"1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетін әскери мақсаттағы өнімдердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 1093 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнің шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Заңы 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттаманы бекiту туралы

      2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткізілетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттама бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер,
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру үшiн,
      2000 жылғы 11 қазанда Бiшкек қаласында қабылданған Келiсiмдi iске асыру туралы Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiн басшылыққа алып және осы Келiсiмнiң 6-бабын негiзге ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Келiсiм шеңберiнде әскери мақсаттағы өнiмдi жеткізушi тарап (бұдан әрi - жеткiзушi Тарап) оның мақсатты пайдаланылуын бақылауға құқылы.
      Оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарап жеткiзушi Тарапқа оның жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмнiң қолда барлығын және мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайлар ұсынады.

2-бап

      Келiсiмнiң 1-бабының алтыншы және жетiншi абзацтарында және 2-бабында баяндалған жағдайларға сәйкес жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiм ғана бақылануы мүмкiн.

3-бап

      Мыналар бақылаудың мақсаты болып табылады:
      Келiсiмде және екі жақты келiсiм-шарттарда көзделген әскери мақсаттағы өнiмнiң мақсатты пайдаланылуын тексеру (жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмнiң ұжымдық қауiпсiздiк аймақтарындағы көп жақты күштер мен құралдардың құрамына бөлiнген әскери құралымдарда бар болуы, оны есептен шығарудың, соның iшiнде қайтарылмайтын шығындарға да негiзделуi);
      әскери мақсаттағы өнiмдi жеткiзумен байланысты және жеткізушi Тараптың мемлекеттiк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қорғау шараларының сақталуын тексеру.

4-бап

      Жеткiзушi Тараптың арнайы уәкiлеттi өкiлiнiң әскери мақсаттағы өнiм түрлерiн, соның iшiнде қайтарылмайтын шығындарға есептен шығаруға, сондай-ақ жеткізушi Тараптың мемлекеттiк құпиясын құрайтын мәлiметтердi тасымалдаушы болып табылатын құрамдас және жинақтаушы бөлшектердi жоюға қатысуға құқығы бар.

5-бап

      Бақылауды жүзеге асыруға тiлек бiлдiрген жеткiзушi Тарап оны өткiзудiң жоспарланған мерзiмiне дейiнгi 15 тәулiктен кешiктiрмей, оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарапқа осындай бақылауды жүргізуге рұқсат алуға арналған сұрау жiбередi.
      Сұрауда жеткiзушi Тарап бақылауды жүзеге асыруға ниеттенген әскери мақсаттағы өнiм, оны өткiзуге қажеттi мерзiм, бақылау тобының дербес құрамы, сондай-ақ бақылау барысында пайдаланылатын техникалық құралдар көрсетiледi. Бақылау тобының сандық құрамы, әдетте, егер тараптармен өзгеше келiсiлмесе, 5 адамнан аспауы тиiс.

6-бап

      Бақылау тобының мүшелерi оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тараптың аумағында болу кезеңiнде осы Тараптың заңнамасын сақтауға мiндеттi.

7-бап

      Оған қатысты бақылауды жүзеге асыру болжанатын Тарап бақылау тобын қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ және сұрау алынғаннан кейiн он күн мерзiмiнде, бiрақ болжанатын тексеру басталатын күнге дейiнгi бес күннен кешiктiрмей оны өткiзу уақытын келiсiп, өзiнiң бақылауды жүргiзуге дайындығы туралы жеткiзушi Тарапты хабардар етедi. Форс-мажорлы жағдайлар (оқиғалар) ғана ерекшелiк болуы мүмкiн. Бұл жағдайларда оған қатысты бақылау жүргiзу болжанатын Тарап жеткiзушi Тарапқа бақылауды жүзеге асыру мерзiмiн жылжыту туралы ұсыныс бiлдiруi мүмкiн.

8-бап

      Әскери мақсаттағы өнiм түрлерiн бақылауға, жоюды немесе есептен шығаруды тексеруге байланысты шығыстарды, соның iшiнде қайтарылмайтын шығындарға қаржыландыру жеткiзушi Тараптың есебiнен жүзеге асырылады. Тұруға және тамақтануға, көлiк және халықаралық (қалааралық) байланыс құралдарын пайдалануға төлеу бақылауды жүргiзу барысында, оған қатысты бақылау жүзеге асырылған Тараптың, оның iшкi бағалары бойынша ұсынған шоттарының негізiнде жүзеге асырылады.
      Бақылау топтарының мүшелерiне жедел, кейiнге қалдыруға болмайтын медициналық көмек Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы 1997 жылғы 27 наурыздағы келiсiмге және екi жақты келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап

      Оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарап оны өткiзу кезеңiне өз уәкiлеттi органының өкiлдерiн (өкiлiн) бөледi және бақылау тобын кiру пунктiнде қарсы алуды, бақылау орнына және шығу пунктiне дейiн iлесiп жүрудi, тамақтануды, медициналық қызмет көрсетудi, көлiктi, тiкелей бақылау объектiсiнен халықаралық (қалааралық) байланыс құралдарын пайдалануды қоса алғанда жұмыс iстеуi және өмiр сүруi үшiн жағдайларды қамтамасыз етедi және мүмкiн болған жағдайда мұндай байланысты топ басшысының өтiнiшi бойынша кез келген басқа жерде қамтамасыз етуге, қызметтiк құжаттарды, әкелiнетiн техникалық бақылау құралдарының сақталуын және бақылау тобы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге көмек көрсетедi.

10-бап

      Оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарап сұрауда көрсетілген әскери мақсаттағы өнiмдi, сондай-ақ оның мақсатты пайдаланылғанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндетi.

11-бап

      Тараптардың келiсуi бойынша бақылауға ұжымдық қауiпсiздiк жүйесi мемлекетаралық органдарының өкiлдерi тексерудiң барысын бақылаушылар ретiнде қатысуы мүмкiн.

12-бап

      Жүргiзiлген бақылаудың нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
      Актіде:
      Бақылау тобының құрамы және бақылау жүзеге асырылған Тараптың өкiлдерi;
      негiзi бойынша бақылау жүзеге асырылған құжаттар (бақылау жүргiзуге арналған сұрау, бақылау жүргiзуге рұқсат ету туралы хабарлама);
      бақылаудың мақсаты мен объектiлерi;
      бақылауды жүзеге асыру мерзiмдерi;
      бақылаудың нәтижелерi көрсетiледi.
      Актi бақылау тобының басшысы мен бақылау жүзеге асырылған Тарап уәкiлетті органының өкiлi қол қойған, бiрдей күшi бар екi данада жасалады. Бiр данасы жеткiзушi Тарапқа, екiншiсi - бақылау жүзеге асырылған Тарапқа арналады.

13-бап

      Актіде белгiленген және тiркелген әскери мақсаттағы өнiмдi басқа мақсатқа пайдалану немесе жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмнiң болмау фактiлерi, осы Хаттаманың 4-бабында белгiленген тәртiптi бұза отырып оны есептен шығару фактiлерiн қоса алғанда Келiсiмнiң 6 9 және 10-баптарының ережелерiн, сондай-ақ жасалған келiсiм-шарттардың тиiстi ережелерiн қолдану үшiн негiз болып табылады.

14-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және оған Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

15-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң 13-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.
      Орыс тiлiнде бiр данада жасалды. Түпнұсқа данасы Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жібередi.

      Армения Республикасы үшін       Қырғыз Республикасы үшiн

      Беларусь Республикасы үшiн      Ресей Федерациясы үшiн

      Қазақстан Республикасы үшiн     Тәжiкстан Республикасы үшiн

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру
тәртiбi туралы хаттамаға Беларусь Республикасының Ескертпесі

      Беларусь Республикасы өзін Хаттаманың 3-бабы үшінші абзацының ережесімен байланысты санамайды.

      Беларусь Республикасының
      Премьер-министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады