"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1177 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; 1998 ж., N 7-8, 71-құжат; N 22, 290-құжат; 1999 ж., N 10, 340-құжат; N 15, 593-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 4-баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кандидаттардың сайлауға қатысуына тең құқықтар мен шарттарға кепілдiк беріледі.";
      3) 9-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацы алынып тасталсын, 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.";
      4) 10-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.
      Сайлау комиссияларын саяси партиялармен консультациялардан кейiн тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиялары құрады:
      Парламент Мәжiлiсiне депутаттар сайлау жөнiндегi облыстық сайлау комиссияларын, округтiк сайлау комиссияларын, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы құрады;
      аудандық, қалалық сайлау комиссияларын, сондай-ақ облыстық мәслихатқа депутаттар сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссияларын облыстық сайлау комиссиялары құрады;
      қаладағы аудандық сайлау комиссияларын, сондай-ақ қалалық мәслихатқа депутаттар сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссияларын Астана, Алматы қалаларының caйлау комиссиялары құрайды;
      қалалық мәслихатқа депутаттар сайлау жөнiндегі округтiк сайлау комиссияларын, учаскелiк сайлау комиссияларын қалалық сайлау комиссиялары құрады;
      учаскелiк сайлау комиссияларын Астана, Алматы қалаларындағы аудандық сайлау комиссиялары құрады;
      аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссияларын, учаскелiк сайлау комиссияларын аудандық сайлау комиссиялары құрады.
      Сайлау комиссиясының төрағасын, төрағаның орынбасарын, хатшысы мен мүшелерiн сайлау тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
      Сайлау комиссиясының жаңа құрамын құру кемiнде екi ай бұрын басталады және сайлау комиссиясының өкілеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде үш күннен кешiктiрілмей аяқталады.
      Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссиясының өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.";
      мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Сайлау комиссияларының қызметiне олардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде араласуға жол берiлмейдi.
      7. Сайлау комиссиясы мүшелерiнiң қызметi сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтiнiшiнiң негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
      8. Сайлау комиссиясының мүшeci осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерден айрыла алмайды.";
      5) 12-бапта:
      3-1) тармақша алынып тасталсын;
      6) тармақшада "нысаны" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде қорғалу дәрежесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшада "адамдары мен бастамашыл топтарын" деген сөздер "адамдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақша ", дүркiн-дүркiн ақпарат бюллетеньдерiн шығарады." деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақшада:
      "олардың қызметiне" деген сөздер "олардың қызметтерiнiң осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиісті комиссиясының қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды.";
      6) 13-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
      7) 14-бапта:
      3) тармақша "осы Конституциялық заңының бұзылуына жол берген төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) дауыс беруге арналған учаскелердің бірыңғай нөмірленуін белгілейдi;";
      11) тармақшада "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алынып тасталсын;
      8) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Округтік сайлау комиссиялары сайлау округтерінде Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етеді.";
      9) 16-бапта:
      4) тармақша алынып тасталсын;
      5) тармақшада "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алынып тасталсын;
      10) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президентті сайлауды, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттар депутаттарын, жергілiкті өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
      Учаскелiк сайлау комиссиялары жеті мүшеден құрылады.";
      11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесі
      1. Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және олар мемлекеттің қорғауында болады.
      2. Сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық жағдайы Конституциямен, осы Конституциялық заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерiмен айқындалады.
      3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы, мүшелерi мен оның аппараттарының қызметкерлерi өз өкілеттіктерiн кәсiби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
      4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында атап көрсетілмеген мүшелерi сайлау өткізу кезеңінде әкімшіліктің (жұмыс берушiнiң) бастамасы бойынша жұмыстан шығарыла алмайды немесе оның келісiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстырыла алмайды.
      5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
      1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы алдын ала хабарландырылып отырады;
      2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиiстi сайлау комиссиясының құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге және олар бойынша дауыс берілуiн талап етуге құқылы;
      3) күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сауал қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
      4) өзi мүшесi болып табылатын сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерiнiң төрттен үшiнiң даусымен расталатын, уәкiлеттiгi бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
      5) комиссияның жұмысына қатысуға, Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заң мен өзге де заңдардың, қызметтiк әдеп нормаларының талаптарын сақтауға мiндеттi;
      6) қызметтiк мiндеттерiн, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын адал орындауға тиiс;
      7) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiм қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партиялардың қызметiне жариялы баға беруден қалыс қалуға мiндеттi;
      8) саяси партияның не өзi өкiлi болып табылатын өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерін білдіруге құқығы жоқ.
      6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкiлеттiк мерзiмi аяқталуы бойынша, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ тиiстi сайлау комиссиясын құрған сайлау комиссиясының шешiмi бойынша мына жағдайларда:
      1) мiндеттерден босату туралы өз еркiмен өтiнiш бергенде;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда;
      3) аумағында тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк- аумақтық бөлiнiстен тыс жердегi тұрақты тұрғылықты мекенге көшкенде;
      4) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде;
      5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;
      6) ол қайтыс болғанда өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
      7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкілеттігін бірнеше мәрте бұзған немесе мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда оны жоғары тұрған сайлау комиссиясы лауазымынан босатады.
      8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген негіздер бойынша шығып, қалғанның орнына аумақтық және округтік сайлау комиссиясының мүшесін тиiсті мәслихат осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейiн тағайындайды.
      9. Сайлау комиссиясы бip ұйымның қызметкерлерінен құрылмауға тиіс.
      10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiсті комиссия орналасқан әкімшілiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұруға тиiс.";
      12) 20-бапта:
      5-тармақта:
      екіншi сөйлемде "Құрамында бар сайлау комиссиялары" деген сөздер "Егер комиссия отырысында қатысса," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ерекше пікір жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына тез арада жеткізіледі.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Eгep осы Конституциялық заңда шағым берудiң өзге мерзiмдері белгіленбесе, сайлау комиссияларының шешiмдері мен iс-әрекеттеріне, шешім қабылданған немесе iс-әpeкет жасалған күннен бастап 10 күн ішiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым берілуі мүмкін. Көрсетілген мерзiмдерi өткен соң сайлау комиссияларының шешiмдерiне немесе ic-әрекеттеріне жасалған шағымдар қарауға жатпайды. Жоғары тұрған сайлау комиссияларына алдын ала жүгіну сотқа жүгінудің мiндеттi шарты болып табылмайды.
      Шағымда шағым беру үшін негіз болған мән-жайлар міндетті түрде жазылады және шағым иесi өз талаптарын негіздеген дәлелдер көрсетіледі. Осы шарт сақталмаған шағымдар қаралмайды және иесiне қайтарылады.
      Шағымдар сайлау комиссиясында және сотта бiр мезгілде қаралған кезде, сайлау комиссиясы сот шешiмi заңды күшіне енгенге дейiн арызды қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен шағым туралы және оны қарау нәтижелерi бойынша сот шешiмінiң заңды күшiне енгенi жөнiнде сайлау комиссиясына хабарлайды.
      Егер сот сайлау комиссиясы шешiмiнiң күшiн жойса, бұл жағдайда шешімінің күшi жойылған сайлау комиссиясы немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы сот шешiмiнiң негізінде мәселенiң мәні бойынша жаңа шешiм қабылдауға мiндетті. Сот шешімдерді тиісті сайлау комиссияларының орындауы үшiн мiндетті.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Сайлау комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне қосымша ақы төлеу сайлау өткiзуге бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Президенттiкке, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттығына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар сайлау комиссияларының мүшелерi бола алмайды.
      Кандидаттардың сенiм бiлдiрiлген адамдары, сондай-ақ кандидаттардың тiкелей қарамағындағы адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округiнде сайлауды тiкелей ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететiн сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
      Аталған адамдар тиiстi кандидатты тiркеген күннен бастап тiркеудiң күшi жойылғанға дейiн немесе сайлау науқаны тоқтатылғанға дейiн сайлау комиссиясындағы өз қызметiн тоқтата тұрады.";
      13) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
      "20-1-бап. Сайлау комиссияларының қызметiндегi жариялылық
      1. Сайлау комиссияларының қызметi жариялы және ашық түрде жүзеге асырылады.
      Байқаушылар, сенiм бiлдiрiлген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi сайлау процесiнiң барлық сатыларына қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
      Байқаушылардың, сенiм бiлдiрiлген адамдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң осы Конституциялық заңда берiлген құқығын ешкiм шектей алмайды.
      2. Сайлау комиссиялары жалпыға қол жетiмдi телекоммуникациялық желiлерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңмен көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын сайлау комиссияларының шешiмдерiмен барлық адамдардың еркiн танысулары үшiн жағдайлар жасайды.
      3. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар немесе олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары, байқаушылар, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатыса алады.
      4. Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған сайлау учаскесi ашылған сәттен бастап және дауыс берудiң нәтижелерi айқындалғанға дейiн сайлау учаскесiнде сайлаушылардың дауысын санау кезiнде әрбiр кандидаттан сенiм бiлдiрiлген бiр адам, әр бұқаралық ақпарат құралдарынан қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бiр өкiл, сондай-ақ әр саяси партиядан, қоғамдық бiрлестiктен немесе Республиканың өзге де мемлекеттiк емес коммерциялық емес ұйымынан байқаушылар және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары бiр мезгiлде қатысуға құқылы.
      5. Байқаушының өкiлеттiгi сайлау күнi, оның тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау учаскесiнiң нөмiрi (сайлау комиссиясының атауы) көрсетiлiп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиiс. Осы құжат оны берген ұйымның мөрiмен куәландырылады және байқаушы жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде жарамды болады. Құжат сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастырушы адамға байқаушыны тiркеу үшiн ұсынылады.
      6. Байқаушылар, сенiм бiлдiрiлген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi:
      1) жеке басы мен өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттарын өздерiмен бірге ұстауға;
      2) сайлау процесiне, дауыстарды санау мен сайлау комиссияларының шешiм қабылдау барысына араласпауға, сайлау комиссиясының жұмыстарына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер жасамауға;
      3) сайлау учаскесiнде тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген мiнез-құлық ережелерiн сақтау жөнiндегі сайлау комиссиялары мүшелерiнiң талаптарын орындауға;
      4) өз қорытындыларын құжатталған, жарамды және тексеруге келетiн фактiлермен негiздеуге;
      5) осы Конституциялық заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын сақтауға мiндеттi.
      Байқаушылар алдын-ала кесiп-пiшпеуге, нақты кандидатқа, саяси партияға ықылас бiлдiрмеуге тиiс.
      7. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында тiркеледi. Шет мемлекеттерден келген жеке адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тiркемейдi. Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға сайлау науқанын өткiзу кезеңiнде олардың қызметi үшiн негiз болып табылатын белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тiркеу дауыс беру күнiнен бес күн бұрын аяқталады. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттiң, халықаралық ұйымның байқаушысын, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiн тiркеудi қайтарып алуға құқылы.
      8. Байқаушылардың қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларын жіберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      9. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңдарын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы байқаушыны тiркеудi қайтарып алуға немесе Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекеттiң, халықаралық ұйымның байқаушысын, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiн тiркеудi қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.";
      14) 21-баптың 2-тармағында "жиырма бес проценттен" деген сөздер "осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әрбiр депутаттық мандатқа сайлаушылардың орташа санының он бес процентiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 23-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшада "үш мыңнан" деген сөздер "шамамен үш мыңнан" деген сөздермен ауыстырылсын:
      3) тармақша алынып тасталсын;
      16) 24-бапта:
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақта "тұру" деген сөз "тұрғылықты жерi бойынша тiркелу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тiзiмiн тиiстi жергiліктi атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын тиiстi органдар ұсынған мәлiметтердiң негiзiнде жасайды.
      Әрбiр сайлаушы тиiстi жергiлiктi атқарушы органда сайлау жарияланған немесе тағайындалған сәттен бастап сайлаушы ретiнде тiркелуге құқылы.
      Әр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және дауыс беру басталғанға дейiн жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына aктi бойынша тапсырылады.
      Басқа құзыреттi органдар мен ұйымдардың деректерiмен алдын ала салыстырылған сайлаушылар туралы мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы орган тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына әр жылдың 1 шiлдесiне және 1 қаңтарына электрондық және қағазға түсiрiлген жеткiзушіде тапсырады.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.
      Сайлаушыларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн пайдалану кезiнде оны пайдалану тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне нақтылау енгiзу соттың немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiн орындауды қоспағанда, дауыс беру алдындағы күнi сағат 20.00-де тоқтатылады.";
      17) 25-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тұрғылықты жерi бойынша тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тiркелген азаматтар;";
      5) тармақшаның екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
      18) 26-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беруге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары сайлаушылардың танысуы үшiн ұсынады.
      Республикаға қарайтын әскери бөлiмдерде, дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-алдын алу мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу жолы қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанында құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерi сайлаушылардың танысуы үшiн дауыс беруге бес күн қалғанда; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау өткiзген кезде құрылған сайлау учаскелерi бойынша - дауыс беруге жетi күн қалғанда ұсынылады.";
      4-тармақта:
      бiрiншi сөйлемде "әpбip азаматқа (таңдаушыға) шағымдану құқығы берiледi" деген сөздер "әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмiндегi өзi туралы мәлiметтердi тексеруге және шағымдануға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлемде "үш күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал дауыс беру қарсаңында және дауыс беретiн күнi дереу" деген сөздер "сайлау комиссиясына өтiнiш келiп түскен күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi сөйлемде "үш күн iшiнде, ал сайлау қарсаңында және сайлау күнi дереу" деген сөздер "өтiнiш келiп түскен күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi сөйлемде "қосымша" деген сөз алынып тасталсын;
      19) 27, 28 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Сайлау алдындағы үгiт
      1. Сайлау алдындағы үгiт - бұл белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуына түрткi болатын мақсаты бар қызмет.
      2. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген күннен басталып, сайлау қарсаңындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау қарсаңындағы күнi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
      3. Сайлау алдындағы үгiт:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
      2) сайлау алдындағы шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, жария түрдегi сайлау алдындағы пiкiр таластары мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы шараларды) жария түрде өткiзу, кандидаттардың, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерiн өткiзу жолымен;
      3) баспа, дыбысты-көрiнiстi және өзге үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.
      4. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға:
      1) мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың лауазымды адамдарына;
      2) әскери бөлiмдерге, әскери мекемелер мен ұйымдарға;
      3) сайлау комиссияларының мүшелерiне тыйым салынады.
      5. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.
      Осы Конституциялық заңда лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп мыналар ұғынылады:
      1) қарауындағы немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды қызмет уақытында сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тарту;
      2) егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға сол шарттармен аталған үй-жайларды пайдалануға кепiлдiк берiлмесе, кандидаттың, партиялық тiзiмнiң сайлануына ықпал ететiн iс-әрекеттi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану;
      Санамаланған шектеулердi сақтау лауазымды адамдарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмеуге тиiс.
      6. Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистер, бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының лауазымды адамдары сайлауларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуға құқылы емес.
      7. Меншiк нысанына қарамастан бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға; белгiлi бiр кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпараттарды жариялаудан қалыс қалуға; баспа басылымының таяудағы нөмiрiнде сол бетте және сондай көлемде немесе теледидар не радио хабарларында сондай уақытта аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге мiндеттi.
      Бұқаралық ақпарат құралдары осы Конституциялық заңда белгiленген тиiстi сайлау комиссияларының сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және хабарламаларды жариялауына кiдiрiссiз мүмкiндiк жасайды.
      Осы тармақтың талаптарын бұзу бұзушылыққа жол берген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн сот шешiмiмен тоқтата тұру үшiн негiз болып табылады.
      8. Бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдары осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқан пiкiрлерi үшiн жауапты болмайды.
      9. Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде көркемдеушi материалдары, сондай-ақ омырау белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар берiп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақшалай қаражаттар төлеу не оны беруге уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдында жөнсiз үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.
      Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ кез келген жеке және заңды тұлғаларға солардың атынан немесе соларды қолдап ойын-сауық және спорттық шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық шараларын өткiзуге тыйым салынады.
      Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяcи партиялардың, сондай-ақ олардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының осы тармақпен белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға әкеп соғады.
      10. Қандай да бiр адамның бейнесiн оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң жазбаша келiсiмiнсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге тыйым салынады.
      28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы
      1. Мемлекет белсендi сайлау құқығы бар азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге осы Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны, жақтап не қарсы кедергiсiз үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi.
      Осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестiктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге құқылы.
      2. Кандидаттардың тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген кезден бастап және үгiт науқаны аяқталғанға дейiн өзiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеп, насихаттауға құқығы бар.
      Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк берiледi.
      3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуi үшiн бiрдей қаражат бөлiнуiне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың теледидарда он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиода он минуттық сөз сөйлеуiне, сондай-ақ баспа басылымдарында екі баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.
      Партиялық тiзiмдерiн ұсынатын саяси партиялар теледидарда Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт көлемiнде саяси пiкiр-сайыстарға қатысуға құқылы.
      Бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарға және партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары саяси партияның, сол немесе өзге кандидаттың артықшылығын туғызбауға тиiс. Төлем мөлшерi, эфирден және баспасөзден орын беру шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi тиiстi телерадиохабар тарату ұйымдары, мерзiмдi баспасөз басылымдарының редакциялары сайлау тағайындалғаны жөнiндегi шешiм ресми жариялағаннан кейiн оныншы күннен кешiктiрмей хабарлауға және жариялауға тиiс, сондай-ақ мұндай Президент сайлауы кезiнде Орталық және облыстық сайлау комиссияларына, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық, сондай-ақ округтiк сайлау комиссияларына ұсынуға тиiс.
      Кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың бiрiне осы бұқаралық ақпарат құралдары берген эфир уақытын, баспасөз бетiндегi орынды бөлуге келiсу басқа да кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiндегi орынды бөлуге келiсу болып табылады.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттар мен партиялық тiзімін ұсынған саяси партиялардың сөз сөйлеу кезегi жазбаша өтiнiштердiң келiп түсу тәртiбiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келiп түссе, жеребе бойынша белгiленедi.
      Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеп болғасын оған бiрден түсiнiктеме бepугe, сондай-ақ баспа басылымдарында сол нөмiрдегi сөздерiне түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.
      4. Сайлау комиссияларының тапсырысы бойынша жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде үй-жайды бередi. Сайлау комиссиялары бөлiнген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуiнiң кестесiн жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Yй-жайды беру шарты барлық кандидаттар үшiн бiрдей.
      5. Тиiстi сайлау комиссиялары партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де баспа үгiт материалдарын басып шығару үшiн бiрдей мөлшерде ақша қаражатын бөледi. Барлық баспа үгiт материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған орын мен таралымы, тапсырыс берген адамдар, қандай қаражаттан төлегенi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгiттейтiн баспа материалдарын дайындауға, дерексiз үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
      6. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссиясымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды жар-қабырға, қалқан, тұғырлықтармен жарақтандырады. Yгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықты қамтамасыз ететiн шарттарда орналастырылады.
      Кандидаттар баспа үгіт материалдарын өзге де орындарда тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен iлiп қоюға құқылы.
      Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұрларға, тарихи, мәдени және сәулеттiк құндылығы бар үй-жайлар мен ғимараттарға, сондай-ақ сайлау комиссиясының үйi мен дауыс беруге арналған үйге iлiп қоюға тыйым салынады.
      7. Президенттiкке, Парламент және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуге, жария түрдегi сайлау алдындағы шараларды өткiзуге, қосымша үгiт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығындарының орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге де ақша қаражатын тартуға, сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың кандидаттардың тауарлар, жұмыс және сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген кез келген қызметiн қабылдауға, аталған заңды тұлғаларға осы қызметтi көрсеткенi үшін кандидат тарапынан кез келген жәрдем көрсетуге тыйым салынады.
      Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге байланысты кандидатқа, саяси партияларға қызмет көрсететiн заңды және жеке тұлғаларда бұлардың осы қызметтердi қабылдауға деген жазбаша келiсiмi болуға тиiс. Жазбаша келiсiмi жоқ тұлғалар әкімшiлiк тұрғыда жауапты болады.
      8. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмдi баспа басылымдары сайлау комиссияларының хабарларын, сайлауға қатысатын кандидаттар туралы деректердi орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiп пен көлемде жариялауға мiндеттi.
      9. Сайлаумен байланысты қоғамдық пiкiрдi сұрау нәтижелерiн жариялауда бұқаралық ақпарат құралдары сұрау жүргiзген ұйымды, кiмнiң тапсырыс бергенiн және оны кiм төлегенiн, сұрау жүргiзiлген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау нәтижесiнiң ағаттық коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
      Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пiкiр сұрау нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетiн күнге дейiн бес күн iшiнде және дауыс берiлетiн күнi жариялауға жол берiлмейдi.
      Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда және дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiр сұрауды жүргiзуге тыйым салынады.
      29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы
      1. Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сайлау алдындағы өзiнiң болашақ қызметiнiң бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарлама Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық араздықтарды өршiту, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеяларын уағыздамауға тиiс.
      2. Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси партиялардың партиялық тiзiмдерiн тiркеуден бас тартуға, ал кандидат немесе саяси партиялар мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.";
      20) 30-бап алынып тасталсын;
      21) 31 бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "31-бап. Сенiм бiлдiрiлген адамдар
      1. Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенiм бiлдiрген адамдарының болуына хақылы, олар сайлау науқанын жүргiзуге көмектеседi, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзедi, кандидаттардың, саяси партиялардың мүдделерiн білдiредi.
      2. Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар, сенiм бiлдiрген адамдарын өздерiнiң қалаулары бойынша белгiлейдi және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.
      Кандидат, саяси партия сенiм бiлдiрген адамдары ретiнде ұсынған адам тиiстi сайлау комиссиясына сенiм бiлдiрмеген адам болуға келiсiмi туралы өтiнiшiн ұсынады.
      3. Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.
      4. Сенiм бiлдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам бола алмайды.
      5. Сенiм бiлдiрiлген адамдар өздерiне партиялық тiзiмді ұсынған саяси партияның, кандидаттың жазбаша түрде берген ұсынған саяси партиялар берген өкілеттiк шегiнде жұмыс iстейдi.
      6. Сенiм білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз бастамасымен, кандидаттың және партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партиялардың шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеудiң күшi жойылған жағдайда өз мәртебесiнен айырылады.";
      22) 33-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша "үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне еңбек ақы төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шет елдiң заңды тұлғаларының кандидаттарды, кандидаттардың тiзiмдерiн ұсынуға iс және сайлауға, сайлауларда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.";
      23) 34-бапта:
      1-тармақта:
      "Мәжiлiсi" деген сөз алынып тасталсын;
      "Парламент" деген сөзден кейiн "және мәслихаттар депутаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың 3) тармақшасы ", сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың дерегi жоқ қайырмалдықтарына" деген сөздерiмен толықтырылсын;
      4-тармақта екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорға келiп түскен ақшалай қаражаттың жалпы сомасы туралы ақпаратты сайлау өткiзiлгеннен кейiн он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiн сайлау кезiнде Орталық сайлау комиссиясы; Парламент Сенаты депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық сайлау комиссиялары, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде - округтiк сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";
      6-тармақта:
      төртiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi, сондай-ақ тиiстi сайлау комиссиясының сұрауы бойынша осындай мәлiметтердi жиырма төрт сағаттың iшiнде бередi.";
      бесiншi сөйлемде "тәртiбiн" деген сөзден кейiн "және тиiстi сайлау комиссияларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қалпына келтiрiледi және сайлау алдындағы күнi сағат 18.00-де тоқтатылады.
      Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап келiп түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен аспауға тиiс.";
      24) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республика Президентiн, Парламент депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау шараларын қаржыландыруды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.";
      25) 36-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кандидаттардың сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты жұмсауын бақылау заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.";
      3-тармақта "өзге де мемлекеттiк органдар" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың мамандары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 37-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттiк тiлде және орыс тілiнде басылады.
      Сайлау бюллетеньдерi сайлау округiндегi сайлаушылардың жалпы санының 0,1 процентi резервiмен сайлау округiндегi сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.";
      3-тармақта "жетi күн қалғанға дейiн" деген сөздер "кем дегенде бiр күн қалғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "үш күн" деген сөздер "кем дегенде бiр күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 38-баптың 2-тармағы "сайлаушыларды" деген сөзден кейiн "бұқаралық ақпарат құралдары арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      28) 39-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi сөйлемде "немесе бөлмелер" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Бұл ретте байқаушылар, сенiм бiлдiрiлген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерi мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң сайлау жәшiктерiн, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кiрудi және шығуды бақылауына жағдай жасалуға тиiс.";
      2-тармақта:
      екiншi сөйлем "Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы" деген сөздерден кейiн "бip мезгiлде дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттейдi," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Дауыс беру күнi сайлау учаскесiнде сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
      Сайлау туралы заңдарды бұзған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi оның жұмысына қатысудан дереу шеттетiледi, ал байқаушы мен өзге де адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.
      Осы шешiмнiң орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, шеттетiлген сайлау комиссиясының мүшесiн де, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге де адамды заңдарда көзделген жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шешiм қабылдайды.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Ішкі iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi дауыс беруге арналған үй-жайларда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуға тиiс және тәртiптi қалпына келтiргеннен кейiн не комиссия төрағасының өтiнiшi бойынша ол жерден дереу кетуге мiндеттi";
      29) 40-бапта:
      3-тармақ алынып тасталсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасы "комиссия мүшелерiнiң" деген сөздердiң алдынан "дауыс беру басталғанға дейiн отыз минут қалғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      30) 41-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының ауру мүшесiн күтiп бағу себебiне байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екіден кешiктiрiлмей берiлген жазбаша өтiнiшi бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiне барып дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.
      Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларға, сенiм бiлдiрiлген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруi туралы ақпаратпен хабардар етуге мiндеттi.
      Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс берудi ұйымдастыру үшiн барған жағдайда оларға мiндеттi түрде байқаушылар не сенiм бiлдiрілген адамдар iлесiп барады.
      Дауыс берудi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi олардың бүлiну мүмкiндiгiн ескере отырып сайлау бюллетеньдерiнiң қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.";
      7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
      9-тармақта "6, 7 және 8-тармақтарына" деген сөздер "6-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 42-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi сөйлемде "немесе бөлмелерде" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.";
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремiн" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiкте "не "Барлық саяси партияларға қарсы дауыс беремiн" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақта "не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремiн" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болмасын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.";
      5-тармақ алынып тасталсын;
      32) 43-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Дауыстарды санау дауыс беру қорытындысын анықтағанға дейiн үзiлiссiз жүргiзiледi, ол учаскелiк сайлау комиссияларының барлық мүшелерi мен осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысушы адамдардың назарына жеткiзiлуге тиiс. Сайлау учаскесiндегi дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталғаннан соң он екi сағаттан аспауға тиiс.
      Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң әрекетiн үй-жайдағы барлық қатысушы адамдар көрiп отыратындай етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгiлер көрiнiп тұратындай қашықтықта және сондай жағдайда бақылайды.";
      3-тармақтың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер бар жәшiктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесi қажеттi дауыс санаудың нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.
      Бiрiншi кезекте тасымалданатын сайлау жәшiктерi ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшiктерiндегi бюллетеньдердің саны үй-жайдан тыс жерде дауыс беру үшiн дауыс беру мүмкіндігiн туғызу туралы жазбаша өтiнiштердiң санына сәйкес келуi керек. Егер тасымалданатын сайлау жәшiктерiндегi белгiленген үлгiдегi сайлау бюллетеньдерiнiң саны жазбаша өтiнiштердiң санынан артық болса, онда бұл жәшiктегi сайлау бюллетеньдерiнiң барлығы жарамсыз деп танылады, тасымалданатын сайлау жәшiктерiнен шығарылған барлық сайлау бюллетеньдерiнің жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады, онда осы тасымалданатын жәшiктердiң көмегiмен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Дауыс беру үшiн тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн барып, тұрақты жәшiктер ашылады.";
      4-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) жойылған бюллетеньдердiң санын анықтайды.";
      5-тармақта:
      4) тармақша "сайлаушылардың" деген сөздiң алдынан "қарындашпен белгi соғылған, түзету немесе өзге де жалған жасау iздерi бар, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жақтап" немесе "қарсы" дауыс бергендердi тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) бюллетеньдерi қатарынан алынып тасталады.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды қарындашпен және түрлi түстi сиямен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi.
      Хаттаманың көшiрмесi барша жұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы жалпы арнайы белгiленген жерге дереу iлiнедi.
      Осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санауға қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшының қолдары қойылған және сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесі берiледi.";
      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "8-1. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi округтік сайлау комиссиясы дауыс беру күнiне дейiн он күннен кешiктiрмей бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып белгiлеген сайлау учаскелерiнiң бiрiнде жүргiзiлетiн округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Нәтижелер осы учаскеге жеткiзiлетiн учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде айқындалады.
      Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi барша жұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайына iлiнедi.
      Осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санауға қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшының қолдары қойылған және сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi берiледi.
      8-2. Округтiк сайлау комиссиясы дауыс беру күнi басталғаннан бес күннен кешiктiрмей сайлау учаскелерiндегi дауыстарды санаудың нәтижелерi туралы алдын ала бейресми жиынтық жаршысын жасайды және барша жұрттың танысуы үшiн отырысы өткен сайлау комиссиясының үй-жайына iлінедi.
      Ресми жиынтық жаршы учаскелiк сайлау комиссияларының дауыстарды санаудың нәтижелерi туралы алынған хаттамалардың негiзiнде жасалады, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды және барша жұрттың танысуы үшiн iлiнедi.";
      9-тармақтың екiншi сөйлемi "және дауыстардың дұрыс саналмағандығы фактiлерiн ұсынған арыз берушiлердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      33) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
      "43-1-бап. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенi пайдалану
      1. Сайлау өткiзу кезiнде ақпараттарды жедел алу, беру және өңдеу мақсатында сайлаушылардың тiзiмiн жасау, дауыс беру, дауыс беру қорытындыларын анықтау және сайлау нәтижелерiн айқындау үшiн автоматтандырылған ақпараттық жүйе пайдаланылады.
      2. Сайлау комиссиясы мүшелерiнiң, байқаушылардың, кандидаттар мен олардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгiзiлетiн және одан шығарылатын кез келген ақпаратпен танысуға құқығы бар.
      3. Сайлаушылардың тiзiмiн жасау, дауыс берудi өткiзу, дауыс беру қорытындыларын анықтау және сайлау нәтижелерiн айқындау үшiн автоматтандырылған ақпараттық жүйенi пайдалану тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.";
      34) 44-бапта:
      4-тармақта:
      1) тармақша "Парламент" деген сөзден кейiн "Сенатының" деген сөздермен толықтырылсын, "Орталық сайлау комиссиясы" деген сөздерден кейiн ", Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау бойынша тиiстi округтiк сайлау комиссиялары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшада "тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы" деген сөздер "тиiстiк аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлау күнi, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзiлген азаматтардың жалпы саны; дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) саны; сайлау округтерiнiң жалпы саны; дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайтадан сайлау өткiзiлетiн округтердiң саны; сайлау округтерi бойынша сайланған депутаттардың саны; әр саяси партия үшiн берiлген дауыстар саны; сайланған депутаттардың өмiрбаяндық деректерi берiлген тiзiмi көрсетiледi.
      Тиiстi округтiк сайлау комиссиясының хабарламасында: сайлаушылар тiзiмдерiне енгiзiлген азаматтардың жалпы саны; дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны; әрбiр кандидат үшiн берілген дауыс саны; сайлау учаскелерi бойынша жарамсыз деп танылған бюллетеньдердiң саны; Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына, мәслихат депутаттығына сайланған адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, атқаратын қызметi (жұмысы), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы, ұлты туралы мәлiметтер көрсетiледi.";
      35) 47-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      3-тармақта:
      "жарияланғанға дейiн" деген сөздерден кейiн "Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз" деген сөздермен толықтырылсын;                 "тиiсiнше Орталық сайлау комиссиясының, тиiстi аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз" деген сөздер алып тасталсын;
      36) 48-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Eгep сайлау комиссиясы шағымды тексеру кезiнде шағымда көрсетiлген мән-жайларды құқық қорғау органдарының тексеруi қажет деп тапса, онда тиiстi органдар сайлау комиссиясының арыздануы бойынша мән-жайларды тексередi, арызды алған күннен бастап үш күн мерзiмде, ал егер арыз сайлау болатын күнге дейiн кемiнде бес күн қалғанда не сайлау болатын күнi алынса, бұзушылықтың жолын кесу жөнiнде дереу шаралар қолданады.
      4. Құқық қорғау органдары әкiмшiлiк не қылмыстық заңдардың күшін қолдануға болатын тәртiп бұзушылықтарды анықтаған кезде сайлау туралы заңдарды бұзған адамдарды жауапкершiлiкке тарту үшiн iстi сотқа тапсырады.";
      37) 49-бапта:
      тақырыпта "шағым беру мерзiмдерi" деген сөздер "шағым беру және күшiн жою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", ал дауыс беруден" деген сөздерден кейiн "кемiнде" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сотқа шағым жасалады.
      Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмыстарын сайлау процестерi кезiнде, соның iшiнде демалыс күндерi мен сайлау күнi шағымдарды осы Конституциялық заңда белгiленген мерзiмдерде қабылдау мен қарауды қамтамасыз ететiндей жолмен ұйымдастырады.";
      38) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "50-бап. Сайлау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық
      1. Адам:
      1) сайлау комиссияларының жұмысына араласқан;
      2) дауыс беруге кедергi келтiрген;
      3) кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеуге байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
      4) дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;
      5) кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
      6) сайлаушыларды сатып алумен айналысқан;
      7) сайлау құжаттарын қолдан жасаған;
      8) дауыстарды көрiнеу қате санаған;
      9) сайлау нәтижелерiн көрiнеу қате белгiлеген;
      10) дауыс беру құпиясын бұзған;
      11) Республика азаматының өз сайлау құқығын еркiн жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту-үркiту, сатып алу жолымен кедергi келтiрген жағдайда заңдармен белгіленген қылмыстық жауапты болады.
      2. Адам:
      1) осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi ұсынбаған немесе жарияламаған;
      2) сайлау комиссиясының өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмi орындамаған;
      3) кандидатты тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның қарсаңындағы күнi сайлау алдындағы үгiттi жүргiзген;
      4) сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiрген;
      5) кандидаттар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан немесе олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасаған;
      6) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң құқықтарын бұзған;
      7) азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзған;
      8) сайлаушылар тiзiмiн жасау үшiн сайлаушылар туралы қате мәлiметтер берген;
      9) азаматтарға сайлау бюллетеньдерiн басқа адамдарды жақтап дауыс беру мақсатында берген;
      10) сайлауға қатысу үшiн демалыс бермеген;
      11) БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзған;
      12) дерексiз үгiт материалдарын дайындаған немесе таратқан;
      13) үгiт материалдарын қасақана жойған немесе зақым келтiрген;
      14) кандидаттарға, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық (материалдық) қолдау көрсеткен;
      15) кандидатты сайлау үшiн шетелдiк мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдық алған;
      16) сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу жүргiзу шарттарын бұзған;
      17) сайлауда кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергі келтiрген жағдайда заңдармен белгiленген әкiмшiлiк және өзге де жауаптылықта болады.
      3. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде сайлау комиссиясы сотқа не прокуратураға шағымдануға құқылы.
      4. Кандидат, саяси партия осы Конституциялық заңның талаптарын бұзған кезде, кандидатты тiркеуден бас тарту немесе оның күшiн жою үшiн негiз болып табылатын талаптарды қоспағанда, оларға ескертiледi, ал қайта бұзған кезде тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
      39) 54-бапта:
      1-тармақта:
      "қандай да бір дін қызметшісі болмауға және" деген сөздер алып тасталсын;
      "2-тармаққа" деген сөздер "2, 3-тармақтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ "Бұл ретте" деген сөздерден кейiн "Президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында кемiнде 15 жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi, ал" деген сөздермен толықтырылсын;
      40) 55-баптың 3-тармағы бiрiншi абзацының бесiншi сөйлемiнде "қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде" деген сөздер алып тасталсын:
      41) 56-бапта:
      2-тармақта "eкi" деген сөз "бiр" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта "осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын бастамашыл топтар жүзеге асырады," деген сөздер "сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қойылған қолдардың растығын тексеру осы баптың 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатқа қажеттi қойылған қолдардың саны белгiленгенге дейiн жүргiзiледi.";
      42) 57-бап алып тасталсын;
      43) 58-бапта "үш", "бес" және "он" деген сөздер тиiсiнше "бec", "жетi" және "он бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
      44) 59-бапта:
      2-тармақта екiншi сөйлемде "жетi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын, "жағдайларда" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-1) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табыс және мүлiк туралы декларацияны ұсынғандығы туралы анықтамалар;";
      6-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:            "3-1) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табыс және мүлiк туралы декларацияны ұсынғандығы туралы анықтамалар;";
      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мына жағдайларда:
      кандидат ұсыну ережесiн бұзғанда, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбағанда;
      кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде;
      кандидат сайлау алдындағы науқанда өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланғанда;
      кандидат өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не оның қарсаңындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзгенде;
      сот кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың абыройы мен қадiр-қасиетiне ңұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн анықтағанда;
      кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы мәлiмделген мәлiметтердiң жалғандығы анықталғанда:
      сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерiн анықтағанда;
      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
      45) 60-баптың 1 және 2-тармақтарында ", бiрақ дауыс беруден кемiнде жетi тәулiк бұрын," деген сөздер алып тасталсын;
      46) 63-баптың 1-тармағының екiнші сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, көп дауыс алған келесi кандидат сайлау бюллетенiне қосылады.";
      47) 64-бапта:
      1-тармақта "Егер Президент сайлауында бiр ғана кандидат дауысқа түссе және ол сайланбай қалса," деген сөздер алып тасталсын;
      екінші сөйлем алып тасталсын;
      48) 65-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
      49) 68-баптың 1-тармағы "Премьер-Министрдiң" деген сөзден кейiн "сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      50) 70-бапта "2-тармағы" деген сөздер "2, 3-тармақтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      51) 71-баптың 4-тармағында "қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде" деген сөздер алып тасталсын;
      52) 72-бапта:
      1-тармақта "он" деген сөз "бiр" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақта "осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын бастамашыл топтар жүзеге асырады" деген сөздер "сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      53) 73-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi сөйлемде "жиырма бec" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемде "жетi" деген сөз "бec" деген сөзбен ауыстырылсын, "жағдайларда" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "сайлау күнiнен кемiнде қырық күн бұрын" деген сөздер "барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "сайлау күніне" деген сөздерден кейiн "кем дегенде" деген сөздер алып тасталсын;
      4-тармақтың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-1) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табыс және мүлік туралы декларацияны ұсынғандығы туралы анықтамалар;";
      5-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табыс және мүлiк туралы декларацияны ұсынғандығы туралы анықтамалар;";
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мына жағдайларда:
      кандидат ұсыну ережесiн бұзғанда, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбағанда;
      кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде;
      кандидат сайлау алдындағы науқанда өзiнiң лауазымдық немесе қызмет бабын пайдаланғанда;
      кандидат оны тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның қарсаңындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзгенде;
      кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтағанда;
      кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы мәлiмделген мәлiметтердiң жалғандығы анықталғанда, сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтағанда;
      осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол үш күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.";
      54) 74-баптың 1 және 2-тармақтарында ", бiрақ дауыс беретiн күнге кемiнде жетi тәулiк қалғанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      55) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
      Кандидаттың сайлау қоры:
      10) жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгі жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспайтын кандидаттың жеке қаражатынан;
      2) жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспайтын Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.";
      56) 77-баптың 2-тармағында "депутаттардың жалпы санының" деген сөздер "сайланған депутаттар санының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      57) 79-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Кандидаттардың бiреуi шығып қалған жағдайда, көп дауыс алған келесi кандидат сайлау бюллетенiне қосылады.";
      58) 80-бапта:
      1-тармақта "бiрден-бiр немесе екi кандидат дауысқа түскен кезде ол (олар) сайланбай қалса," деген сөздер "екi кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      59) 81-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      60) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сенат депутаты өкiлеттігінiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.";
      61) 84-баптың 1-тармағы "Республика Премьер-Министрiнiң" деген сөздерден кейiн "сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берілетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      62) 86-бапта "2-тармағына" деген сөздер "2 және 3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      63) 87-бапта:
      1-тармақта "республикалық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерде" деген сөздер "саяси партияларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды ұсынуды саяси партиялардың жоғары органдары кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып жүргiзедi. Саяси партияның осы саяси партия мүшесi болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етiп ұсынуға құқығы жоқ. Саяси партия әрбiр сайлау округінде Мәжiлiс депутаттығына бiр ғана кандидатты ұсына алады. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм саяси партияның жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттаманың үзiндiсiмен ресiмделедi. Мәжiлiс депутаттығына сайлау үшiн адамдарды партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша кiргiзудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқығы жоқ. Мәжiліс депутаттығына сайлану үшiн партиялық тiзiмге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша кiргiзілген адамның аумақтық сайлау округi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.";
      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Саяси партиялар сайлау өткiзу кезеңiнде Орталық сайлау комиссиясында тiркелетiн сайлау блоктарын құра алады. Сайлау блоктарын кемiнде екi саяси партия құра алады. Саяси партия сайлау өткiзу кезеңiнде бiр ғана сайлау блогына кiре алады. Сайлау блогына кiру туралы шешiмдi саяси партияның жоғары органы қабылдайды.
      Сайлау өткiзу кезеңiнде сайлау блоктарына осы Конституциялық заңда саяси партиялар үшiн көзделген ережелер қолданылады.";
      3-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "Қоғамдық бiрлестiктiң үш күн мерзiм iшiнде" деген сөздер "Саяси партияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта "және бiр партиялық тiзiмнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақта:
      "алпыс күн" деген сөздер "екi ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      64) 88-бапта:
      сөйлемдегi "жиырма бec" деген сөздер "жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлемдегi "жетi" деген сөз "бec" деген сөзбен ауыстырылсын", "кемiнде жетi процентiн алған жағдайларда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi сөйлемде "кемiнде жетi процентiн алған жағдайда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      65) 89-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Қоғамдық бiрлестiктен" деген сөздер "Саяси партиядан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) осы саяси партияның әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттар көшiрмесi қоса тiркелген тиiстi сайлау округi бойынша кандидатты ұсыну жөнiндегi саяси партияның жоғары органының отырысы хаттамасының үзiндiсi;";
      2) тармақшада "қоғамдық бiрлестiктен" деген сөздер "саяси партиядан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табыс және мүлiк туралы декларацияны ұсынғандығы туралы анықтамалар;";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) кандидаттың өзiн ұсынған саяси партияның мүшесi екендiгiн растайтын құжат.";
      3-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-1) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табыс және мүлiк туралы декларацияны ұсынғандығы туралы анықтамалар;";
      6-тармақта:
      1) тармақшада "қоғамдық бiрлестiкке" деген сөздер "саяси партияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мына жағдайларда:
      кандидат ұсыну ережесiн бұзғанда, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбағанда;
      кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде;
      кандидат сайлау алдындағы науқанда өзiнiң лауазымдық немесе қызмет бабын пайдаланғанда;
      кандидат оны тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның қарсаңындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзгенде;
      кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың абыройы мен қадiр-қасиетіне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтағанда;
      кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы мәлiмделген мәлiметтердiң жалғандығы анықталғанда;
      сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтағанда;
      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
      7-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) партиялық тiзiмге кiргiзбеген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы мәлiмдеменi ұсынғандығы туралы анықтамалар;";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      6) осы тiзiмдi ұсынған саяси партияның партиялық тiзiмiне енгiзiлген адамның мүшелiгiн растайтын құжат болған жағдайда жүргiзiледi.";
      екiншi бөлiк алынып тасталсын;
      8-тармақта:
      "кез келген" деген сөз алынып тасталсын;
      "енгiзiлген" деген сөзден кейiн "саяси партиялар арасында бөлiнетiн депутаттық мандаттардың белгiленген санының жиырма бес процентiнен аспайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мына жағдайларда:
      саяси партия партиялық тiзiмдi ұсыну ережесiн бұзғанда, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбағанда;
      партиялық тізімді ұсынған саяси партия немece оның сенiм бiлдiрiлген адамдары партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не сайлау қарсаңындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзгенде;
      партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының партиялық тiзiмдi ұсынған басқа саяси партия кандидатының немесе партиялық тiзiмге кіргiзiлген адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтағанда;
      партиялық тiзiмнен барлық партиялық тiзiмнiң жиырма бес проценттен астамын құрайтын адамдар шыққанда;
      сот партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партиялардың немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтағанда;
      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;";
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мына жағдайларда:
      партиялық тiзiмге кiргiзiлген адам Конституцияда және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде;
      партиялық тiзiмге кiргiзiлген адам сайлау алдындағы науқанда өзiнiң лауазымдық немесе қызмет бабын пайдаланғанда;
      партиялық тiзiмге кіргiзiлген адам партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн не сайлау күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзгенде;       партиялық тiзiмге кiргiзiлген адам немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының партиялық тiзiмдi ұсынған басқа саяси партия кандидатының немесе партиялық тiзiмге кiргiзбеген адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтағанда;
      партиялық тiзiмге кiргiзiлген адам және оның жұбайы (зайыбы) табыс және мүлiк туралы мәлiмдеген мәлiметтердiң жалғандығы анықталғанда;
      сот партиялық тiзiмге кіргiзілген адамның не оның сенiм білдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтағанда, осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмге кiргiзiлген адамды осы тiзiмнен алып тастау туралы шешiм қабылдайды;";
      66) 90-бапта:
      1 және 2-тармақтарда "бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемінде жетi тәулiк бұрын," деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта "Қоғамдық бiрлестiктiң" деген сөздер "Саяси партияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Партиялық тiзiмге кiргiзiлген адам бұл туралы Орталық, сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тiзiмнен қайтарып ала алады.";
      екiншi сөйлемдегi "Бұл жағдайда" деген сөздер "Бұл жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "күшiн жою" деген сөздерден кейiн "не партиялық тiзiмге кiргiзiлген адамды алып тастау" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "хақылы" деген сөз "тиiс" деген сөзбен ауыстырылсын, "қоғамдық бiрлестiктiң" деген сөздер "саяси партияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      67) 91-бап алынып тасталсын;
      68) 92-баптың 2-тармақшасында "республикалық қоғамдық бiрлестiк" деген сөздер "саяси партия" деген сөздермен ауыстырылсын;
      69) 95-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Кандидаттардың бipeуі шығып қалған жағдайда, көп дауыс алған келесi кандидат сайлау бюллетенiне қосылады.";
      70) 96-бапта:
      1-тармақта "бip ғана кандидат немесе екi кандидат дауысқа түскен кезде ол (олар) сайланбай қалса," деген сөздер "екi кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      71) 97-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      72) 97-1-баптың 5-тармағында:
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Саяси партияны тарату не саяси партиядағы мүшелiгiн тоқтату осы партияның партиялық тiзiмi бойынша сайланған Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкілеттiгiн тоқтату үшiн негiз болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Саяси партиялар бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш және саяси партияның жоғарғы органы отырысы хаттамасының көшiрмесiн бере отырып, кандидаттардың партиялық тiзiмдегi кезектілiгiн өзгертуге құқылы.";
      73) 99-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.";
      74) 100-баптың 1-тармағы "Республика Премьер-Министрiнiң" деген сөздерден кейiн "сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      75) 101-баптың 2-тармағында "төрт" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      76) 102-бапта "2-тармағына" деген сөздер "2, 3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      77) 103-бапта:
      1-тармақ "сондай-ақ" деген сөзден кейiн "олардың құрылымдық бөлiмшелерi мен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуды республикалық немесе жергілiктi қоғамдық бiрлестiктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жоғары органдары әр кандидат дауысқа түсiп отырған сайлау округiн көрсете отырып жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң депутаттыққа кандидаттар ретiнде сол қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестiк, оның құрылымдық бөлiмшелерi әр сайлау округiнен мәслихат  депутаттығына бiр ғана кандидат ұсына алады. Мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және ол хаттаманың үзiндiсiмен ресiмделедi.";
      3-тармақтың бiрiншi абзацында "үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей" деген сөздер алынып тасталсын;
      6-тармақта "үш" және "екі ай" деген сөздер тиiсiнше "екi" және "бiр ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
      78) 104-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшада "тиiсiнше Республика Әдiлет министрлiгiнде, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының) әдiлет басқармасында" деген сөздер "әдiлет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кiрiстер және мүлiк туралы мәлiмдеменi ұсынуы туралы анықтамалар.";
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кiрiстер және мүлкi туралы мәлiмдеменi ұсынуы туралы анықтамалар.";
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мына жағдайларда:
      кандидат ұсыну ережесiн бұзғанда, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбағанда;
      кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде;
      кандидат сайлау алдындағы науқанда өзiнiң лауазымдық немесе қызмет бабын пайдаланғанда;
      кандидат оны тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның қарсаңындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзгенде;
      кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтағанда;
      кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлiмделген мәлiметтерiнiң жалғандығы анықталғанда;
      сот кандидат пен оның сенiм білдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтағанда;
      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
      8-тармақта "қырық" деген сөз "жиырма бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
      79) 105-бапта:
      1 және 2-тармақтарда ", бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын," деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақта "бiрлестiктiң" деген сөзден кейiн ", қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      80) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
      Кандидаттың сайлау қоры:
      1) кандидаттың оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгі жалақының жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс жеке қаражатынан;
      2) кандидатқа өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген, жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс қаражаттан;
      3) Республика азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының үш жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.";
      81) 109-бап алынып тасталсын;
      82) 110-бапта:
      1-тармақта "не бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда ол сайланбаса" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      83) 111-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледi.";
      84) 113-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мәслихат өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.";
      85) 114-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сайлауды өткiзу тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес белгiлейдi";
      86) 115-бапта "2-тармағына" деген сөздер "2, 3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      87) 117-баптың 3-тармағында "үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей" деген сөздер алынып тасталсын;
      88) 118-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кiрiстер және мүлiк туралы декларацияны ұсынуы туралы анықтамалар.";
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кiрiстер және мүлкi туралы декларацияны ұсынуы туралы анықтамалар.";
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) мына жағдайларда:
      кандидат ұсыну ережесiн бұзғанда, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынбағанда;
      кандидат осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде;
      кандидат сайлау алдындағы науқанда өзінің лауазымдық немесе қызмет бабын пайдаланғанда;
      кандидат оны тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгiт жүргiзгенде;
      кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрілген адамдарының басқа кандидаттың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлік беделiн түсiретiн жалған мәліметтердi таратқан фактiсiн сот анықтағанда;
      кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) кiрiстерi мен мүлкi туралы мәлімделген мәлiметтердің жалғандығы анықталғанда;
      сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерiн анықтағанда;
      осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешімнің күшiн жояды.";
      8-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он үш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      89) 119-баптың 1 және 2-тармақтарында ", бiрақ дауыс берілетiн күннен кемiнде үш күн бұрын" деген сөздер алынып тасталсын;
      90) 120-бап алынып тасталсын;
      91) 124-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;
      92) 127-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы өкілеттігiнің заңдармен белгіленген мерзiмi бiтуiне бір жыл қалғанда жергiлiктi өзін-өзі басқару органының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау өткізiлмейдi.";
      93) 128, 129, 130 және 132-баптар алынып тасталсын.

      2-бап. Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап
қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады