Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметiнiң арасында Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1196 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан келiссөздер жүргiзуге және Келiсiм жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасында Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы
Халықаралық автомобиль қатынасы туралы
Келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi,
      Тараптар мемлекеттерi арасында халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту қажеттiгiн басшылыққа алып,
      екi мемлекет арасындағы автомобиль қатынасы мен олардың аумақтары бойынша транзиттi жүзеге асыруды жеңілдетуге ынталана отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнің мақсаты Тараптар мемлекеттерiнің арасындағы халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдарын, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзиттiк тасымалды және Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнде тiркелген автокөлiк құралдарымен орындалатын үшiншi мемлекетке немесе үшiншi мемлекеттен тасымалдауды реттеу болып табылады.
      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

2-бап

      Осы Келiсiмде пайдаланылатын ұғымдардың мынадай мәндерi бар:
      1. "Тасымалдаушы" - Тараптардың бiрiнiң мемлекетi аумағында тiркелген және Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңнамасына сәйкес автокөлiк тасымалдарын сыйақы немесе өз есебiнен орындауға рұқсат етiлген кез келген жеке немесе заңды тұлға.
      2. "Автокөлік құралы":
      1) жолаушыларды тасымалдау кезiнде - жолаушыларды тасымалдауға арналған және техникалық талаптарға сәйкес жүргiзушiнiң орнын қоса алғанда, тоғыздан астам отыратын орны бар автобус немесе кез келген механикалық жетектi жол автокөлiк құралы;
      2) жүк тасымалдау кезiнде - жүк тасымалдауға арналған кез келген механикалық жетектi автокөлiк құралы немесе тiркемелер мен жартылай тiркемелердi қоса алғанда, техникалық талаптарға сәйкес қайта жабдықталған автокөлiк құралы.
      3. "Автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау" - бұл белгiленген аялдама пункттерiнде жолаушылар отыра және түсе алатын жолаушыларды алдын ала белгiленген және жарияланған қозғалыс кестелерiне, тасымалдау тарифтерiне және тасымалдау шарттарына сәйкес белгiленген жол бағыты бойынша, тасымалдау.
      4. "Жолаушыларды автобустармен тұрақты емес тасымалдау" - бұл тұрақты болып табылмайтын жолаушылар тасымалы.
      5. "Каботаждық тасымалдар" - бұл екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан екi пункт арасында бiр Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушылары жүзеге асыратын жолаушылар мен жүктердiң тасымалдары.
      6. "Рұқсат" - Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары берген және Тараптардың бiрiнің мемлекетiнiң аумағы бойынша автокөлiк құралының жүрiп өтуiне (бару және қайту) құқық беретiн құжат.
      7. "Арнайы рұқсат" - Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары беретiн және ауыр салмақты, шағын немесе қауiптi жүгi бар автокөлiк құралының Тараптардың бiр мемлекетiнiң аумағы бойынша жүрiп өтуiне құқық беретін құжат.

3-бап

      1. Автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының келiсiмi бойынша тепе-теңдік негiзде жүзеге асырылады. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары өзара келiсiм бойынша жол бағытының, өздерiнiң аумақтары арқылы өтетiн бөлiгiне тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыруға арналған рұқсатты бередi. Уағдаластық негiзінде Тараптар мемлекеттерiнiң құзыретті органдары рұқсаттың қолданылу шарттарын, iшiнара алғанда, оның қолданылу мерзiмiн анықтайды, шекаралық өткелдер мен қолданылатын тарифтердi көрсету арқылы бағыт кестесiн, сызбасын келiседi.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң арасында жолаушыларды автобустармен немесе олардың аумақтары арқылы транзитпен тұрақты емес тасымалдаулар рұқсатсыз жүзеге асырылады.
      Тұрақты емес тасымалдар кезiнде бақылаушы орган беретiн жолаушылардың расталған тiзiмi талап етіледi.

4-бап

      1. Белгiленген бағыттарға сәйкес автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру құқығын куәландыратын рұқсатты алуға өтiнiм Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарына жiберiледi.
      2. Өтiнімнiң, сондай-ақ рұқсаттың мазмұны мен нысанын Тараптар мемлекеттерінiң құзыреттi органдары белгiлейдi.

5-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң бос автобусы екiншi Тарап мемлекетінің аумағына кiрген кезде мынадай жағдайларда рұқсаттар талап етiлмейдi:
      а) тасымалдаушы ақаулы автобусты пайдалануға жарамды басқа автобуспен ауыстыру үшiн;
      б) сол тасымалдаушының жолаушылар тобын, осы топ бұрын жеткiзiлген екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағындағы пункттен бастапқы жөнелту пунктiне керi тасымалдау мақсатында кiруi үшiн;
      в) Тараптар мемлекеттерiнің бiрiнде заңды және/немесе жеке тұлғалар үшiн сатып алынған автобустарды айдап келу үшiн.

6-бап

      1. Екi Тарап мемлекеттерінің арасында, олардың аумақтары арқылы транзитпен, үшiншi мемлекеттерден/ге автокөлiк құралдарымен жүктердi тасымалдау, осы Келiсiмнің 11-бабында көзделген тасымалдарды қоспағанда, Тараптар мемлекеттерінің құзыреттi органдары беретiн рұқсаттардың негiзінде жүзеге асырылады.
      2. Әрбiр тасымалға, егер рұқсаттың өзiнде өзгеше ескерілмесе, барып қайтуға бiр рейс жасауға құқық беретiн жеке рұқсат берiледi.
      3. Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары жыл сайын бiр-бiрiне жүктердi тасымалдауға арналған рұқсаттар бланкiлерiнің өзара келiсiлген санын бередi.
      4. Әрбiр автомобильге немесе автопоезға жеке рұқсат берiлуi тиiс.

7-бап

      Жолаушылар мен жүктердiң каботаждық тасымалдарына тыйым салынады.

8-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерінде көзделген тасымалдарды өз мемлекетiнің ұлттық заңнамасына сәйкес халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат етілген тасымалдаушылар ғана орындауы мүмкiн.
      2. Автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерінде тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығына арналған, 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы конвенцияның талаптарына жауап беретiн ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi және автокөлік құралына арналған тiркеу куәлiгi болуы тиiс.
      3. Жүк автомобильдерінде немесе автомобиль тартқыштарында өз мемлекетiнiң тiркеу және айырымдық белгiлерi бар болған жағдайда, тiркемелер мен жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттердiң тiркеу және айырымдық белгiлерi болуы мүмкiн.

9-бап

      Әрбiр тасымалдаушы Тараптар мемлекеттерiнiң заңды және жеке тұлғаларына келтiрілуi мүмкiн залал үшiн өзiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн алдын ала сақтандыруға міндеттi.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiнде көзделген тасымалдар Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық автомобиль жолдары бойынша жүзеге асырылады. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары қажет болған жағдайларда тасымалдау бағытын белгiлеуi мүмкiн.

11-бап

      1. Рұқсаттар:
      а) ең жоғарғы массасы тiркемелердi қоса алғанда, 6 тоннадан аспайтын немесе ең жоғарғы жүк көтергiштiгi тiркемелердiң жүк көтергiштiгiн қоса алғанда, 3,5 тоннадан аспайтын автокөлiк құралдарымен жүктерді;
      б) зақымдалған автокөлiк құралдарын;
      в) почтаны;
      г) жәрмеңке және көрме жүктерiн;
      д) театрға, музыкалық және басқа да мәдени iс-шараларға, цирк ойындарына, фильмдер көрсетуге, радио және телехабарларға арналған декорациялар мен басқа да жүктердi;
      e) күтпеген апатты жағдайда көмек ретiндегi дәрi-дәрмектер мен кез келген басқа материалдарды, сондай-ақ гуманитарлық жүктердi тасымалдау кезiнде талап етілмейдi.
      2. Рұқсат, сондай-ақ уақытша (транзиттiк) тiркеу нөмiрлерi бар автокөлiк құралдарын мақсатталған жерiне айдап бару кезiнде талап етiлмейдi.
      3. Осы Келiсiмнiң 18-бабына сәйкес құрылған бiрлескен комиссия осы бапта көрсетiлген рұқсаттарды талап етпейтiн тасымалдардың тiзбесiн.
      4. Жүргiзушіде, ол жүзеге асыратын тасымал, жоғарыда айтылған тасымалдар түрлерiнiң бiрi болып табылатынын куәландыратын құжаттар болуы тиiс.

12-бап

      1. Егер жүгi бар немесе жүксiз жүрген автокөлiк құралының көлемдерi немесе салмағы, сондай-ақ бiлiкке түсетiн салмақтық жүктемелерi екiншi Тарап мемлекетінің аумағында белгiленген нормалардан асып кетсе, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы екiншi Тарап мемлекетiнің құзыреттi органының арнайы рұқсатын алуы тиiс.
      2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған арнайы рұқсат автокөлiк құралының белгiлi бiр бағыт бойынша қозғалысын көздесе, онда тасымалдау осы бағыт бойынша жүзеге асырылуы тиiс.

13-бап

      1. Осы Келiсiм шеңберiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының иегерлерiмен пайдаланушылары, ақылы автомобиль жолдарымен, автомагистральдармен, көпiрлермен және тоннельдермен жүрiп өту үшiн алынатын алымдар мен төлемдердi қоспағанда, егер мұндай алымдар мен төлемдер, соның iшiнде осы Тарап мемлекетiнің автокөлiк құралдарынан өндiрiп алуға жататын болса, автомобиль құралдарын иеленуге немесе пайдалануға, екiншi Тарап мемлекетiнің автомобиль жолдарын пайдалануға немесе күтiп ұстауға байланысты алымдар мен төлемдерден өзара босатылады.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес тасымалдарды орындау кезiнде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына уақытша әкелуге байланысты өндiрiп алынатын кедендiк төлемдер салудан:
      а) жасаушы - зауыт қозғалтқыштың қоректендiру жүйесiмен технологиялық және конструктивтi жағынан байланысқан автокөлiк құралының әрбiр үлгiсi үшiн көздеген сыйымдылықтардағы жанармай, жасаушы - зауыт сондай-ақ жылу беру және салқындатқыш қондырғылардың жұмысына арналған тiркемелер мен жартылай тiркемелерге орнатқан сыйымдылықтардағы жанармай;
      б) тасымалдау уақытында тұтынуға қажеттi мөлшердегi жағармай материалдары;
      в) жол жүру кезiнде, халықаралық тасымалды орындайтын автокөлiк құралын қалыпты пайдалануға қажеттi мөлшердегi қосалқы бөлшектер мен саймандар өзара босатылады.
      3. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер, сондай-ақ ауыстырылған ескi қосалқы бөлшектер Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкетілуi, не кедендiк органдардың бақылауымен жойылуы, не тиiстi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген тәртiппен өткізілуi тиiс.

14-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiнде көзделген арнайы рұқсаттар, сондай-ақ тасымалдау құжаттары барлық сапарлар кезiнде автокөлiк құралында болуы және талап ету бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң бақылаушы органдарының өкiлдерi тексеру үшiн көрсетiлуi керек.

15-бап

      Тасымалдаушылар мен олардың автокөлiк құралдарының экипаждары Екiншi Тарап мемлекетiнің аумағында тасымалдауды жүзеге асырған кезде, осы Тарап мемлекетiнің ұлттық заңнамасын, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерiн сақтауы тиiс.
      Осы Келiсiмде, сондай-ақ екi Тараптың да мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда реттелмеген мәселелер өзара консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысының ұлттық заңнамасына сай шешiлетiн болады.

16-бап

      1. Тасымалдаушы немесе оның жүргiзушiлерi екiншi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын немесе осы Келiсiмнiң ережелерiн бiрнеше рет бұзған кезде, аумағында автокөлiк құралы тiркелген Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органдары, мемлекетi аумағында бұзушылық жасалған Тараптың өтiнiшi бойынша мынадай шаралардың бiрiн қабылдайды:
      а) ескерту;
      б) осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес тасымалдарды орындауға уақытша тыйым салу;
      в) бұзушылыққа жол берiлген Тарап мемлекетiнiң аумағында тасымалдауды орындау құқығынан уақытша, жартылай немесе толық айыру.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары бiр-бiрiн өздерi қолданған шаралар туралы хабардар етедi.
      3. Осы Келiсiмнiң ережелерiнде, аумағында ұлттық заңнамасы бұзылған Тарап мемлекетiнің құзыреттi органдары қолдануы мүмкiн санкциялар жоққа шығарылмайды.

17-бап

      1. Шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға қатысты Тараптар, Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерiн басшылыққа алады, ал осы шарттармен реттелмеген мәселелердi шешкен кезде, аумағында бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттің ұлттық заңнамасы қолданылатын болады.
      2. Жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдары кезінде, сондай-ақ ауыр науқасты адамдарды, тез бүлiнетiн жүктердi және жануарларды тасымалдау кезінде шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылау бiрiншi кезекте жүзеге асырылады.

18-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау және оған байланысты мәселелердi талқылау мақсатында Тараптар мемлекеттерінiң құзыреттi органдары Бiрлескен комиссия құрады.
      2. Осы Келiсiмнің және осы Келiсiмдi қолдану ережелерi туралы Атқару хаттамасының ережелерiн түсіндiру немесе қолдану жөнінде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, оларды Бiрлескен комиссия шешетiн болады.
      3. Бiрлескен комиссияның мәжілiстерi қажеттiлiгiне қарай Тараптардың бiрiнiң мемлекетінің құзыреттi органының ұсынысы бойынша өткiзiледi.

19-бап

      1. Тараптар осы Келiсiмдi қолдану ережелерi туралы Атқару хаттамасында осы Келiсiмнiң орындалу тәртiбiн белгiлейдi.
      Атқару хаттамасы осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2. Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге және осы Келiсімдi қолдану ережелерi туралы Атқару хаттамасына, жекелеген хаттамалар түрiнде ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.

20-бап

      Осы Келiсiм, оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшінде қала бередi.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы автомобиль қатынасы туралы 1992 жылғы 16 қыркүйектегi келiсiм осы Келiсiм күшiне енген сәттен бастап өзiнiң күшін жояды.
      _________жылғы "__" _____________________________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiндердің күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, орыс тiлiндегi мәтiн басшылыққа алынатын болады.

      Қазақстан Республикасының       Беларусь Республикасының
      Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Беларусь Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмді қолдану ережелерi туралы
Атқару Хаттамасы

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Yкiметiнің арасындағы халықаралық
автомобиль қатынасы туралы _________ жылғы "__"____________________
келiсiмдi (бұдан әрi - "Келiсiм") қолдану ережелерiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi мыналар туралы келiстi:
      1. Мыналар Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары болып табылады:
      Қазақстан Тарапынан:
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi.
      Беларусь Тарапынан:
      3, 4, 10, 16 және 18-баптар бойынша - Беларусь Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
      12-бап бойынша - iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарына арналған арнайы рұқсаттарды беру бөлiгiнде - Беларусь Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Белавтодор" департаментi, қауіптi жүктердi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатты беру бөлiгінде - Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегi министрлiгінің Өнеркәсiп пен атом энергетикасындағы жұмыстардың қауiпсiз жүргiзілуiн қадағалау жөнiндегi департаментi.
      2. Келiсiмнің ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары белгiленген тәртiппен ресiмделген жолаушылардың тұрақты тасымалдарына арналған рұқсаттар бередi.
      3. Келiсiмнiң 6 және 12-баптарына сәйкес автокөлiк құралдарының жүруiне:
      а) екi Тарап мемлекеттерiнiң арасында немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен жүктердiң тасымалдарын жүзеге асыруға арналған Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарының рұқсаты;
      б) Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүруi үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының арнайы рұқсаты;
      в) Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарының арнайы рұқсаты;
      г) екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан үшiншi мемлекеттiң аумағына немесе үшiншi мемлекеттiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына тасымалдарды жүзеге асыруға Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарының арнайы рұқсаты беріледi.
      4. Рұқсат бланкiсi:
      Қазақстан Тарапы - қазақ және орыс тiлдерiнде;
      Беларусь Тарапы - беларусь және орыс тілдерінде дайындайды.
      Белгіленген жылға дайындалған рұқсат бланкілерiнің реттiк нөмiрлерi, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi құзыреттi органдарының тиiстi қолы мен мөрi болуы тиiс.
      5. Қазақстан Тарапынан ауыр салмақты және iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүруiне арналған арнайы рұқсаттар бланкілерiн және қауiптi жүктердi тасымалдауға арнайы рұқсаттар бланкiлерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi растайды.
      6. Беларусь Тарапынан ауыр салмақты және iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүруiне арналған арнайы рұқсаттар бланкiлерiн - Беларусь Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Белавтодор" департаментi, қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттар бланкілерiн Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiнiң Өнеркәсiп пен атом энергетикасындағы жұмыстардың қауiпсiз жүргiзілуiн қадағалау жөнiндегi департаментi растайды.
      7. Бiрлескен комиссия немесе Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары әрбiр келесi жылға екi Тарап мемлекеттерiнің арасында, олардың аумақтары бойынша транзитпен, үшiншi мемлекеттен/мемлекетке жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға арналған, олармен өзара келiсiлген алмасу өткен күнтiзбелiк жылдың 15 желтоқсанына дейiн жүргiзiлетiн рұқсаттардың қажеттi санын белгiлейдi. Ағымдағы жылға берiлген рұқсаттар күнтiзбелiк жыл бойы келесi жылдың 31 қаңтарына (қоса алғанда) дейiн жарамды.
      8. Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары осы Келiсiм ережелерiнiң орындалу барысы, халықаралық автомобиль тасымалына, салықтар мен кедендiк төлемдерге байланысты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасындағы өзгерiстер туралы, өткен жылғы тасымалдардың жай-күйi, шекара өткелдерiнiң жұмыс режимi және тасымалдарды жетілдiруге бағытталған басқа да мәселелер туралы бiр-бiрiн хабардар етeдi.
      9. Аталған құзыреттi органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде, Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етiлетiн болады.
      Атқару хаттамасы осы Келiсiммен бiр мезгілде күшiне енедi.
_________ жылғы "__"_________________ _______________ қаласында екi
түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тілдерінде жасалды және де барлық мәтіндердің күшi бiрдей.
      Осы Атқару Хаттамасының ережелерiн түсіндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегi мәтiн басшылыққа алынатын болады.

      Қазақстан Республикасының      Беларусь Республикасының
      Үкiметi үшiн                   Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады