Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 147-қосымшада :
6-тармақтың кестесiнде:
5-бағанда:
"Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегi аймақтық мекемесi үшiн" деген сөздер "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Су көлiгiнің 10-12 бiрлiгiн" деген сөздер "cу көлiгінің 5-6 бiрлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Аспалы моторлар-12 бiрлiгiн" деген сөздер "аспалы моторлардың-6 бiрлiгін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы үшiн мыналарды сатып алу:
су көлiгінің - 5-6 бiрлiгiн;
аспалы моторлардың - 6 бiрлiгін";
"Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесi" деген сөздер "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық, аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 186-қосымшада:
6-тармақтың кестесінде:
5-бағандағы "Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Балқаш аймақтық мекемесiн 175 адам штат санымен және Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесiн ұстау" деген сөздер "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқарманы 98 адам штат санымен, Зайсан-Ертiс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқарманы 77 адам штат санымен және Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқарманы ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі