Мазут экспорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1315 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қырғызстан Республикасы Үкіметінің Уәкілетті ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағынан 2003 жылғы желтоқсаннан бастап 2004 жылғы ақпан бойы тиісінше 15000 (он бес мың) тонна көлемінде тауарлар экспорты кедендік режиміне сәйкес мазут (СЭҚ ТН коды 271000710 - 271000780) әкетуге рұқсат берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі осы қаулының 1-тармағын орындау және әкетілетін мазуттың есебін алу жөніндегі қажетті шараларды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады