Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусiз көмегiн пайдаланудың шарттары туралы хаттар алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер вице-министрi Мұхтар Бескенұлы Тiлеубердiге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусiз көмегiн пайдаланудың шарттары туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қытай Халық Республикасының
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Чжоу Сяопэй мырзаға
Жоғары Мәртебелi,
Осымен Сiздiң 2003 жылғы " " желтоқсандағы мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растауды өзiме мәртебе санаймын:
"Осымен Қытай Халық Республикасының Үкiметi атынан Тараптар достастық ниеттегi келiссөздер нәтижесiнде төмендегiлер туралы келiскендiгiн растауды өзiме мәртебе санаймын:
1. Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында қол жеткiзiлген уағдаластықтар негiзiнде Қытай Халық Республикасының Үкiметi Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетiнiң оқу корпустарын дистанциялық оқуға қажеттi құрал-жабдықтармен жабдықтауды өзiне алады (бұдан әрi қарай - жоба).
2. Қытай тарапы объектiнi зерттеу мен жобалау, Астана қаласына жабдықтарды беру мен жеткiзу мәселелерiн өзiне алады, орнату мен техникалық оқыту жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн Қазақстан Республикасына қажеттi мамандар жiбередi. Бұл ретте оларға арналған шығыстар Қытай Халық Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы алмасу хаттарында көзделген өтеусiз көмек есебiнен жабылатын болады.
3. Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған жобаны iске асыру үшiн жеткiзiлген жабдықтар мен материалдарды (акцизделуге жататыннан басқа) салықтар мен кедендiк төлемдерден босату жөнiнде шаралар қабылдайды, сондай-ақ Астана қаласына жабдықтар жеткiзiлгеннен кейiн жүктi кедендiк тазалау, қабылдау және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау жөнiндегi нысандылықтарды өзiнiң есебiнен орындайды.
4. Жоғарыда айтылған жобаны iске асыру туралы барлық нақты мәселелер екi ел үкiметтерiнiң әрқайсысы тағайындаған уәкiлеттi органдар арасында жасалатын жеке Шартпен реттелетiн болады.
Егер Сiз жоғарыда айтылғандарды жауап хатпен растайтын болсаңыз, онда осы хат пен Сiздiң жауап хатыңыз Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусiз көмегiн пайдаланудың шарттары туралы келiсiм болып саналады, ол қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.".
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан жоғарыда айтылғандардың мазмұнымен келiсетiнiмдi және осы жауап хат пен Сiздiң хатыңыз Қытай Халық Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Yкіметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн өтеусiз көмегiн пайдаланудың шарттары туралы келiсiм болып саналатынын растауды өзiме мәртебе санаймын, ол қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiмнiң Сiзге деген терең құрмет сезiмдерде екендiгiме тағы да сендiремiн.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер вице-министрi
Мұхтар Тiлеубердi
Астана қаласы, 2003 жылғы " " желтоқсан
Жоба
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер вице-министрi
Мұхтар Тiлеубердi мырзаға
Жоғары Мәртебелi,
Осымен Қытай Халық Республикасының Yкіметi атынан Тараптар достастық ниеттегі келiссөздер нәтижесiнде төмендегілер туралы келiскендігін растауды өзiме мәртебе санаймын:
1. Қытай Халық Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында қол жеткiзілген уағдаластықтар негiзiнде Қытай Халық Peспубликасының Yкіметі Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетiнiң оқу корпустарын дистанциялық оқуға қажеттi құрал-жабдықтармен жабдықтауды өзiне алады (бұдан әрі қарай - жоба).
2. Қытай тарапы объектiнi зерттеу мен жобалау, Астана қаласына жабдықтарды беру мен жеткізу мәселелерін өзiне алады, орнату мен техникалық оқыту жөнiндегi жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасына қажеттi мамандар жiбередi. Бұл ретте оларға арналған шығыстар Қытай Халық Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы алмасу хаттарында көзделген өтеусіз көмек есебiнен жабылатын болады.
3. Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған жобаны іске асыру үшін жеткізілген жабдықтар мен материалдарды (акцизделуге жататыннан басқа) салықтар мен кедендiк төлемдерді босату жөнiнде шаралар қабылдайды, сондай-ақ Астана қаласына жабдықтар жеткiзiлгеннен кейiн жүкті кедендік тазалау, қабылдау және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау жөніндегі нысандылықтарды өзінің есебiнен орындайды.
4. Жоғарыда айтылған жобаны іске асыру туралы барлық нақты мәселелер екі ел үкіметтерінің әрқайсысы тағайындаған уәкілетті органдар арасында жасалатын жеке Шартпен реттелетiн болады.
Eгep Сіз жоғарыда айтылғандарды жауап хатпен растайтын болсаңыз, онда осы хат пен Сіздiң жауап хатыңыз Қытай Халық Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Yкiметінің Қазақстан Республикасының Yкiметiне беретін өтеусіз көмегін пайдаланудың шарттары туралы келiсiм болып саналады, ол қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiмнiң Сiзге деген терең құрмет сезiмдерде екендiгiме тағы да сендiремiн.
Қытай Халық Республикасының
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Чжоу Сяопэй
Астана қаласы, 2003 жылғы " " желтоқсан