Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 150аш қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 322-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақпараттық жүйелердi бiрiктiру, ақпаратты қорғау және корпоративтiк телекоммуникациялық желiлер бойынша консалтингтiк қызметтер көрсетудi алу. Серверлiк жабдық сатып алу - 2 жиынтық. Дискiлi массив сатып алу - 1 жиынтық. Жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 6 жиынтық.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады