Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұлан" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1236 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын  туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұлан" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады