Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес қарызды қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1381 қаулысы

      "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-1-бабына сәйкес, "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жол-құрылыс техникасын сатып алуы" инвестициялық жобасын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамы ұсынған мемлекеттiк емес қарызды өтеуге республикалық бюджеттен қаражат оқшауландыруды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - Кәсiпорын) 431420 (төрт жүз отыз бiр мың төрт жүз жиырма) АҚШ доллары мөлшерiндегi негiзгi борыштың бiр бөлiгiн және 167265 (бiр жүз алпыс жетi мың екi жүз алпыс бec) АҚШ доллары мөлшерiндегi сыйақыны өтеу мерзiмiн 2004 жылғы 29 наурызға дейiн ұзарту жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамы ұсынған мемлекеттiк емес қарызды қайта құрылымдау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
 

      2. Кәсiпорынға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша "Қазақстанның Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамымен қайта құрылымдауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеудi қамтамасыз ету ұсынылсын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады