"Қазақстанның Солтүстігi-Оңтүстiгі транзитi 500 кВ электр тарту екіншi желiсін салу" жобасын қаржыландырудың кейбiр маселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысы

      "Қазақстанның Солтүстiгi-Оңтүстiгi транзитi 500 кВ электр тарту екіншi желiсін салу" жобасын тиiмдi қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
 

      1. Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкі мен "Қазақстанның Даму банкi" акционерлiк қоғамы маңызды стратегиялық мәнi бар қаржы қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегi агенттiгi (келiсім бойынша), "KEGOC" ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртіппен "Қазақстанның Солтүстігi-Оңтүстiгi транзитi 500 кВ электр тарту екiншi желiсiн салу" жобасын тиiмдi iске асыру үшін қажеттi шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
 

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
 

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады