Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 қарашадағы N 1175 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      I-тармақта:

      Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;

      Курбатов Владимир Николаевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;

      Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;

      Тасболатов Абай Бөлекбайұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасары;

      мынадай:

      "Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi;"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Ақпарат бiрiншi вице-министрi;";

      көрсетiлген құрамнан:

      Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы, Андрющенко Александр Иванович, Лавриненко Юрий Иванович, Мерзадинов Eрғали Серiкбайұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады