"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 32-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар салада қызметін жүзеге асыратын "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) бюджетке қосылған құн салығы бойынша берешегін өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосылған құн салығы бойынша Қоғамның мерзімі өтіп кеткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алу қою арқылы Қоғамның билік ету шектелген жарияланған акцияларын орналастыруды жүзеге асырсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізіміндегі билік ету шектелген жарияланған акцияларына мемлекеттік меншік құқығының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетіне тіркелуін қамтамасыз етсін.
2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі