Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi арасындағы құпия материалдардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы Алтай Абылайұлы Тiлеубердинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi арасындағы құпия материалдардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi
арасындағы құпия материалдардың сақталуын
өзара қамтамасыз ету туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Германия Федеративтiк Республикасының Yкiметi,
Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң ұлттық заңнамасының негiзiнде құпия материалдарға жатқызылған және екі елдiң мемлекеттiк органдарымен немесе ұйымдарымен жасалған мемлекеттiк шарттар шеңберінде мемлекеттiк органдар немесе ұйымдар арқылы екiншi Тарапқа берiлген құпия материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге ниет білдiре отырып,
ол кейiннен Тараптар арасында жасалатын ынтымақтастық туралы барлық келiсiмдерге және құпия материалдармен алмасумен байланысты шарттарға қолданылатын құпия материалдардың сақталуын өзара қамтамасыз ету режимiн реттеу ниетiн басшылыққа ала отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Түсiнiктердi айқындау
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
1) "құпия материалдар" - олардың таралуы немесе жойылуы Қазақстан Республикасының және/немесе Германия Федеративтiк Республикасының қауiпсiздiгiне және мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қорғалатын, осы Келiсiммен белгіленген тәртiппен берiлген, сондай-ақ Тараптар ынтымақтастығының процесiнде қалыптасқан фактiлер, заттар, мәлiметтер;
2) құпия материалдардың таралуы" - құпия материалдарды кез келген басқа тәсілдермен олармен танысу құқығы берiлмеген заңды және жеке тұлғаларға хабарлау, беру, ұсыну, жөнелту, жариялау немесе жеткiзу;
3) "құпия тапсырыс" - оның шеңберiнде құпия материалдар тапсырысшының мемлекетiнен орындаушыға берілуге тиiс немесе тапсырысшының ұйымдарында жұмыс орындайтын орындаушының қызметкерлерi үшiн қол жеткiзетiн бiр Тарап мемлекетiнiң мемлекеттiк органы не ұйымы ("тапсырысшы") мен екiншi Тарап мемлекетiнiң мемлекеттiк органы не ұйымы ("орындаушы") арасындағы шарт.
2. Құпиялылық дәрежелерi мынадай түсiнiктермен анықталады:
1) Қазақстан Республикасының тарапынан құпия материалдар мынадай құпиялылық белгiлерiмен белгiленедi:
а) "Өте құпия" - олардың таралуы немесе жоғалуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне залал келтiруi мүмкiн болатын мәлiметтерге берiледi;
b) "Құпия" - олардың таралуы немесе жоғалуы мемлекеттiң ұлттық мүдделерiне, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн болатын мәлiметтерге берiледi;
2) Германия Федеративтiк Республикасының тарапынан құпия материалдар мынадай құпиялылық белгiлерiмен белгiленедi:
а) "GEHEIM" - егер осы материалдармен рұқсатсыз танысу Германия Федеративтiк Республикасының немесе оның жерлерiнiң бiрiнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiрсе не олардың мүдделерiне айтарлықтай залал келтiруi мүмкін болса;
b) "VS-VERТRAULICH" - егер осы материалдармен рұқсатсыз танысу Германия Федеративтiк Республикасының немесе оның жерлерiнiң бiрiнің мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн болса.
3. Қазақстан Республикасының таралуы шектелген материалдары мен Германия Федеративтiк Республикасының құпия материалдар мынадай шектеу белгiлерiмен белгiленедi:
1) Қазақстан Республикасының тарапынан:
"Қызмет бабында пайдалану үшiн" - оларды ашық жариялау немесе тарату Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiне қатысты мәлiметтерге беріледi;
2) Германия Федеративтiк Республикасының тарапынан:
"VS-NUR FUR DEN DIENSTGEBRAUCH" - егер осы материалдармен рұқсатсыз танысу Германия Федеративтiк Республикасының немесе оның жерлерiнiң бiрiнiң мүдделерi үшiн керi салдары болуы мүмкiн болса.
2-бап
Құпиялылық дәрежелерi мен шектеу
белгiлерiнің салыстырмалылығы
Тараптар құпиялылық дәрежелерi мен оларға сәйкес келетiн құпиялылық белгiлерi, шектеу белгiлерi мынадай үлгiмен салыстырылатындығын белгілейді:
Қазақстан Республикасы Германия Федеративтiк Республикасы
"Өте құпия" "GEHEIM"
"Құпия" "VS-VERТRAULICH"
"Қызмет бабында пайдалану үшiн" "VS-NUR FUR DEN
DIENSTGEBRAUCH"
3-бап
Берiлетiн материалдарды белгiлеу
1. Берілетiн құпия материалдарды тиiстi құпия материалдарды иеленушi беретiн Тараптың мемлекеттiк органы не оның тапсырмасы бойынша өзге мемлекеттiк орган осы Келiсiмнiң 2-бабына сәйкес салыстырылатын құпиялылық белгiлерiмен және шектеу белгiлерiмен белгiлейді.
2. Белгілеудiң мiндеттiлiгi, сондай-ақ құпия тапсырыстарға байланысты алушы мемлекетте қалыптасқан құпия материалдарға және алушы мемлекетте дайындалған көшiрмелерге қолданылады.
3. Құпиялылық дәрежесiн тиiстi құпия материалдарды иеленушi, беретiн Тараптың мемлекеттiк органы өзгертедi немесе алып тастайды. Құпия материалдарды берушi Тараптың мемлекеттiк органы шешiм қабылданғанға дейiн алты апта бұрын екiншi Тараптың мемлекеттiк органына құпиялылық дәрежесiн өзгертуге немесе алып тастауға дейiн алты апта бұрын өзiнің ниетi туралы хабарлайды.
4. Тиiстi құпия материалдардың құпиялылық дәрежесiн өзгерту немесе алып тастау тәртiбi берушi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасымен айқындалады.
4-бап
Құпия материалдардың сақталуын
қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
1. Құпия материалдарды беру берушi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қабылдаушы Тарап осы Келiсiмге сәйкес берiлген немесе орындаушыда құпия тапсырысқа байланысты қалыптасқан құпия материалдардың саналуын өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қамтамасыз етедi.
3. Берiлген құпия материалдармен жұмыс iстеуде Тараптар тиiстi құпиялылық дәрежесiндегi өзінің құпия материалдарына қатысты қолдануға жататын құпиялылық режимiн қамтамасыз етедi.
4. Тарап оған екiншi Тараптың берген құпия материалдарын материалдарды берген Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа бермейдi. Құпия материалдар тек беру кезiнде көрсетiлген мақсаттарда ғана қолданылады.
5. Құпия материалдарға қол жеткiзу тек осыған уәкiлеттiк берiлген "қажет болған кезде ғана танысу" деген талапқа жауап беретiн адамдарға ғана берiледi. Тиiстi құпиялылық дәрежесіндегi құпия материалдарға адамға рұқсат беру туралы куәлiктiң барлығы қол жеткiзу үшiн негiздеме болып табылады. "Қызмет бабында пайдалану үшiн"/"VS-NUR FUR DEN DIENSTGEBRAUCH" деген белгiсi бар шектеулi таралымдағы материалдарға қол жеткiзу үшiн мұндай рұқсат талап етілмейді.
6. "Қызмет бабында пайдалану үшiн"/"VS-NUR FUR DEN DIENSTGEBRAUCH" деген белгiсi бар шектеулi таралымдағы материалдардың сақталуы Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қамтамасыз етiледi.
7. Тараптар тиiсiнше өз мемлекетiнiң аумағында қауiпсiздiк және осы Келiсiмнің орындалуы жөнiндегi қажеттi инспекцияларды жүргiзудi қамтамасыз етедi.
5-бап
Кәсiпорындарға құпия тапсырыстарды беру
1. Құпия тапсырысты бергенге дейiн тапсырысшы ол үшiн жауапты мемлекеттiк орган арқылы орындаушы үшiн жауапты мемлекеттiк органнан орындаушыда құпия материалдармен жұмыс iстеуге тиiстi рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы куәлiктi сұратады. Бұл ретте мынадай рәсiм қолданылады:
1) егер орындаушы құпия материалдармен жұмыс iстеуге тиiстi рұқсат (лицензия) алмаған жағдайда тапсырысшы үшiн жауапты мемлекеттiк орган бiр мезгілде орындаушы үшiн жауапты мемлекеттiк органға орындаушының құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұлттық заңнама нормаларына сәйкес құпия материалдармен жұмыс iстеуге рұқсатты (лицензияны) алуы жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдауы туралы қамқорлық жасауына өтiнiш білдiре алады;
2) құпия материалдармен жұмыс iстеуге берiлген рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы куәлiк ұйымдар өз оферталарын беруге шақырылған немесе тендерге қатысушыларға құпия материалдарды тапсырысты бергенге дейiн беру қажет болған жағдайларда сұратылуы тиiс;
3) орындаушының құпия материалдармен жұмыс iстеуге берiлген рұқсаты (лицензиясы) болуы туралы екiншi Тараптың мемлекетiнен сұратылатын куәлiгінде жоба туралы, сондай-ақ орындаушыға берілетiн және/немесе онда қалыптасатын құпия материалдардың көлемi мен құпиялылық дәрежесi туралы мәлiметтер болуы мүмкiн. Құпия материалдармен жұмыс iстеуге рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы куәлiкте ұйымның толық атауынан, почталық мекен-жайынан және қауіпсiздiк мәселелерi жөнiнде уәкілеттiк берiлген адамның белгiленген деректерiнен басқа, осы ұйым құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекетiшiлiк нормаларға сәйкес құпия материалдардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қандай көлемде және қандай дәрежеде қабылдағандығы туралы мәлiметтер болуға тиiс;
4) Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдары берiлген құпия материалдармен жұмыс iстеуге рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы куәлiктерде көрсетiлген жағдайлар өзгерген жағдайда бiр-бiрiне хабарлайды;
5) Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдарының арасында мұндай хабарламалармен алмасу хабарлаушы Тараптың мемлекеттiк тiлiнде немесе ағылшын тілінде жүзеге асырылады;
6) Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдарына жiберiлетiн құпия материалдармен жұмыс iстеуге берiлген рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы куәлiктер мен мұндайларды сұратулар осындай куәлiктi немесе сұратуды жiберушi Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жiберiледi.
2. Құпия тапсырыс туралы шартта орындаушы оның мемлекетiндегi құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi қолданылып жүрген нормаларға сәйкес құпия материалдардың сақталуы үшiн қажеттi шараларды қабылдаудағы мiндеттемелерi туралы ереже болуға тиiс.
3. Тапсырысшы үшiн жауапты мемлекеттiк орган жекелеген тiзбе (құпияландыруға жататын материалдар тiзбесi) түрiнде әрбiр жеке алынған құпия тапсырыс бойынша құпиялылық белгiсiн қоюды талап ететiн барлық материалдар туралы орындаушыға хабарлайды, қажеттi құпиялылық дәрежесiн белгiлейдi және аталған тiзбе құпия тапсырыс туралы шартқа қосымша болуы жайлы қамданады. Тапсырысшы үшiн жауапты мемлекеттiк орган аталған тiзбенi беруге немесе оны орындаушы үшiн жауапты мемлекеттiк органға беру туралы өкiм жасауға тиiс.
4. Орындаушы үшiн жауапты мемлекеттiк орган құпия материалдармен жұмыс iстеуге рұқсаттың (лицензияның) болуы туралы тиiстi куәлiк берiлгеннен кейiн тапсырысшы үшiн жауапты мемлекеттiк орган орындаушының құпия материалдарға қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
5. Осы баптың ережелерi "Қызмет бабында пайдалану үшiн"/"VS-NUR FUR DEN DIENSTGEBRAUCH" деген шектеу белгiсi бар материалдарға қолданылмайды.
6-бап
Құпия материалдарды беру
1. Құпия материалдарды бiр мемлекеттен басқасына жеткiзудi дипломатиялық арналар бойынша фельдъегерлiк қызмет немесе әскери курьерлiк қызмет жүзеге асырады. Тарап мемлекетiнiң уәкілеттi органы құпия материалдарды алғандығын растайды және құпия материалдарды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекетiшiлiк нормаларға сәйкес оларды қабылдаушыға жiбередi.
2. Егер дипломатиялық арналарды немесе әскери-курьерлiк қызметтi пайдалану тасымалдауды немесе тапсырысты орындауды барынша қиындататын болса, Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдары әрбiр жеке алынған жоба үшiн құпия материалдарды құпиялылық шарттарын сақтай отырып, өзге жолмен тасымалдау мүмкiндiгiн келiсе алады. Мұндай жағдайларда:
1) тасымалдаушыда құпиялылық дәрежесiне сәйкес келетiн құпия материалдарды тасымалдауға және оларға қол жеткiзуге құқығы болуға тиiс;
2) жөнелтушi ұйымда тасымалданатын құпия материалдардың тiзiмi қалуға тиiс; осы тiзiмнiң бiр данасы Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органына беру үшiн қабылдаушыға берілуге тиiс;
3) құпия материалдар құпия хат-хабарларды тасымалдауға қатысты жөнелтушi Тарап мемлекетінде қолданылатын ережелерге сәйкес буып-түйiлуi тиiс;
4) құпия материалдар оларды алғандығын растайтын қолхат арқылы берілуге тиiс;
5) тасымалдаушыда жөнелтушi немесе қабылдаушы мекеме үшiн жауапты мемлекеттiк орган берген курьерлiк куәлiгi болуға тиiс.
Айтарлықтай көлемдегi құпия материалдарды тасымалдау үшін Тараптар мемлекеттерiнің уәкiлеттi органдары әрбiр нақты жағдайда тасымалдау тәсiлiн, тасымалдау бағытын және алып жүру нысанын белгiлейді.
3. "Қызмет бабында пайдалану үшiн"/"VS-NUR FUR DEN DIENSTGEBRAUCH" деген белгiсi бар таратылуы шектелген материалдар оларды қорғау режимi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекетішілік нормалар сақталған кезде басқа Тарап мемлекетiнiң аумағындағы алушыларға почта арқылы немесе басқа да курьерлiк қызметтердің көмегiмен жiберілуi мүмкiн.
4. "Өте құпия"/"GЕНЕIМ", "Құпия"/"VS-VERТRAULICH" деген белгiсi бар құпия материалдарды шифрланбаған түрде электрондық жолмен беруге болмайды. Мұндай құпия материалдарды шифрлау үшiн тек өзара келiсiм бойынша Тараптардың мемлекеттiк қауіпсiздiк органдары рұқсат еткен шифрлау құралдарын ғана пайдалану қажет.
5. "Қызмет бабында пайдалану үшін"/"VS-NUR FUR DEN DIENSTGEBRAUCH" деген белгiсi бар таратылуы шектелген материалдар өзара келiсiм бойынша Тараптардың мемлекеттiк қауіпсiздік органдары рұқсат еткен стандартты коммерциялық шифрлау құрылғыларын пайдалана отырып берiлуi немесе электронды жолмен қол жеткiзiлуi мүмкiн. Мұндай материалдарды шифрланбаған түрде беруге, егер оларды қорғау режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекетішiлiк нормалар бұған қайшы келмесе, егер қолда рұқсат етiлген шифрлау құрылғылары жоқ болса, егер беру тек кабельдiк желілер арқылы жүзеге асырылса және егер берудiң белгіленген тәсiлі күнi бұрын жөнелтушi мен алушы арасында келiсілген болса ғана рұқсат етiледi.
7-бап
Құпия материалдармен жұмыс iстеу
1. Қалыптасқан немесе берiлген құпия материалдар Тараптар мемлекеттерiнiң өз құпия материалдарына қатысты қолданылатын талаптарға сәйкес есепке алынады, көбейтiледi (таралымы көбейтіледi), сақталады және жойылады.
2. Құпия материалдар оларды берген Тараптың мемлекеттiк органының жазбаша хабарламасы бойынша қайтарылады немесе жойылады.
8-бап
Сапарлар
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң келушiлеріне басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында, сондай-ақ құпия материалдармен жұмыс iстейтiн ұйымдарда бiрлескен жұмыстар шеңберiнде жауапты мемлекеттiк органның алдын ала жазбаша рұқсатымен ғана құпия материалдарға рұқсат берiледi. Рұқсат тек құпия материалдарға қол жеткiзуге уәкiлеттiк берiлген және "Тек қажеттi жағдайда танысу" талабына жауап беретiн адамдарға ғана берiледi.
2. Құпия материалдармен жұмыс жүргiзiлетiн Тараптардың бiрiнiң ұйымына барумен болатын сапарлар туралы өтiнiштер өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органына уақтылы жiберiледi. Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдары өтiнiштердiң тетіктерi туралы бiр-бiрiне хабарлайды және жеке деректердің құпиялылық режимiн қамтамасыз етедi.
3. Сапарлар туралы өтiнiштер келетiн елдiң мемлекеттiк тілінде немесе орыс тiлiнде жiберiлуге тиiс және онда мынадай деректер болуға тиiс:
1) келушінің аты мен тегi, туған күнi мен жерi, сондай-ақ шетелдiк паспортының нөмiрi;
2) келушiнiң азаматтығы;
3) келушiнiң лауазымы және ол танытатын мемлекеттiк органның немесе ұйымның атауы;
4) келушi қол жеткiзуге уәкiлеттендiрiлген материалдардың құпиялылық дәрежесi;
5) сапардың мақсаты мен белгiленген күнi.
4. Құпия тапсырыстар шеңберiнде сапарларды жүзеге асыру үшiн рұқсат алдын ала Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдарымен келiсiледi. Рұқсатты алғаннан кейiн мынадай рәсiм қолданылады:
1) Жiберушi ұйымның қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi адамы келетiн ұйымның қауiпсiздiк мәселелерi жөніндегi уәкiлеттi адамымен сапардың қажеттiгi туралы уағдаласуы және сапар басталғанға дейiн келушiнiң осы Келiсiмге сәйкес қажеттi өкiлеттiгiнiң бар екенiн растауға тиiс. Жеке басын растау үшiн келушi келетiн ұйымның қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi адамына өзiнiң шетелдiк паспортын көрсетуге тиiс;
2) Келетiн ұйымның қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi адамы келушiлердің аты-жөндерi, олар танытатын мекемелердiң атаулары, олардың құпия материалдарға берiлген рұқсаттарының қолданылу мерзiмi, сапардың мерзiмi және ол қатынасқан адамдардың тектерi болуға тиiс тiзiмдер түрiнде барлық сапарларды есепке алуды қамтамасыз етуге тиiс. Осы тiзiмдер кемiнде бес жыл сақталуға тиiс.
5. "Қызмет бабында пайдалану үшін"/"VS-NUR FUR DEN DIENSTGEBRAUCH" деген белгiсi бар таратылуы шектелген материалдарға байланысты сапарлар, егер бұл оларды қорғау режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекетiшілік нормаларға қайшы келмесе, жiберушi және келетiн ұйымдар арасында тікелей келiсіледi.
9-бап
Консультациялар
1. Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдары басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылып жүрген құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормаларды назарларына алады.
2. Осы Келiсiмдi орындау кезiнде тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары олардың бiрiнің өтiнiшi бойынша консультациялар өткiзедi.
Бұдан басқа, Тараптардың әрқайсысы басқа Тараптың мемлекеттiк қауіпсiздiк органына не өзара келiсiм бойынша белгiленген кез келген басқа мемлекеттік органға оның мемлекеттiк қауiпсiздік органымен және ұйымдарымен оған басқа Тараптың берген құпия материалдардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелердi талдау үшін Тарап мемлекетiнiң аумағына келуге рұқсат етедi. Тараптардың әрқайсысы көрсетiлген мемлекеттiк органға басқа Тарап берген құпия материалдардың қорғалуының жеткілiктiлiгiн айқындауда оған қолдау көрсетедi. Сапарлардың деректерiн Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары нақтылайды.
10-бап
Осы Келiсiмнің ережелерiн бұзу
1. Бiр Тарап берген құпия материалдарды санкцияланбаған тарату не құпия материалдарды осындай тарату фактiсi белгiлi болған жағдайда басқа Тарап берген Тарапқа бұл туралы дереу хабарлайды, оған осы уақиғаның мән-жайлары, оның салдарлары және оның жолын кесу жөнiнде қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ болашақта мұндай уақиғалардың алдын алу жөніндегi шаралар туралы хабар бередi.
2. Құпия материалдардың сақталуын қамтамасыз ету туралы ережелердi бұзушылықтар аумағында бұзушылықтар орын алған Тарап мемлекетiнің ұлттық заңнамасына сәйкес тергеледi, бұл туралы басқа Тарапқа уақтылы хабарлайды. Қажет болған кезде басқа Тарап мұндай тергеулерге қатыса алады.
11-бап
Шығыстар
Құпиялылық режимiн сақтау жөнiндегi шараларды жүргiзумен байланысты туындаған бiр Тараптың мемлекеттiк органдарының шығыстарын басқа Тарап өтемейдi.
12-бап
Тараптар мемлекеттерiнің уәкiлеттi органдары
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн Тараптар бiр-бiрiне қандай мемлекеттiк органдар осы Келiсiмнiң iске асырылуына жауапты болып табылатыны туралы хабарлайды.
13-бап
Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi. Осы Келiсiмнiң ережелерiн өзгертумен және толықтырумен байланысты мәселелердi Тараптар өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешедi.
14-бап
Даулы мәселелердi шешу
Осы Келiсiмдi пайымдауға немесе қолдануға қатысты даулар Тараптар мемлекеттерiнің уәкілеттi органдары арасындағы консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi. Мұндай консультациялар кезінде Тараптар осы Келiсiмге сәйкес өздерiнiң мiндеттемелерiн орындауды жалғастырады.
15-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Келiсiм Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiнен оны күшiне енгiзу үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдердi орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалды. Тараптардың бipeуi дипломатиялық арналар арқылы басқа Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн 6 ай өткен соң Тараптар осы Келiсiмдi бұза алады. Осы Келiсiмнің қолданылуы тоқтатылған кезде құпия материалдарға осы Келiсiмнің ережелерi құпиялылық белгiсiнiң болуымен негiздi болып тұрғанға дейін қолданылады.
3. Мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiм жасалған Тарап ол күшiне енгеннен кейiн дереу БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес оны Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркейдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы жүргiзiлген тiркеудi растағаннан кейiн тiкелей басқа Тарапқа БҰҰ-ның тiркеу нөмiрiн көрсетумен бұл туралы хабарлайды.
______________ жылғы "__"____________ ____________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, немiс және орыс тілдерiнде жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердің күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнің ережелерiн пайымдау кезiнде пiкiрлер алшақтығы туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк
Yкіметi атынан Республикасының Үкiметi
атынан