Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 ж. 7 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізілсін:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) педагогикалық кадрларды аттестаттау - педагогикалық қызметкердiң біліктілік деңгейiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен өткізілетін рәсім;";
5) тармақшадағы "мен біліктілік" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi мен, немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын, тиiстi бiлiм бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, неғұрлым қабілетті бiлiм алушыларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданушыларды оқу орнында қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсендi қатысушыларды көтермелеуге арналған стипендия;";
мынадай мазмұндағы 14-1), 19-1), 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) бiрыңғай ұлттық тестілеу - кәсіптік орта және кәсіптік жоғары бiлiм беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілген жалпы орта білім беретiн оқу орындардың білім алушыларын қорытынды мемлекеттiк аттестаттау нысандарының бiрi;
19-1) атаулы стипендия - облыстардың, қалалардың, аудандардың, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен, заңды және жеке тұлғалармен тағайындалатын, және тиiстi білiм бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, неғұрлым қабiлеттi бiлім алушыларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданушыларды оқу орнында қоғамдық, мәдени және спорттық өмірiне белсенді қатысушыларды көтермелеуге арналған стипендия;
21-1) кешенді тестілеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бiр мезгiлде бiрнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны;";
22) тармақшадағы "жоғары сатыдағы" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) бiлiм беру мониторингі - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылардың контингентiнiң, бiлiм беру жүйесiндегi білім ұйымдарының желiлер мен өзге де объектiлердiң жай-күйін және өзгерiстер серпінінің, талдау, бақылау және болжау, бақылаудың жүйелi стандартталған нысанын бiлдiредi;";
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) бiлім алушыларды аралық аттестаттау - бір оқу пәнiнің оны бiтіргеннен кейiнгі қандай да бір бөлігінің немесе барлық көлемінiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсімі;";
39) тармақшадағы "толық көлемiнде" деген сөздер "осы Заңда көзделген шекте" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) штаттық оқытушы - бiлім беру ұйымының штаттық кестесінде көзделген лауазымда қызмет атқаратын және белгiленген жұмыс уақыты iшiнде жеке еңбек шартының негiзiнде лауазымдық міндеттерін орындайтын оқытушы;";
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"40) экстернат - білім алушылардың сабақтарға үнемі қатыспай-ақ білiм беру бағдарламасына сәйкес пәндердi өз бетiнше оқу нысандарының бipi;";
41-1) тармақшада "жұмыс iстейтiн орта оқу орны" деген сөздер "білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 2-тармағында "осы деңгейлердiң" деген сөздерден кейін "(олардың сатыларының)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-бапта:
1-тармақта төртiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
2-тармақта "меншiк нысандарына, үлгілер мен түрлерiне қарамастан барлық білiм беру ұйымдары" деген сөздер "білiм беру қызметiн жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
2-тармақтағы "ол мерзiмi бiткен, қайтарылып алынған немесе", "жарамсыз деп танылған кезден бастап" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың екiншi бөлiмi "мемлекеттiк аттестаттаудың" деген сөз "аккредитациялау" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-1-тармақ алынып тасталсын;
5) 12-бапта:
тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшаларымен толықтырылсын:
"6) штаттық оқытушылардың бар екенін растайтын құжат;
7) жеке оқу-материалдық базасының барлығын растайтын құжаттар.";
8-тармақтың үшiншi бөлiмiнде мынадай мазмұндағы абзац толықтырылсын:
"лицензиаттың лицензия алу кезiнде кернеу жалған ақпарат бepу.";
6) 13-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Білiм беру ұйымдарына бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi қабылдаудың жалпы талаптары";
2 мен 3 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құрылтайшы бастауыш жалпы, негiзгi жалпы, жалпы орта бiлiм беру сатыларында бiлiм беру ұйымдарына қабылдаудың осы аумақта тұратын тиiстi сатыда білім алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдануын қамтамасыз ететiн тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ кәсiптiк бастауыш білім беретін білім беру ұйымдарында.
3. Азаматтарды кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн білім беру ұйымдарына қабылдау конкурстық негiзде азаматтардың өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарты азаматтардың бiлiм алу құқығын сақтауға кепілдiк беруi және тиiстi деңгейдегi білiм беру бағдарламаларын меңгеруге неғұрлым қабiлеттi және дайын азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуi тиiс. Қабылдау тәртiбiн тиiстi деңгейдегi оқу орнына қабылдаудың типтiк ережелерi белгілейдi.
Конкурс:
1) ағымдағы жылдың бiрыңғай ұлттық тестілеу нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттарының балдары негiзiнде;
2) бiрыңғай ұлттық тестілеуге қатыспаған азаматтар үшiн кешендi тестiлеу нысанында өткiзiлген түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттарының балдары негiзiнде.
"Алтын белгi" белгісiмен марапатталған оқушылардың мемлекеттiк бiлiм беру грантын алуға құқығы бар және олар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына конкурстан тыс бiрыңғай ұлттық тестiлеу нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар негiзiнде қабылданады. "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың ағымдағы жылғы жеңiмпаздары болып табылатын (I, II, III дәрежелi дипломдарымен марапатталған) түлектерi, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының (I, II, III дәрежелi дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары таңдаған мамандықтар олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын алуға құқығы бар және жоғары оқу орындарына конкурстан тыс бiрыңғай ұлттық тестiлеу нәтижелерi бойынша берiлген сертификаттар негiзiнде қабылданады.
Бiлiм беру гранттары мен несиелер бiлiм алуға конкурс өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердің, бала кезiнен мүгедектердiң және үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар азаматтардың басым құқығы болады.";
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кәсiптiк орта және кәсіптік жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді:
1) ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын белгiлейтiн мамандықтарға арналған ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар мен балалар үшін.";
7) 14-бапта:
1-тармақтағы "барлық деңгейдегi" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта "бiтiрушiлердi" деген сөз "бiлiм алушыларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру
Оқу-тәрбие процесiн қамтамасыз ету және жетiлдiру, оқытудың жаңа технологияларын әзiрлеу және енгiзу, педагогикалық қызметкерлердiң біліктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында бiлiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмыс жүзеге асырылады.";
9) 15-бапта:
2-тармақта "бiлiм беру ұйымдарының оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен" деген сөздер "бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттарының талаптарына сәйкес жұмыстық оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiмi "келiседi" деген сөз "бекiтедi" деген сөзбен ауыстырылсын, "өтудiң" деген сөзден кейiн "келiсiлген" деген сөзбен толықтырылсын;
10) 18-баптың 8-тармағы "(эксперименттiк алаңдарда)" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 20-баптың 4-тармақтың екiншi бөлiмiндегi "iстерi" деген сөз "құқықтарын қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 23-баптың 4 тармағында "мектепке дейiнгi ұйымда немесе мектепте" деген сөздер "мектепалды топтарында немесе жалпы білім беру мектептiң мектепалды сыныптарында және гимназияда" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 24-баптағы 6-тармақтың төртiншi бөлiмi "белгiленген тәртiпте берiлген бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 25-бапта:
3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi және үшінші бөлiмдермен толықтырылсын:
"Жоғары оқу орындарының филиалдары мемлекеттiк жалпы мiндетті бiлiм беру стандарттарының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерi циклдарының көлемiнде кәсіптік білiм беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Білім алушылардың мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының жалпы кәсіптік және арнайы пәндер жөніндегi оқу бағдарламаларын меңгеруi филиал құрған жоғары оқу орындарында жалғастырылады.";
6-тармақта:
"қысқартылған, жеделдетілген білiм бағдарламалары бойынша" деген сөздер "қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, жеделдетілген оқыту мерзiмiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қысқартылған мерзiмде" деген сөздер "қысқартылған білiм беру бағдарламалары бойынша жеделдетiлген оқыту мерзiмiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 27-бап және оның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Қосымша кәсiптiк білім беру
1. Кәсiптiк бiлiм берудiң әрбiр сатысының шегiндегі қосымша кәсіптік бiлiм берудiң негізгі мiндеттерi технологиялар мен өндiрiсте жүрiп жатқан өзгерiстерге байланысты оларға қойылатын талаптарды үздiксiз арттыруды ескере отырып, жұмысшылардың, қызметшiлердiң, мамандардың бiлiктілiгiн үздiксiз арттыру, еңбек рыногы құрылымының өзгеруiне байланысты қосымша бiлiктiлiктер алу жолымен кәсiби бiлiмдi, дағдылар мен білiктiлiктi тереңдету, және кәсiби мүмкiндiктердi кеңейту болып табылады.
2. Қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң негiзгі нысандары бiлiктілiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау болып табылады.
3. Қосымша білім беру бағдарламаларын белгiленген тәртiпте берілген бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар бiлiм беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен қосымша бiлiм беру ұйымдары бекiтедi және iске асырады.
4. Қосымша кәсіптік білім беру бюджет қаражаты есебiнен де, ақылы негiзде де жүзеге асырылуы мүмкiн.
5. Бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру кемiнде бес жылда бiр рет мерзiмділiкпен жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыру мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.";
16) 28-баптың 4-тармағы алынып тасталсын;
17) 29-бапта мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгілейдi;";
18) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) бiлiм сапасын басқаруды жүзеге асырады; білiм сапасын бағалау мәселелерiн реттейтiн нормативтік құқықтық актілердi, техникалық және технологиялық нормаларды бекiтеді;
3-2) білiм беру қызметiнiң мониторингін және білiм беру жүйесiн ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, білiм берудiң бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесiн бекiтедi;
3-3) типтiк (базистік) оқу бағдарламаларының және бiлiм берудiң барлық деңгейлерiндегі оқу жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекітедi;
3-4) оларды сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында алуға жiберiлмейтiн кәсіптер мен мамандықтар тiзбесiн бекiтедi; кәсіптік жоғары бiлiм беретiн білiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат бередi;";
5) пен 8) тармақшаларда "мемлекеттiк комитеттермен" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) бiлiм алушылардың үлгiрiмiне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау өткiзудiң нысандары мен тәртiбiн әзiрлейдi және бекітедi. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органның келісімi бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу мен кешенді тестілеуді өткiзудiң технологиясын бекiтедi;";
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1) білiм беру ұйымдарында оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;";
11) тармақшадағы "әдебиеттердi" деген сөзден кейiн ", оның ішінде электрондық тасушыдағы, " деген сөздермен толықтырылсын;
13) "республикалық бюджеттен қаржыландыру" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшада "ережелерiн" деген сөзден кейін ", сондай-ақ бiлiм беру қызметтерiн өтеусіз көрсетудiң шарттың үлгі нысанын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1), 16-1), 19-1), 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) кәсiптiк бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды ауыстырудың және қалпына келтiрудiң ережелерiн бекiтедi;
16-1) оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама нысанын бекітеді; білiм беру қызметiнде бiлiм беру ұйымдарында пайдаланылатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
19-1) жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесiн бекiтедi;
21-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау ережесiн бекiтедi;";
19) 33-бапта:
3-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары оқу орындарының білiм алушылар контингентiн қалыптастыру тиiстi үлгiдегi Оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес бiрыңғай ұлттық тестілеудiң, кешендi тестілеудiң нәтижелерi бойынша берілген сертификаттар балдарының конкурсының негiзiнде жүзеге асырылады;";
5) пен 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) білiм беру процесі мен бiлiм беру технологияларының әдiстемелерiн, оның iшiнде қашықтықтан білiм беру технологияларын пайдалану және жетiлдiру;
6) білiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы белгілеген тәртiппен білiм алушылардың үлгiрiмiне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргiзу;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кадрлардың білiктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету;";
15) пен 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"15) қоғамдық өзінше қызмет көрсету және қоғамдық өзін-өзі басқару, қоғамдық бiрлестiктер органдарының қызметiне жәрдемдесу;
17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау органына ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге тиiстi оқу орнының доцентi және профессоры академиялық атақтарын беру туралы ұсыныс жасау;";
20) 34-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Білiм беру ұйымдарының кеңесi (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогикалық әдiстемелiк, (оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдістемелік) кеңес және басқа да нысандар бiлiм беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бiрi болып табылады. Алқалы басқару органдарын сайлау тәртiбiн қоса алғанда олар туралы Ереженi білiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтедi.";
6-тармақтағы "Мемлекеттiк" деген сөздер алынып тасталсын;
22) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"35-бап. Білiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау жасау
1. Білім беру жүйесiндегі мемлекеттiк бақылау азаматтардың білiм алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негiзгi және қосымша бiлiм бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың олар жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң бiлiм беру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарын және олардың алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған, және білiм берудi мемлекеттiк басқару органдарымен өз құзыретiнiң шегінде жүзеге асырылады.
2. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттік бақылау объектілерi:
1) негiзгі және қосымша білiм беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
2) бiлiм алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі болып табылады.
3. Мемлекеттік бақылаудың негiзгі түрлері:
1) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
2) білiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау;
3) білiм беру ұйымдарын аккредитациялау;
4) лицензиарлардың лицензия талаптарын, сондай-ақ лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтауына бақылау;
5) білiм беру қызметін, Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамаларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың сақтауына бақылау жасау болып табылады.
4. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мен аккредитациялау бiлiм берудi басқарудың тиiстi мемлекеттiк органдары бекiткен жоспарларға сәйкес бес жыл да бір рет өткiзiледi.
Білiм беру ұйымдарын аккредитациялау мемлекеттiк аттестаттаудың нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк аттестаттаудан өтпеген бiлiм беру ұйымының бiлiм алушыларды оларға бiлімi туралы құжаттарды бере отырып бiтiртуге құқығы жоқ.
5. Заңды тұлғаларға білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беретiн уәкiлеттi білiм беруді басқарудың мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен лицензиаттардың өз қызметiнде білiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарды сақтауын, сондай-ақ берiлген лицензия талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік аттестаттау және аккредитациялау өткізуге жұмсалатын шығыстар білім беру ұйымдарының қаржы есебiнен жүзеге асырылады.";
22) мынадай мазмұндағы 35-1-бап толықтырылсын:
"35-1-бап. Бiлiм беру жүйесiнiң басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету
1. Білiм берудi басқару жүйесiн толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында бiлім берудi тиiмдi басқарудың мүмкiндiктерін қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылады және әрекет етедi.
2. Білiм берудiң бірыңғай ақпараттық жүйесi туралы ақпарат өзіне белгiленген көрсеткiштер бойынша бiлiм беру жүйесiндегi есептiң деректерiн, бiлiм беру мониторингі деректерін және Қазақстан Республикасының бiлім беру саласындағы орталық атқарушы органы, бiлiм беруді басқарудың жергiлiктi мемлекеттiк органдары, білiм беру ұйымдарының өз міндеттерiн жүзеге асыру кезiнде алған басқа да деректерін қамтиды.";
23) 36-бапта:
1-тармақта мынадай мазмұндағы үшіншi бөлім толықтырылсын:
"Азаматтардың кәсiптік білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарына ақылы оқуға түскен кезiнде білiм беру ұйымы олармен бiлiм беру қызметiн өтеусіз көрсету шартын жасасуға мiндетi";
3-тармақтың:
6) тармақшасы "оқулықтармен" деген сөзден кейiн "және оқу-әдiстемелiк кешендермен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын;
"4-1. Медициналық көрсеткiштер бойынша және басқа да айрықша жағдайларда бiлiм алушыға Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мерзiмге және тәртiппен академиялық демалыс берiлуi мүмкiн.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiнші және төртiншi бөлiмдермен толықтырылсын:
"Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларына Қазақстан Республикасы Үкiметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмiмен берілген мемлекеттiк атаулы стипендиялар тағайындалады және төленеді.
Заңды және жеке тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары бiлiм беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысанында бiлiм алушыларға беріледі.
Атаулы стипендиялар мөлшерiн және оларды төлеу тәртiбiн оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар белгiлейді.";
10-тармақтың бiрiншi бөлiмiнде "отбасы үлгiсiндегi" деген сөздер "жергілiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын отбасы үлгісiндегi балалар ауылдарын, жасөспірімдер үйлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 39-баптың 2-тармағындағы "құқығы" деген сөзден кейiн "(жоғары оқу орындарынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 40-бапта:
2-тармақ "белгіленедi" деген сөздiң алдынан "мамандығы бойынша жұмыс стажы ескерiле отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша ", жалпы білім беру мектептің мектепалды сыныптары мен гимназия" деген сөздермен толықтырылсын;
7 және 8-тармақтар "және білiм беру ұйымының жарғысында бекiтiледi" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 41-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы "бiлiм бepу" деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-тармақта:
"бiлiм беру мамандарына" деген сөздер "педагог қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мамандардың" деген сөз "педагог қызметкерлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi";
27) 42-баптың:
1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
"Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына орналасуы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.";
28) 43-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1. Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру процесiнiң әр түрлi әдiстерiнiң бiлiм бағдарламалары мен бiлiм беру технологияларын, оның iшiнде қашықтықтан бiлiм беру технологияларын iске асыру кезiнде пайдалануы қаржыландыру нормативтерiн ұлғайтуға соқтырмайды.";
4-тармақтың бiрiншi бөлiмiнде "республикалық және жергілiкті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын";
29) 44-баптың 3-тармағы алынып тасталсын;
30) 45-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiм "жұмыс бағасы" деген сөздерден кейiн ", табысты бөлу тәртiбi" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiм алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi