"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Ресупбликасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1336 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне табиғи
және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын
алу мен жою және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат):
      1) 1-баптың 1) тармақшасында "техникалық" деген сөз "өнеркәсiптiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 45-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 54-бапта:
      3-тармақта "техникалық" деген сөз "өнеркәсiптiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      3) тармақша "талаптары" деген сөзден кейiн "өнеркәсіптік" деген сөзбен толықтырылсын;
      5) тармақша "қамтамасыз eту" деген сөздерден кейiн "өнеркәсіптiк қауiпсiздiктiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ алып тасталсын.

      2. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат):
      1) 1-бапта:
      бесiншi абзацта "жарияланған" деген сөз "болған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтiрген нұқсанның көлемiне қарай объектiлi, жергiлiктi, аймақтық және барынша ауқымды болып бөлiнедi";
      жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы абзацтары алып тасталсын;
      2) 10-бапта:
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "төтенше жағдайлардың жiктелуiн белгiлейдi";
      он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "табиғи және техногендiк сипаттағы барынша ауқымды төтенше жағдайлардың зардаптарын жою туралы шешiм қабылдайды";
      он бесiншi абзац алып тасталсын;
      3) 13-баптың тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
      4) 19-бап алып тасталсын;
      5) 20-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Төтенше жағдайлар аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстардың басшылары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген төтенше жағдайларды жiктеу негiзiнде анықтайды";
      6) 24-бап алып тасталсын.

      3. "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат):
      1) 1-баптың оныншы абзацында "технологиясы мен авариялық сипаты жөнiнен ерекше қауiптi өндiрiстерге" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-бапта:
      1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтарында "өpткe қарсы," деген сөздерден кейiн ", суда құтқару," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен нормалар бойынша арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен, барлық керек-жарақтармен, аспаптармен және материалдармен қамтамасыз етiледi.
      5. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша Құтқару қызметтерi құрылуы мүмкiн, олардың ұжымдық-құқықтық нысаны мен қызметiн ұйымдастыру ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
      3) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстардың басшысының өкiлеттігін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi";
      4) 23-бапта:
      2-тармақ:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қызметтiк iздестiру иттерiн қолдануға";
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң кинологиялық қызметтерiн жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етудiң және қызметтiк iздестiру иттерiн тамақтандырудың нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлейдi";
      5-тармақта "тармақпен" деген сөз "тамақтық азық-түлiкпен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады