шартта, келiсiмдерде) көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаның кiрiс сомасынан бiрiншi салық кезеңi үшiн салық агентi жүргiзедi.
Алдағы салық кезеңдерiне жеке табыс салығын ағымдағы салық кезеңi үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып, өткен салық кезеңiне шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен жеке табыс салығы есебiнде көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаның нақты салық мiндеттемесi сомасын негiзге ала отырып нәтижесiнде салық агентi есептейдi.
3. Жеке табыс салығын төлеудi ағымдағы айдың 20 күнiнен кешiктiрмей ай сайын салық кезеңiнiң ішінде аванстық төлемдерді тең үлестермен енгiзу арқылы салық агентi жүргізеді.
Салық кезеңiнiң iшiнде салық агентi төлеуге тиiсті жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығы жөнiндегі аванстық төлемдер сомасының есебiнде көрсетiледi.
Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығы жөнiндегi аванстық төлемдер сомасының есебiн осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына салық агентi бередi.
4. Салық кезеңiнiң ішінде енгiзiлген резидент емес жеке тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары салық кезеңi үшiн есептелген резидент емес жеке тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығының төлеу шотына есептеледi.
5. Салық агентi салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығының есебiн тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша резидент емес жеке тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығының түпкiлiктi eceбiн (төлеудi) жүзеге асырады.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығының есебiн осы Кодекстiң 188-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына салық агентi бередi.
6. Салық агентi салық кезеңiнiң алдағы айларына Шетелдік азаматтар мeн азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығы жөнiндегi аванстық төлемдердiң түзетiлген есебiн салық органына салық кезеңiнiң iшiнде беруге құқылы. Резидент емес жеке тұлғаның кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзету кезiнде салық агентi салық органына жазбаша өтiнiш беру қажет.
7. Осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған кезде резидент емес жеке тұлғаның кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес салық агентi жүргізеді.
8. Осы баптың 1-тармағына қарамастан салық агентi осы Кодекстiң 187-бабына сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеудi жүргізуге құқылы.
9. Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудiң таңдап алынған тәртібi салық кезеңiнiң iшiнде өзгертілмеуi тиiс.";
53) 188-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын салық агенттерi өздерi тiркелген жерi бойынша салық органдарына олардың Қазақстан Республикасына келуi күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күннен кешiктiрмей және келесi салық кезеңдерiне күнтiзбелiк жылдың 20 қаңтарынан кешiктiрмей Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығы жөнiндегi аванстық төлемдер сомасының есебiн беруге мiндеттi.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша Шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кiрiстерiнен алынатын жеке табыс салығының есебiн осы Кодекстiң 187-1-бабына сәйкес өзi тiркелген жерi бойынша салық органына салық агентi есептi салық кезеңiнен кейiнгi келесi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей береді.";
54) 190-бапта:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бапқа сәйкес резидент емес жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстарының мынадай түрлерi:
Осы Кодекстiң 191-бабына сәйкес салық салынуға жататын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 10-бабына сәйкес салық агенттерi болып табылмайтын тұлғалардан алынған табыстар;
қор биржасында сатылатын күнi "А" және "В" ресми тiзiмдерiндегi акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды қоспағанда, резидент еместер шығарған бағалы қағаздарды сату кезiндегi құн өсiмiнен түскен кiрiстердi салық салынуға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалардың кiрiстерi осы Кодекстiң 180-бабымен белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдердi жүзеге асырусыз салық салынуға жатады.";
55) 191-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "Осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақтағы "14)-17)" деген сандар "14), 16), 17)" деген сандармен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiлеген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледі.";
56) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодекстің 191-бабында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 527-бабымен белгiленген тiркелу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей және келесi жылдары күнтiзбелiк жылдың 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметiн жүзеге асыру кезеңiндегi жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы мәлiмдеменi тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
2. Мынадай:
1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;
2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағымен белгiленген табыстар алатын;
3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден 500 айлық есептiк көрсеткiштен астам кірiс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 172-бабымен белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей тiркелген жерi бойынша салық органдарына жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.";
57) 198-бапта:
баптың атауы "салығын" деген сөзден кейiн "Шартты банк салымдары арқылы" деген сөздермен толықтырылсын";
7-тармақта "орындау кезiнде" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасында жұмыстардың (көрсетiлген қызметтер) орындалуына қарай және" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ "Салық органы" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмнен кешіктiрмей" деген сөздермен толықтырылсын";
10-тармақта "күннен бастап" деген сөздерден кейiн "не белгiленген мерзiм өтiсiмен салық органы шешiмiнiң болмауын" деген сөздермен толықтырылсын;
58) мынадай мазмұндағы 198-1-баппен толықтырылсын:
"198-1-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы
көздерден алған табыстарынан төленген табыс
салығын мемлекеттiк бюджеттен қайтару тәртiбi
1. Тиiстi халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттiк бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместiң осы Кодекстiң 38-бабында белгiленген талап қоюдың ескiрмеген мерзiмi iшiнде мемлекеттік бюджеттен төленген табыс салығын қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте резидент емес салық агентiн тiркелген жерi бойынша салық органына халықаралық шартты қолдануға өтініш береді.
2. Салық органы мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмнен кешiктiрмей өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген ақпарат шынайы болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабымен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз жағдайда салық органы резидент емеске негiзделген бас тартуды жiбереді.
4. Салық органының бас тартуды келiспеген жағдайда резидент еместiң мұндай, шешім алынған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде не белгіленген мерзiм өткеннен кейiн бойынша салық органының шешiмi болмаған жағдайда уәкiлетті мемлекеттік органға (қажет болған жағдайда резиденттік елiнiң құзыреттi органын тартып) халықаралық шарттардың ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар.";
59) 200-баптың атауы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"200-бап. Халықаралық шартты резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кiрiстерiнiң жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты қолдану тәртібі
1. Салық агентi кiрiстердi резидент емеске төлеу сәтiнде резидент емес ұсынған резиденттікті растаушы құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға резидент еместiң өтiнiш беруiнсiз, егер осындай резидент емес кiрiстердi соңғы алушы болып табылса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар болса, халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
Осы бапта белгiленген халықаралық шарттарды қолдану тәртібi резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстерiнiң мынадай түрлерiне:
1) дивидендтерге;
2) сыйақыларға (проценттерге);
3) роялтиге;
4) сенiмгерлiк басқару мен кастодиалдық қызмет көрсету үшiн комиссияларға;
5) осы Кодекстiң 178-бабының 2) тармақшасында көрсетiлген, ол бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасының аумағында осы резидент емес орындайтын келiсiм-шарттармен (жобалармен) байланысты емес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде айрықша қызмет көрсетуден алынатын кiрiстерге;
6) осы Кодексте халықаралық шарттарды қолдану жөнiндегi әкiмшiлiк рәсiмдер белгіленбеген халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған өзге де кiрiстерге салық салуға қатысты қолданылады.";
60) 201-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
кiрiстерiне салық салуға қатысты қолдану тәртібi
1. Салық агентi Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстердi резидент емес жеке тұлғаға төлеу сәтiнде, егер мұндай резидент емес жеке тұлға кiрiстердің түпкiлiктi алушысы болып табылса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы болса, резиденттiктi растайтын құжаттың негізiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға резидент емес жеке тұлғаның өтiнiш беруiнсiз тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар.
Салық агентi салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы жөнiндегі есепте халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) және салық төлеуден босатылған кiрiстердiң сомаларын, табыс салығының ставкаларын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндетті.
Мемлекеттiк бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған халықаралық шарттың ережелерiн заңсыз қолданған кезде салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
2. Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер алатын, төлем көзiнен салық салынбайтын резидент емес жеке тұлға осы шарттың талаптарын орындау кезiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
Бұл ретте резидент емес жеке тұлға осы Koдекстiң 527-бабында белгiленген тiркеу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тiркеу орны бойынша салық органына не осы Кодекстiң 172-бабында белгiленген жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру мерзiмiнен кешiктiрмей халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуға жататын, осы Кодекстің 190-бабында көрсетiлген кірiстерді алған жағдайда резиденттiктi растайтын құжатты беруге мiндеттi.
Резидент емес жеке тұлға резиденттiктi растайтын құжатты бермеген кезде осы тармақта көрсетiлген мерзiмнiң iшiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған резидент емес жеке тұлғаның кiрiстерi осы Кодексте белгiленген тәртіппен салық салуға жатады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасында тиiстi халықаралық шартты қолдануға құқығы бар көздерден резидент емес жеке тұлға алған кірiстерден мемлекеттiк бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент емес осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен төленген табыс салығын қайтаруға құқығы бар.";
61) 202-бап алынып тасталсын;
62) 209-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгi "есепке қою туралы куәлiгi" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
63) 210-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда берiлсiн:
"Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы Кодексте оларды беру мерзiмдерi белгiленгеннен кейiн алты айлық кезеңнiң iшiнде салық есептiлiгiн бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен салық органы жүргiзеді.";
64) 220-бап "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "импортқа" деген сөзбен толықтырылсын;
65) 223-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның бiрiншi бөлiгi "органының белгiсi соғылған" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгісі соғылған" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшаның үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда берiлсiн:
"3) тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы баршылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның, магнит жеткізгiште тауардың және оның авторлығына құқықтардың болуы, сондай-ақ зияткерлiк меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құнын растау тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.";
66) 225-бапта:
2) тармақшада "акциздiк алым маркалары" деген сөздер "акциздiк маркалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 14) тармақшадағы "айналымдар"
деген сөзден кейiн мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) ұлттық валюта";
67) 227-баптың 2-тармағында:
5) тармақша "зейнетақы активтерiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорларының активтерiн";
68) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгілi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.
Босату мыналардың:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға;
жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бұруларда) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бұруларда) бірлескен барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге арналған келiсiм-шарттың;
мемлекеттiк геологиялық жер қойнауын зерделеудi жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың шеңберiнде салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердiгер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты қолданылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-іздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгі болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның epeкшеліктерін, ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді, геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі талаптарды ecкepe отырып, әрбiр геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектiге жобалау-сметалық құжаттамада анықталады.";
69) 235-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында "ic-жүзiнде енгiзiлген" деген сөздер "төленген" деген сөзбен ауыстырылсын;
70) 236-баптың 4) тармақшасындағы "тауарлармен" деген сөз "тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi) және" деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 241-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қаржылық лизингке мүлiктi берген кезде есепке жатқызудың тепе-тең әдiсiн пайдаланатын лизинг беруші қаржылық лизингке мүлiктi берумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын eceпкe алу бойынша бөлек есептеу әдісiн қолдануға құқығы бap.";
72) 249-бапта:
4-тармақтың екiншi бөлiгiнде "қуаттарын" деген сөз "үй жайларын" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "тауарларға" деген сөзден кейiн "(жұмыстарға, қызмет көрсетуге)" деген сөздермен толықтырылсын;
73) 251-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "тоқсан iшiнде" деген сөздер "әpбіp үш айы үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 252-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "(жұмыстар, қызмет көрсетулер)" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "басқа салықтар" деген сөздер "аталған және басқа да салықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бacқa" деген сөз алынып тасталсын;
75) 257-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын;
76) 259-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында "акциз алымы маркаларының" деген сөздер "акциздік маркалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 260-баптың 6-тармағында "акциз алымы маркалары" деген сөздер "акциздік маркалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
78) 264-бапта "акциз алымы маркалары", "акциз алымының (бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) маркалары", "акциз алымының бүлiнген немесе жоғалған маркалары" деген сөздер тиiсiнше "акциздiк маркалар", "бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) акциздiк маркалар", "бүлiнген немесе жоғалған акциздік маркалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 277-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "акциздiк алымы маркаларын" деген сөздер "акциздiк маркаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 279-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"279-бап. Осы бөлiм реттейтiн қатынастар
1. Осы бөлiм мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөнiндегi қызметке салық салудың ерекшелiктерiн реттейдi және жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдерiн:
1) үстеме пайда салығын;
2) экспортталатын шикi мұнайға ренталық салықты;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
б) роялтидi;
в) өнiмді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн есептеу мен төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
Осы Кодекстің мақсатында "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу жөнiндегі қызмет осы Кодексте белгiленген тәртіппен салық салынуға жатады.";
81) 280-бап алынып тасталсын;
82) 282-бапта:
атауы және 1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"282-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөнiндегi қызметке салық салу";
1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мiндеттемелердi есептеу оларды төлеу жөнiндегi мiндеттемелер пайда болу сәтiнде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледі.
2. Мiндетті салық сараптамасын өткен жер Қазақстан Республикасының Yкiметі немесе Құзыреттi орган және отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының белгiленген бүкiл мерзiмi iшiнде сақталады және қолданылады.
3. Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетiлген екiншi модель бойынша салық салу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiппен бекiтiлген өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта ғана айқындалады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартпен белгiленген салық салу шарттары келiсiм-шартқа қол қою (бекiту) күнiне әрекет ететiн жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да, мiндеттi төлемдердi төлеуiн реттейтiн салық заңнамасының ережесiмен сәйкес болуы тиiс.
Салық сараптамасын жүргiзген күннен және өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартқа қол қойған күннен басталған кезеңде салық заңдары өзгерген кезде салық режимi қайтадан жүргiзiлген сараптамамен сол өзгерiстермен сәйкес келтiрiлуi тиiс.
4. Өнiмдi бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану бiрнеше салық төлеушiлермен жүзеге асырылатын жағдайда келiсiм-шартта белгiленген салық режимi, олардың барлығы үшiн ортақ болып табылады.
Бұл ретте:
1) по деятельности, осуществляемой в рамках такого контракта, налогоплательщики в целях налогообложения обязаны вести единый консолидированный учет и выплачивать все налоги и платежи, установленные контрактом;
РҚАО-ның ескертуі: 1)-тармақшаның мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан мәтін орыс тілінде беріліп отыр.
2) келiсім-шартпен белгiленген салықтар бойынша бiр келiсім-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар-бейрезиденттер осы Кодекстiң 184-186-баптарына сәйкес салық салуға жатады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы келiсім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерi есептеу және осы келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есеп жүргізуге мiндеттi.
Осы ереже кеңiнен тараған пайдалы қазбалар мен (немесе) жерасты суларын өндiру жөнiндегi келiсiм шарттарға таратылмайды.";
83) 283-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай" деген сөздер алынып тасталсын;
1) тармақшада:
"барлық түрлерiн" деген сөздер алынып тасталсын;
"бiрiншi" деген сөздiң алдынан "өнiмдi бөлу жөнiндегі Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
"басқа:" деген сөзден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"экспортталатын шикi мұнайға ренталық салық;";
екiншi абзац "мен басқа да пайдалы қазбаларға" деген сөздер "газ конденсатын қоса" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3, 4-тармақтары алынып тасталсын;
84) 285-бапта:
бас тақырыпта "кезде" деген сөзден кейiн "өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацта "Жер қойнауын пайдаланушыларға жасалған" деген сөздер "Өнiмдi бөлу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта "Жер қойнауын пайдаланушыларға жасалған" деген сөздер "Өнiмдi бөлу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "Келiсiм-шартта" деген сөздер "Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта" деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 286-бапта:
1-тармақта:
"жасаған" деген сөзден кейiн "өнiмдi бөлу туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
"салық режимiн" деген сөздер "салық салу шартын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"салық салу режимi" деген сөздер "салық салу шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"режимi" деген сөзден кейiн "өнiмдi бөлу туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
86) 287-бапта:
1-тармақтағы "жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгіленген мөлшерлерде және тәртiппен ақшалай нысанда төленедi" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгі алынып тасталсын;
87) 288-бапта:
1-тармақтағы "және келiсiм-шарт жасалған кезде белгіленедi" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткiзiлген Инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелерi бойынша Конкурстық комиссиясы белгілейдi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.";
88) 289-бапта:
"төленуге тиiс" деген сөздер "төленедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"келiсiм-шартта белгіленген мерзiмде, бiрақ" деген сөздер алынып тасталсын;
89) 291-бапта:
баптың атауындағы "белгілеу" деген сөз "төлеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "белгіленедi" деген сөз "төленедi" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "белгіленбейдi" деген сөз "төленбейдi" деген сөзбен ауыстырылсын;
90) 292-бапта:
2-тармақтағы "биржалық бағасын негізге ала отырып белгiленеді" деген сөздер "Халықаралық (Лондон) биржасында белгіленген биржалық баға бойынша есептеледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Коммерциялық табу бонусы есептеу базасының, 0,1 процентi ставка бойынша төленедi.";
91) 293-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"293-бап. Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн мемлекеттiк орган уәкiлеттiк берген пайдалы қазбалардың қорларын бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктірмей төленеді.";
92) 295-бапта:
1-тармақтағы "өндiрiлетiн" деген сөзден кейiн "және (немесе) өтелетiн қорлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi.";
3-тармақтағы "Келiсiм-шарт бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
93) 297-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"297-бап. Роялти төлеу тәртiбi
1. Роялти мөлшерi салық салу объектісi, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып белгiленедi.
2. Өндiрiлiп алынған пайдалы қазбалардың және (немесе) өтелетiн қорлардың көлемi нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнiң көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Бiрiншi тауар өнiмi:
1) пайдалы қазбалардың өзi:
мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
көмiр және жанғыш тақтатастар;
тауарлы рудалар;
жерасты сулары, оның iшiнде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
слюда, әктас, құрылыс материалдарын өндiруге арналған шикiзат;
металлургияға арналған руда емес шикiзат;
2) бағалы металдар, құмдағы, рудадағы, концентраттағы бағалы металдар;
3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивтi металдардың, кен-химия шикiзатының концентраттары;
4) асыл тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикiзат;
5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикiзат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 299-бабына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти төленедi:
1) мұнай бойынша - қызметтiң әрбiр күнтiзбелiк жылы үшiн мұнайдың жинақталған табысының көлемiне байланысты анықталған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай ставкалар бойынша:
2000 мың тоннаға дейiн - 2 процент
2000-нан 3000 мың тоннаға дейiн - 3 процент
3000-нан 4000 мың тоннаға дейiн - 4 процент
4000-нан 5000 мың тоннаға дейiн 5 процент
5000 мың тоннадан жоғары - 6 процент
Егер сұйық көмiрсутектермен бiрлесiп газ тәрiздес көмiрсутектердiң бетiне түсiру көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер қатынас арқылы шикi мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi шикi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келеді.
2) алтынды, күмiстi, платинаны, басқа да құнды металдар мен құнды тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Yкіметi анықтайтын ставкалар бойынша.
5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялти ставкасы осы Кодекстiң 300-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша төленедi.";
94) 298-бап алынып тасталсын;
95) 299-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"299-бап. Пайдалы қазбалардың құнын белгiлеу тәртiбi
1. Роялтидi есептеу мақсатында салық кезеңiнде өндiрген мұнай және жерасты су, сондай-ақ өтелген қорлардың құны, алтынды, күмiстi және платинаны қоспағанда, өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнiң салық кезеңiндегі орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алына отырып, жанама салық пен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен нақты шығындар сомасы есепке алынбай белгiленедi.
2. Алтынның, күмiстiң және платинаның өтелген қорларының құны Халықаралық (Лондон) металдар биржасында салық кезеңi iшiнде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып анықталады.
3. Бастапқы тауар өнiмiн сату болмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және жалпыға танымал пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнай мен жер асты суларының, сондай-ақ пайдалы қазбалардың өтелген қорларының құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңiнiң бастапқы тауар өнiмiнiң орташа өлшенген бағасы негізге алына отырып анықталады.
4. Бастапқы тауар өнiмiн сату толықтай болмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және жалпыға танымал пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнай мен жер асты суларының, сондай-ақ пайдалы қазбалардың өтелген қорларының құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетiлген пайдалы қазбалардың өтелген қорларына салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негізге алына отырып анықталады.
Келесi сату жағдайларында жер қойнауын пайдаланушы бастапқы тауар өнiмiнiң iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, бастапқы сату орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларын түзетудi жүргiзуге мiндеттi.
5. Жалпыға танымал пайдалы қазбалардан алынған бастапқы тауар өнiмiн сату болмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттiктерi үшiн пайдаланған жағдайда, жалпыға танымал пайдалы қазбалардың өтелген қорларының құны салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан жер қойнауын пайдаланушының рентабельдiк нормасына көбейтiлген өтелген қорлар мен бастапқы өңдеуге арналған нақты қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып анықталады.
Газ тәрiздес көмiрсутектерiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнiң құны Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тәртiппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiк нормаға көбейтiлген, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуге арналған нақты қалыптасқан шығындар негізге алына отырып анықталады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша рояльти ставкаларын анықтау үшiн осы Кодекстiң 297-бабында анықталған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.
Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердiң және (немесе) қызметтердiң негiзгi құрауышы түрiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiк нормаға көбейтiлген, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге арналған нақты қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып анықталады.";
96) 300-баптың 1-тармағында мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "барлық", "үшiн" деген сөздер алынып тасталсын, "белгiленеді" деген сөз "төлейді" деген сөзбен ауыстырылсын;
97) 303-бап алынып тасталсын;
98) мынадай мазмұндағы 47-1-тараумен, 304-1, 304-2, 304-3, 304-4, 304-5, 304-6, 304-7-баптармен толықтырылсын:
"47-1-тарау. Экспортталатын шикi мұнайға салынатын ренталық салық
304-1-бап. Төлеушiлер
Экспортталатын шикi мұнайға салынатын ренталық салықтың төлеушiлерi экспортқа шикi мұнайды, өнiмін бөлу туралы келiсiм-шартта бекiтiлген жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, өткiзетiн заңды және жеке адамдар болып табылады.
304-2-бап. Салық салу объектiсi
Экспортталатын шикi мұнайға ренталық салық салу объектiсi экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың көлемi болып табылады.
304-3-бап. Есептеу тәртiбi
1. Экспортталатын шикi мұнайға ренталық салық салу базасы шикi мұнайды өткізу және сапалы сипаттамасы жөнiндегi шығыстарды шегергендегі экспортқа iс жүзiнде өткiзiлетiн шикi мұнай көлемi мен нарықтық бағасы негiзге алына отырып, экспортталатын мұнайдың құны болып табылады.
2. Сатылатын шикi мұнайдың нарықтық бағасы есептi кезеңде (күн сайын) халықаралық шикі мұнай сауда-саттығында сатылатын, мұнайдың неғұрлым ұқсас сортын iрiктеуге қатысты нарықтағы сату бағасынан басым орташа өлшемдi баға ретiнде қалыптасады.
3. Шикi мұнай сапасына шегерiм, егер жер қойнауын пайдаланушының шикi мұнайы сапасының көрсеткiштерi шикi мұнайдың сапасына шегерiм магистральды құбыр арқылы тасымалданатын шикi мұнай қоспаларының көрсеткiштерiнен төмен болған жағдайда берiледi. Шикi мұнай сапасына үстеме баға, егер жер қойнауын пайдаланушының шикi мұнайы сапасының көрсеткiштерi магистральды құбыр арқылы тасымалданатын шикi мұнай қоспаларының көрсеткiштерiнен жоғары болса берiледi.
4. Шикi мұнай сорттарының ұқсас себетi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен белгiленедi.
Шикi мұнай құнын белгiлеудiң құн сайынғы орташа бағасы биржаны ашу және жабу кезiнде бағалардың арасындағы құн ретiнде анықталады.
304-4-бап. Экспортталатын шикi мұнай үшiн ренталық салық ставкалары
Экспортталатын шикi мұнай үшiн ренталық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
___________________________________________________________________
Биржалық баға деңгейiндегi |
нарықтық баға | Ставкасы
___________________________________________________________________
баррель үшiн 19 доллар 1 процент
баррель үшін 20 доллар 4 процент
баррель үшін 21 доллар 7 процент
баррель үшін 22 доллар 10 процент
баррель үшiн 23 доллар 12 процент
баррель үшін 24 доллар 14 процент
баррель үшiн 25 доллар 16 процент
баррель үшiн 26 доллар 17 процент
баррель үшін 27 доллар 19 процент
баррель үшін 28 доллар 21 процент
баррель үшін 29 доллар 22 процент
баррель үшін 30 доллар 23 процент
баррель үшін 31 доллар 25 процент
баррель үшiн 32-33 доллар 26 процент
баррель үшін 34-35 доллар 28 процент
баррель үшiн 36 доллар 29 процент
баррель үшiн 37 доллар 30 процент
баррель үшiн 38-39 доллар 31 процент
баррель үшiн 40 доллар және 33 процент
одан жоғары
___________________________________________________________________
304-5-бап. Салық кезеңi
Экспортталатын шикi мұнайға ренталық салық төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
304-6-бап. Төлеу мерзiмдерi
Жер қойнауын пайдаланушы бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
304-7-бап. Салық декларациясы
Экспортталатын шикi мұнайға салынатын ренталық салық бойынша декларация салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ы күнiнен кешiктiрмей тiркеу орны бойынша салық органына берiледі.";
99) 305-баптағы "және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiруге" деген сөздер "және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiруге, сондай-ақ барлау мен өндiруге байланысты eмec жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 306-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"306-бап. Салық салу объектiсi
Жерқойнауын пайдаланушының таза табысы бөлiгi болып салық салу объектiнiң үстеме пайдасы табылады.";
101) мынадай мазмұндағы 306-1-баппен толықтырылсын:
"306-1-бап. Салық базасы
Салық базасы салық кезеңiнiң аяғында осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын жер қойнауын пайдаланушының таза кiрiсiнiң бөлiгi болып табылады.
Үстеме пайдаға салынатын салық сомасы Қазақстан кадрларын оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) бекiтiлген активтер өсiмiнiң, бiрақ салық салынатын соманың 10 процентiнен аспайтын сомасына түзетiледі.";
102) 307, 308-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"307-бап. Есептеу тәртiбi
Салық кезеңi iшiнде үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес анықталатын түзетулер ескерiле отырып, салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставкаларды қолдану жолымен жүргiзiледі.
308-бап. Үстеме пайда салынатын салық ставкасы
Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары салық төлеушiнiң шегерiмге таза кiрiсi қатынасының 20 процентiнен асатын мөлшерде процентiнен мынадай мөлшерде белгiленеді:
__________________________________________________
Шегерiмге таза кiрiс қатынасының | Ставкасы
20 процентiнен асатын мөлшерi |
__________________________________________________
5 процентке дейiн 15 процент
5 проценттен 15 процентке
дейiн 30 процент
15 проценттен 30 процентке
дейiн 45 процент
30 процент және одан жоғары 60 процент
__________________________________________________
";
103) 49-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"49-тарау. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi";
104) 312-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"312-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметке салық салу ерекшелiктерi:
1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт оған сәйкес Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде белгiлi бiр мерзiмге келiсiм-шарттық негiзде мұнай операциялары мен оның есебiнен онымен байланысты жұмыс жүргізудi қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнінде операциялар жүргізу құқығын беретiн шарт болып табылады.
2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт мынадай негiзгi жағдайларды қамтуы тиiс:
1) өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемiн, өткен өлшем бөлiгi мен оның құнын анықтау;
2) келiсiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне берiлетін роялтидi төлегеннен кейiн өндiрiлген өнiм бөлiгiн анықтау (өтемдiк өнiм);
3) роялти мен өтемдiк өнiм шегерiлiп тастағаннан кейiн бөлуге жататын өндiрiлген өнiм бөлігін анықтау (пайдалы өнiм);
4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы бөлiм (процент) үлесi;
5) пайдалы өнiмде Қазақстан Республикасының үлесiн анықтау тәртiбi.";
105) мынадай мазмұндағы 312-1-баппен толықтырылсын:
"312-1-бап. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының
үлесiн анықтау
1. Өнiм бөлiмi бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жер қойнауын пайдаланушының үлесiн пайдалы өнiмнен алып тастағандағы Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлiске түсетiн пайдалы өнiмнiң жиынтық құны ретiнде айқындалады.
2. Пайдалы өнiмдегi жер қойнауын пайдаланушының үлесi төмендегі үш триггерге сәйкес проценттік маңызының ең азы ретiнде айқындалады:
1) R-фактор (кiрiс көрсеткiшi) - жер қойнауын пайдаланушының жинақталған кiрiсiнiң жоба бойынша жинақталған шығысына қатысы;
2) мердiгер рентабельдiлiгiнiң iшкi нормасы (РIН) - шынайы таза дисконтты кiрiс өзiнiң нөлдік белгiсiне жететiн дисконттау ставкасы;
3) P-фактор (баға коэффицентi) - жер қойнауын пайдаланушы кiрiсiнiң есептiк кезеңiндегi өндiру көлемiне қатысы.
Жоғарыда көрсетiлген триггерлер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген әдiстемеге сай айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға беруге жататын пайдалы өнiмнiң үлесiндегi проценттiк мәнiн айқындау үшiн әр триггерден алынған нәтиже осы бапта көрсетiлген төменгi мәндермен салыстырылады.
3. Есептiк кезеңiндегі R n -фактордың мәнi жер қойнауын пайдаланушының жинақталған кiрiсiнiң жоба бойынша жинақталған шығыстарына қатысы ретiнде айқындалады.
Жоба бойынша жинақталған кiрiс өтемдiк өнiмнiң шынайы жиынтық құны мен бюджетке төленген шынайы жиынтық табыс салығын алып тастағандағы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмдегі шынайы жиынтық үлесiнiң сомасы ретiнде есептеледi.
Жоба бойынша жинақталған шығыстар шынайы жиынтық өтелетiн пайдалану шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын шынайы жиынтық өтелетiн шығыстардың және жер қойнауын пайдаланушының өзге де шынайы жиынтық өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледi.
Пайдалы өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесiн айқындау үшiн қажет төменгi мәндер:
____________________________________________________________
N | R-фактордың мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының
| | пайдалы өнiмдегi үлесiнiң
| | проценттiк мәнi
____________________________________________________________
1 Аз немесе тең - 1,2 70%
2 Көп немесе тең - 1,5 10%
____________________________________________________________
R-фактордың алынған мәнi 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болса, жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмдегi үлесi мынадай формула бойынша есептеледі:
Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмдегі үлесi = (70% - 2,17* (Х - 1,2)), бұнда Х - жобаның iске асырылуы кезеңiндегі R-фактордың iс жүзiнде алынған мәнi.
4. Рентабельдiліктiң iшкi нормасы (РІН) жерқойнауын пайдаланушының өнiмді бөлiсу жөнiндегi келiсiм-шарт күшiне енген сәттен бастап және осындай есептiк кезеңді қосқандағы жер қойнауын пайдаланушының әр есептiк кезеңiндегі шынайы таза қолма-қол ақша ағымының мәнi бойынша есептелген таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде (процентпен) айқындалады.
Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
Таза ағымдағы құн = ДТАА о + ДТАА 1 /(1+ДС 1 ) 1 + ДТАА 2 /(1+ДС 2 ) 2 +...+ ДТАА n /(1+ДС n ) n
ДТАА n - есептiк кезеңдегi қолма-қол ақшаның шынайы таза ағымы;
ДC n - есептiк кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетiледi);
n - есептік кезең.
Есептiк кезеңдегi шынайы таза қолма-қол ақша ағымы мынадай формула бойында айқындалады:
ДТАА n = (ДӨӨҚ n + ДПӨYҚ n ) - (ДӨШҚ n + ДББӨШ n + ДИӨШ n + ДСҚ n +
ДКТБ n +ДЖБ n )
ДӨӨҚ n - жер қойнауын пайдаланушының есептiк кезеңiнде алған өтемдi өнімнің шынайы құны;
ДПӨҮҚ n - жер қойнауын пайдаланушының есептiк кезеңiнде алған пайдалы өнiм үлесiнiң шынайы құны;
ДӨШҚ n - есептiк кезеңде төленген өтелетiн пайдалану шығыстарының шынайы құны;
ДББӨШ n - есептік кезеңде төленген барлауға және бағалауға жұмсалатын өтелетiн шығыстардың шынайы құны;
ДИӨШ n - есептiк кезеңде төленген игеруге жұмсалатын өтелетiн шығыстардың шынайы құны;
ДСҚ n - пайдалы өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн алып тастағандағы есептiк кезеңде төленген салықтардың шынайы құны;
ДКТБ n - осындай есептiк кезеңде әр жағдайда төленген коммерциялық табулар бонусының шынайы құны;
ДЖБ n - аталған участкенi игеруге жатқызылған және есептiк кезеңде төленген жазылыс бонусы бөлшегiнiң шынайы құны.
Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажет төменгi мәндер:
_________________________________________________________
N | РIН мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының
| | пайдалы өнiмдегi үлесiнiң
| | проценттiк мәнi
_________________________________________________________
1 Аз немесе тең - 12% 70%
2 Көп немесе тең - 20% 10%
_________________________________________________________
Алынған РIН мәнi 12%-тен көп және 20%-тен аз болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмдегi үлесi мынадай формула бойынша есептеледi:
Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмдегі үлесi = (70% - 8,13* (X-12%)), бұнда Х - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi алынған рентабельдiлiктiң iшкi нормасының iс жүзiнде алынған алынған мәнi.
5. Р-фактор (баға коэффициентi) есептiк кезеңдегi өтемдiк өнiмнiң шынайы құнының сомасының және есептiк кезеңдегi жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiм үлесінiң шынайы құнының есептік кезеңдегi мұнай өндiру көлемiне қатысы ретiнде белгiленедi. Пайдалы өнiмде жер қойнауын пайдаланушы мен оның үлесi өтемақы өнiмi құнының есебi iске асыру бойынша шығыстардың есебiнсiз жүзеге
асырылады.
Пайдалы өнiмде жер қойнауын пайдаланушының үлесiн айқындау үшiн қажеттi түпкi мағыналар:
_________________________________________________________
N | P-фактордың мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының
| | пайдалы өнiмдегi үлесiнiң
| | проценттiк мәнi
_________________________________________________________
1 1 баррель үшiн 12 АҚШ
долларына тең немесе кем 70%
2 1 баррель үшiн 27 АҚШ
долларына тең немесе 10%
артық
_________________________________________________________
Р-факторының алынған мағынасы 12 АҚШ доллардан 1 баррельге артық болған жағдайда, пайдалы өнiмде жер қойнауын пайдаланушының үлесi мынадай Формула бойынша есептеледi:
Пайдалы өнiмде жер қойнауын пайдаланушының үлесi = (70%-0,04* (Х - 12)),
мұнда X - жобаны iске асыру кезеңiнде Р-фактордың нақты алынған мағынасы.
6. Осы баптың мақсаттары үшiн "шынайы" деген термин жобаны іске асырудың іске асыру кезеңiндегi жағдайы бойынша ортажылдық инфляцияның индексiн ескере отырып есептелген соманы бiлдiредi.
7. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартты iске асыру шарттары нашарлаған жағдайда өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмiн белгiлеу барысында, егер бұндай жоғарғы белгіге P-фактор триггерi (баға коэффициентi) есебi арқылы қол жеткiзiлген жағдайды қоспағанда, өзiнiң тiркелген ең жоғарғы белгiсiнен төмен азаймауы керек.
8. Өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемiнде мемлекеттiң түсiмi үшiн қандай да бiр салық кезеңiнде өндiру басталған сәттен салынған инвестицияларды қайтару сәтiне дейiн 30 проценттен төмен және келесi кезеңде өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемi 60 проценттен төмен болмауы тиiс.
Егер қандай да бiр салық кезеңiнде мемлекеттің түсiм сомасы жоғары көрсетілгеннен төмен болса, тиістi айырма өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң есебiне жер қойнауын пайдаланушылармен бюджетке төленедi.";
106) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"313-бап. Өтелетiн шығындар
1. Өтелетiн шығындар - осы Кодекстiң 312-3-бабында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар жұмыстар мен бюджеттердiң бағдарламасына сәйкес өнiмдi бөлу туралы жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жұмыстарды орындаған кезде ic жүзінде жүргiзiлген оның негізделген және құжатпен расталған шығындары.
2. Өтелетiн шығындардың құрамына мынадай шығындар енеді:
1) жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт күшiне енгенге дейiн жүргiзген, оның iшiнде:
келiсiм-шарт жасауға бастамашы сатыда техникалық-экономикалық негiздеме дайындауға және әзiрлеуге арналған;
келiсiм-шарт бойынша бiрiншi жұмыс жылы жер қойнауын пайдаланушының шығындар сметасында көрсетiлуi тиіс келісім-шарт күшіне енгенге дейiн және оның орындалуымен тiкелей байланысты жүргiзiлген iздестiру, бағалау және барлау жұмыстарына арналған;
2) 313-1-бапта көрсетiлген шығындарды қоспағанда, келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап және ол қолданылатын барлық кезең iшiнде iс жүзiнде жүргiзiлген шығындар.
Құрамына жер қойнауын пайдаланушылардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнде орналасқан офистерiн жалға алу ақысын төлеуге арналған шығыстарды, оларды ұстауға арналған шығыстарды енгiзетiн, келiсiм-шартты орындауға қатысты әкiмшiлiк шығыстар, ақпараттық және коммерциялық қызмет көрсету, үкiметтік шығыстар, жарнамаға арналған шығыстар және басқа да әкiмшiлiк шығыстар келiсiм-шарт талаптары бойынша келiсiм-шартпен белгiленген есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушылармен өтелетiн шығыстардың жалпы сомасынан 2 проценттен аспайтын норматив мөлшерiнде өтеледi.
3. Жер қойнауын пайдаланушының өтелетiн шығындары:
келiсiм-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлiктi алуға байланысты шығындарды шегергендегi оларды жалға бергенi үшiн жалдау ақысын алумен байланысты операциялық кiрiстер сомасына;
келiсiм-шарт шеңберiндегi қызметтен алынған басқа да кірiстер сомасына (айыппұлдар, өсiмақылар, тұрақсыздық айыптары және т.т.).
4. Егер жерқойнауын пайдаланушы (оператор) және Қазақстан Республикасы арасындағы жер қойнауын пайдаланушының өз өнiмiн бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң үлесiн iске асыру мүмкiндiк көзделетiн болса, онда оның және құзыреттi орган арасындағы қосымша келiсiммен сәйкес, осындай iске асырумен байланысты және жер қойнауын пайдаланушының нақты шығындары өтеуге жатады.";
107) мынадай мазмұндағы 313-1, 313-2-баптармен толықтырылсын:
"313-1. Өтелмейтiн шығындардың құрамы
Өтемдiк өнiм есебiнен өтелмейтiн шығындарға мынадай шығын түрлерi жатады:
өнiмдi бөлу шарттарында жерқойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу құқығын алуға арналған конкурсқа қатысу үшiн жарна төлеу бойынша;
геологиялық ақпаратты сатып алу бойынша;
шығын баптары, олар бойынша келiсiмде шектеулер белгiленген олардың асып кетуi, оның iшінде әкiмшiлiк шығыстар бойынша;
қоршаған ортаны ластағаны үшiн белгiленген (алынған) лимиттерден тыс ақы төлеу бойынша;
жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi өтемдiк өнiмдер мен пайдалы өнiм үлестерiн беру пунктiнен (бөлу) сату пунктiне дейiн жеткiзуге арналған шығындарды қоса алғанда, оларды сатуға байланысты шығындар, тасымалдау кезiндегi шығындар, мақсатты орнына дейiн өнiмдi тасымалдау кезiнде сақтандыруға арналған шығындар, комиссиялық және басқа да шығындар;
акционерлердiң (құрылтайшылардың) талабы бойынша жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық қызметтi тексеруге (аудитке) байланысты;
қазақстандық ұстау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу себептерiнен орын алған мiндеттемелердi қоса отырып, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарттар белгiленген өз мiндеттемелерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты туындаған;
экскурсиялар мен саяхатқа арналған жолдамалардың құнына ақы төлеуге байланысты;
кредит (заем) және заем қаражаттарын пайдалану үшiн сыйақыларды төлеу, сондай-ақ заемдық қаражаттарды тартуымен және пайдалануымен байланысты комиссиондық төлемдер және басқа да шығыстар;
қауiпсiздiк технологиясы мен техникасын сақтау нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушының кінәсiнен жол берiлген апаттар салдарынан келтiрiлген залалдар;
әлеуметтік жобалар бойынша шығындар;
қызметкерлерге ерiктi сақтандыру бойынша шығыстар;
соттық талқылауларға байланысты келтiрiлген шығындар;
жер қойнауын пайдаланушыдан кез келген мемлекеттiк орган алатын айыппұлдар мен өсiмақылар;
қолданылып жүрген нормаларда көзделмеген қызметкерлердiң жеке пайдалануына арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығындар;
жер қойнауын пайдаланғаны үшiн бекiтiлген бiржолғы төлемдер немесе коммерциялық қызмет көрсетулер (бонустар);
төленген салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер;
келесi салық кезеңiне қалдырылатын, проценттерi (аплифт) қосылмайтын, өтелмейтiн шығындардың қалдығы;
келiсiм-шарт бойынша тiкелей қызметке жатпайтын басқа да шығындар.
313-2-бап. Шығындарды өтеу тәртібi
1. Жер қойнауын пайдаланушының шығындарын өтеу өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушыға шығындарды өтеу өтемек өнiмнiң шектi үлесiнен аспайтын мөлшерде пайдалы қазбаларды коммерциялық өндiру сынамалық пайдалану және (немесе) басталған сәттен бастап жүзеге асырылады.
3. Өтемдiк өнiмнiң шектi үлесi әзiрленетiн кен орнының экономикалық құндылығы ескерiле отырып, өнiмді бөлу туралы әрбiр келiсiм-шарт бойынша жеке белгiленедi және олар:
жобаның өтiмділігіне қол жеткiзгенге дейiнгi кезеңде - пайдалы қазбалардың салық кезеңi iшiнде жер қойнауын пайдаланушы өндiрген жалпы көлемнiң 75 процентiнен;
кейiнгi кезеңдерде - 50 проценттен аспауы тиiс.
4. Әрбiр кен орны бойынша шығындарды өтеу келiсiм-шарт аумағында өндiрiлген барлық өтемдiк өнiм есебiнен жүзеге асырылады.
5. Салық кезеңiнiң аяғында төленбеген өтелген шығындардың қалдығы:
салық кезеңiнiң басына жер қойнауын пайдаланушыға төленбеген өтелетiн шығындар,
қосу
салық кезеңi iшiнде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген өтелетін шығындар,
алу
салық кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушыға өтелген өтелетiн шығындар сияқты анықталады.
6. Егер салық кезеңiнiң басында өтелетiн шығындар мен көрсетiлген салық кезеңiнде жасалған өтелетiн шығындардың қалдық сомасына тең өтемдiк өнiмнiң сомасы өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта белгіленген өтемек өнiмнiң тиiстi шектi үлесiнен аз болса, онда көрсетiлген кезеңде өтелетін шығындардың қалдығы толық көлемде өтеледi.";
108) 314 бап алынып тасталсын;
109) мынадай мазмұндағы 314-1, 314-2, 314-3-баптармен толықтырылсын:
"314-1-бап. Салық кезеңi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң төлемдерi бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.";
314-2-бап. Төлеу мерзiмi
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгі айдың 15 күнiнен кешiктiрмей төленедi.
314-3-бап. Салық декларациясы
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi жөнiндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгі айдың 10 күнiнен кешіктiрмей табыс етедi.";
110) 316-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 315-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi осы Кодекстің 149-бабының 2-тармағында, 153-1-бабында анықталған кiрiстер түрiндегi резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 178-бабының 14) тармақшасында анықталған кiрiстер түрiнде резидент емес қызметкерлерге төленетiн жұмыс берушiнiң шығыстары, сондай-ақ осы Кодекстің 177-бабының 6-1-тармағында көрсетiлген шетелдiк персоналдың кiрiстерi және осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 23), 25)-29) тармақшаларында белгіленген төлемдердi қоспағанда өтелетiн қызмет көрсету шарттары бойынша жеке адамдарға төленетiн төлемдер (жекелеген кәсiпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда), сондай-ақ мыналар қосылмайды:";
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.";
111) 317-бапта:
2-тармақта:
"жүзеге асыратын резидент еместер" деген сөздерден кейiн ", шетелдiк заңды адамдардың филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiммен толықтырылсын:
"Әкiмшілiк-басқару, инженерлiк-техникалық персоналдың шетелдiк мамандары халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiретiн мемлекеттiк орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатқа сәйкес Қазақстан Республикасына тартылған және жұмыс берушi еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жалдаған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ:
шетелдiк заңды адамдардың филиалдары мен өкiлдiктерінің бiрiншi басшылары;
Қазақстан Республикасының Үкiметімен ақшалай баламада елу миллион АҚШ долларынан жоғары инвестициялар сомасына келiсiм-шарттар жасасқан ұйымдардың бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi;
қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар бойынша уәкiлетті органмен келiсiм-шарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары;
банктiк, сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы қорларының бiрiншi басшылары және бас менеджерлерi болып iстейтiн азаматтығы жоқ адамдар болып табылады.";
112) 321-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздер "орналасқан орны бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
113) 324-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттiк мекемелер;";
4-тармақтағы "2)," деген сан алынып тасталсын;
114) 338-баптың 4-тармағында "140-2-бабының 4-тармағымен" деген сөздерден кейiн "және 140-5-бабының 3-тармағымен" деген сөздермен толықтырылсын;
115) 340-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ағымдағы төлемдердiң сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешiктiрмейтiн мерзiмдерде тең үлестермен төленуге тиiс.
Жаңа құрылған салық төлеушiлер бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi салық төлеушi құрылған күннен кейiнгi кезектi мерзiм болып табылады.
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер салық сомасының ағымдағы салық кезеңi үшiн салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейді.";
5-тармақтың екiншi бөлігіндегі "2), 4)" деген сандар "4) және 7)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ағымдағы төлемдерді төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiнгі салық мiндеттемелерi туындаған кезде түпкi есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде жүргізiледi.
Осы Кодекстiң 324-бабының 4-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетiлген заңды адамдарға пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiнгi түпкiлiктi есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-бабында көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.";
116) 341-баптың 2-тармағында "2), 4)" деген сандар "4) және 7)" деген сөздермен ауыстырылсын;
117) 344-бапта:
1-тармақта:
"тұлғалар" деген сөзден кейiн "(мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
"жер салығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы "Жаңадан құрылған" деген сөздердiң алдынан "Ағымдағы төлемдердi төлеу соңғы мерзiмiнен соң құрылған салық төлеушiлердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Кодекстiң 324-бабының 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектілерi бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп айырысуын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзiмдерде табыс етедi.";
118) 345-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) меншiктi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер. Көрсетілген ауыл шаруашылық техникасының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейді;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік мекемелер;";
119) 347-баптың 5-тармағы:
екiншi абзацта "сәуiрден кейiн" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының шегiнен тыс" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта "алынған" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн қолданыста болған" деген сөздермен толықтырылсын;
120) 348-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi ", егер осы бапта өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
121) 348-1-баптың 3-тармағында "көлiк құралдарына салығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
122) 350-бапта "көлiк құралдары салығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
123) 351-баптың 4-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттiк мекемелер;";
4) тармақша алынып тасталсын;
тоғызыншы абзацта "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
124) 353-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қайта жаңартылатын ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ көрсетілген объектiлерде монтаждауды талап ететiн жабдықтар түрiндегі аяқталмаған құрылыс объектілерi.";
125) 355-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi - заңды тұлғалар жер суару үшiн, пайдаланатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.";
4-тармақта "140-2" деген сандардан кейiн "және 140-5-бабының 3-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
126) 356-баптың 6-тармағында:
екiншi бөлiгiнде "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгiнде:
"3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық кезеңi басталған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктірмей" деген сөздер "ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 8-тармағында көзделген мерзiмде" сөздермен ауыстырылсын;
127) 358-баптың 2-тармағында "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
128) 359-бапта:
1-тармақтың үшiншi бөлігінде "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мүлiкке салынатын салық бойынша салықтық мiндеттемелер өзгертілген кезде салық кезеңi iшiнде ағымдағы төлемдердiң есептiлiгі салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей берiледi.";
4-тармақта "Мүлiк салығы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
129) 361-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "салық салу объектiлерiнiң бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке тең құны" деген сөздер "меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнының бiр мың айлық есептiк көрсеткiшi" деген сөздермен ауыстырылсын;
130) 364-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
131) 366-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Егер салық кезеңiнiң мерзiмдiлігi он екi айдан төмендi құраса, төлеуге жататын мүлiкке салынатын салық осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталған салық сомасын 12-гe бөлу және салық кезеңiнде меншiктену құқығын iске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.";
132) 368-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Арнайы салық режимiн қабылдаған тұлғалардың салық төлеушiнiң өзге оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерiне салық салу мақсатында оның қызметiнiң бөлiгiн орындайтын тұрақты жұмыс орнымен жабдықталған кез келген аумақтық оқшауланған бөлiмше танылады. Жұмыс орны егер ол бiр айдан артық мерзiмге құрылса, тұрақты болып есептеледi.";
133) 369-бап 2-тармағының бiрiншi бөлігінде:
"тұрақты үй-жайларда" деген сөздер "дүңгiршектерде, тұрақты үй-жайларда (тұрақты үлгілiк бөлiмдерде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
", осы Кодекстің 392-баптың 1-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
134) 374-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Салық органдары өтiнiш берiлгеннен және бюджетке патенттiң құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдарының төленгенiн растайтын құжаттар көрсетiлгеннен кейiн бiр күн ішінде патент беруді жүргiзеді.";
135) 383-баптың 2-тармағында "зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
136) 384-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына мiндетті әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп айырысу;";
137) 385-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың мақсаттары үшiн аффилиирлендiрiлген тұлға болып шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама анықтау және (немесе) көрсетiлген арнайы салық режимiн, оның iшiнде шарттың және (немесе) басқа мәмiленiң күшiне қолданған заңды тұлға қабылдаған шешiмiне әсер ете алатын кез келген заңды тұлға, сондай-ақ көрсетiлген арнайы салық режимiн қолданатын заңды тұлға оған қатысты осындай құқығы бар кез келген тұлға танылады.";
138) 390-бапта:
2-тармақтың бiрiншi абзацында "зейнетақы жарналары сомаларын," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Арнаулы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндірушi заңды тұлғалар төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есеп айырысуды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептiлiктi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп айырысуды мынадай мерзiмдерде:";
139) 428-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жариялаған акцияларды орналастыруды;";
140) 450-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төлем төлеушiлерi осы арнайы режим қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiруші - заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлердi қоспағанда, салық органдарына жер учаскелерi орналасқан орны бойынша ағымдағы төлемдердiң сомасын және декларацияларды береді.";
141) 470-бапта:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшiн алынады:
1) ағаш дайындау;
2) шайыр дайындау;
3) қосымша ағаш материалдарын (қабықты, ағаш көгiн және басқаларын) дайындау;
4) ағаш шырындарын дайындау;
5) орманды жанама пайдалану (шөп шабу және мал жаю, шипалы өсiмдіктер мен техникалық шикiзат, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және орманның басқа да тағамдық өнiмдерiн дайындау және жинау, ара ұялары мен омарталар орналастыру);
6) орманды мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану;
7) орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығы қажеттерi үшiн пайдалану.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы орман заңнамасында белгіленген тәртiппен берiлген ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман билетiнiң негізiнде берiледi.";
4-тармақта "Орман шаруашылығын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдармен" деген сөздер "Мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
142) 471-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада "орман иелерi" деген сөздердiң алдына "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) орман қоры учаскесi меншігінде болатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;";
143) 474-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк органдардың ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдауын қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргізiлмейдi.
Бұл ретте қайтарып алу төлеушi ағаш кесуге рұқсат билетi мен орман билетiн пайдаланбағанын растайтын мемлекеттiк орган берген құжатты бергеннен кейiн ғана жүргiзiледі.";
144) 482-баптың 7-тармағы алынып тасталсын;
145) 495-бап 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергенi үшін;";
146) 497-баптың 1) тармақшасында:
төртiншi абзацта "мәмiле құнының 5 процентi" деген сөздер "100 процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацтағы "мәмiле құнының 10 процентi" деген сөздер "300 процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
147) 500-баптың 3) тармақшасында:
екiншi абзацта "азаматының паспорты" деген сөздерден кейiн ", азаматтығы жоқ адамның куәлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацта "жеке куәлiгі" деген сөздерден кейiн ", шетелдiктiң Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты, уақытша жеке куәлігі" деген сөздермен толықтырылсын;
148) 501-баптың 14) тармақшасында:
"кері бұрып атқару туралы" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"апелляциялық шағымға қосылу туралы;";
он бесiншi абзац алынып тасталсын;
149) 506-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ және үш дәрежелi Еңбек Даңқы, "Алтын қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, I және ІІ топтардағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.";
3-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) дипломатиялық өкiлдiктер және Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi арқылы апостильдеуге түсетiн құжаттарға апостиль қою кезiнде;
5) дипломатиялық өкiлдiктер және Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi арқылы өтiнiш жасаған азаматтарға азаматтық жағдайын тiркеу туралы қайта куәлiк бергенi үшiн.";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерi мен паспорттарын, сондай-ақ, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхатын бергенi үшiн мемлекеттік баж төлеуден:
Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ және үш дәрежелi Еңбек даңқы, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен наградталған адамдар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, I және ІІ топтардың мүгедектерi, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.";
150) 507-бап 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерi мен паспорттарын, сондай-ақ, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхатын бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
151) 517-бапта:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "жарналарының" деген сөзден кейiн "және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 10) тармақшасы "сақтауды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiң меншiгіндегi мүлiктi толық және уақтылы берудi" деген сөздермен толықтырылсын;
152) 521-баптың 1-тармағында:
3) тармақшада "жерi бойынша - " деген сөздерден кейiн "қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыруды бастаған күннен бастап 30 жұмыс күннен жоғары кез келген он екі айлық кезеңнiң шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке кәсiпкерлiк туралы заңдармен айқындалған уәкiлеттi тұлғаның тұрғылықты орны бойынша - бiрлескен жеке кәсiпкерлiк;";
7) тармақшада "1)-4)" деген сандар "1)-3), 5), 6)" деген сандармен ауыстырылсын;
153) 522-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
154) 525-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушiнi Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау салық төлеушi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген әрекетсiз заңды тұлға мен жеке кәсiпкер белгiлерiне сәйкес келген және салық берешегi жоқ жағдайда тiркеу нөмiрi сақтала отырып жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсаттарында әрекетсiз заңды тұлға болып көрсетiлген декларацияларды ұсыну жөнiндегі талаптар оларға қолданылмайтын салық төлеушiлердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленген оларды беру мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң корпоративтiк табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңiлдетiлген декларацияны бермеген заңды тұлғалар танылады.";
155) 526-бапта:
3) тармақшада "құрылымына" деген сөзден кейiн "(нысаналау алгоритмiне)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшаның төртіншi абзацы "екiншi кезекте" деген сөздерден кейiн "жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының аударуы жөнiндегi клиенттiң мiндеттемесi бойынша, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "тоқтатуға" деген сөз "тоқтата тұруға" деген сөзбен ауыстырылсын;
156) 527-баптың 5-тармағында:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы резидент еместің қызметiн жүзеге асыруын бастау күнi деп мына күндердiң бiрi:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы бiрiншi жеке еңбек шартын немесе осы баптың 1-тармағында көрсетiлген келiсiм-шарттардың шарттарын орындау үшiн Қазақстан Республикасына келу күнi болып айқындалады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасының қызметiн жүзеге асыру басталу күнi осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетiлген күндердiң бiрiне қарағанда ерте болмайды.";
157) 530-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектiлерiнiң және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар салық есептiлiгiнде салық төлеушінiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге тиiс.";
158) 531-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) темекi өнiмдерiн өндiру, көтерме сату және импортқа шығару.";
159) 533-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тақырыптық тексеру - тексерiс:
салықтық мiндеттемелердi салықтың жекелеген түрлерi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша атқару;
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және мiндеттi әлеуметтiк есептеулердi Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару және (немесе) оларды толық және уақтылы ұстап қалу;
осы Кодексте белгiленген банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың мiндеттерiн атқару;
трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылау мәселелерi бойынша;";
5-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "салық органдары" деген сөздер "салық қызметi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) акцизделетiн өнiмдi лицензиялау, өндiру мен оның айналымы ережелерi мен шарттарын сақтау.";
160) 535-баптың 1-1-тармақшасы алынып тасталсын;
161) 536-баптың 5-тармағында "ұзартылған" деген сөзден кейiн "және (немесе) тексеруi жүргiзетiн адамдардың саны өзгерген" деген сөздермен толықтырылсын;
162) 549-бапта:
1-тармақта:
"1)-4)" деген сандар "2)-4)" деген сандармен ауыстырылсын;
"Сыраны" деген сөздiң алдынан "Шарап материалдарды мен" деген сөздермен толықтырылсын;
"акциз алымы таңбаларымен" деген сөздер "акциз таңбаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "акциздiк алым таңбаларымен" деген сөздер "акциздiк таңбалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
163) 550-баптың 1-тармағында:
", сондай-ақ" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
", сондай-ақ және уәкiлетті мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте мемлекет меншігіне айналдырылған мүлiктi берудi" деген сөздермен толықтырылсын;
164) 553-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баппен белгiленген тәртіппен және осы Кодекстiң 554-бабында айқындалған оның нысаны мен мазмұнын сақтаумен берiлген салық төлеушiнiң шағымы салық органында мiндеттi түрде ол келiп түскен күнi тiркелуге тиiс.";
165) 557-4-баптың 1-тармағында "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 ж. 12 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
үшiншi абзацта:
"34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы" деген сөздер алынып тасталсын;
"2004" деген сандар "2005" деген сандармен ауыстырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 34-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы, 57-баптың 1-тармағының 19) тармақшасы;";
2) мынадай мазмұндағы 5-3 баппен толықтырылсын:
"5-3-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жекелеген шешiмдерi бойынша кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруды тоқтата тұру нәтижесiнде пайда болған дебиторлық берешек бойынша Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына тиесiлi бюджетке төленетiн төлемдер мен мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жарналарын төлеу Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына салықтар мен мiндеттi сақтандыру жарналары есептелмей олардың өтелуiне қарай жүргiзіледі.".
3. "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 ж. 13 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат):
32-баптың бiрiншi тармағында "егер" деген сөзден кейiн "жарғылық капиталға мемлекеттiң қатысуымен" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Салық кодексiнiң 317-бабымен көрсетiлген әлеуметтiк салық ставкалары мiндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелерi жөнiндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударымдарды ескере отырып, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап белгiленсiн.
3-бап. Осы Заң:
2005 жылғы 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының 23), 24), 25) тармақшаларын;
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi