Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппины Республикасының Yкiметi арасында Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол кою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы N 1122 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппины Республикасының Үкiметi арасында Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi - Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат беріліп, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Филиппины Республикасының Үкiметi арасында Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

    Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Филиппины Республикасының Yкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Филиппины Республикасының Үкiметi,
      екi ел арасындағы достық пен түсiнiстiк қатынастарды нығайтуға ұмтыла отырып,
      теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде туризмдi дамыту мақсатында
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар, Тараптар мемлекеттерiнiң теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде туризм саласында ұзақ мерзiмдi ынтымақтастықты дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасайды.

2-бап

      Тараптар, өз мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес туристiк мақсатта екi ел арасында саяхат жасайтын Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары үшiн шекаралық және кедендiк оңайлатылған ресiмдердiң қолданылуына ықпал ететiн болады.

3-бап

      Тараптар, Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жеке кәсiпорындардың қызметiн инвестициялауды қоса алғанда, туристiк салаға инвестициялар салуға ықпал ететiн болады.

4-бап

      Тараптар, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары арасында туристiк ресурстарды басқарудағы ақпараттармен, бiлiммен және тәжiрибелермен, қолданып жүрген нормативтiк құқықтық актiлермен, табиғи да, мәдени де ресурстар ретiнде оларды сақтау мен тұрақты дамыту жөнiндегi шаралармен алмасу арқылы туристiк қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыруға ықпал ететiн болады.

5-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес туризм саласындағы оқу технологияларымен және зерттеулерiмен алмасатын болады, сондай-ақ Тараптардың уәкiлеттi органдарының арасындағы жекелеген шарттың негiзiнде туристiк бизнестi ұйымдастырудағы, басқарудағы тәжiрибелермен алмасуға ықпал етедi және туризм саласының қызметшiлерiн оқытуда бiр-бiрiне жәрдем көрсететiн болады.

6-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау үшiн жауапты уәкiлеттi органдар:
      қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi;
      филиппины тарапынан - Филиппины Республикасының Туризм департаментi болып табылады.
      Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе қызметтерi өзгерген жағдайда, дипломатиялық арналар арқылы Тараптарға уақтылы хабарланатын болады.

7-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.

8-бап

      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерi қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде немесе қолдануда пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешетiн болады.

10-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм бес жылға жасалады және егер Тараптардың бiр де бipeуi тиiстi бес жылдық кезеңнiң аяқталуына кем дегенде алты ай қалғанға дейiн дипломатиялық арналар арқылы өзiнiң iс-әрекетiн тоқтату туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, оның күшi келесi бесжылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылатын болады.
      Осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату, егер Тараптар өзгеше белгiлемесе, оның iс-әрекетi барысында қабылдануы мүмкiн бағдарламалардың орындалуына әсер етпейдi.

      200__ жылғы "___" _______ ________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, сонымен бiрге барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының         Филиппины Республикасының
      Yкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

      РҚАО-ның ескертпесі: әрі қарай мәтін ағылшын тілінде берілген (нұсқаны қағаз мәтіннен қараңыз).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады