Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүргiзетін көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты 1970 жылғы 1 шiлдедегi Еуропалық келiсiмге (ECTP) қатысушы елдердiң құзыреттi органдарымен практикалық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында оның талаптарын қолдануды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүргізетін көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты 1970 жылғы 1 шілдедегi Еуропалық келiсiмдi (ECTP) қолдануға және орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) көрсетiлген Келiсiмнiң 1-бабының f) тармағында көзделген мәселеден басқа, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлiк құралдары экипаждарының жұмысын ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi iс-қимылдарын үйлестiруге жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын қабылданған шешiм туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi