Осмий-187 изотопының экспортына рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 41 қаулысы

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. "Қазақстан Республикасының минералдық шикізаты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Advenced Technology s.r.o" компаниясы (Прага қаласы, Чех Республикасы) арасындағы 2003 жылғы 9 қаңтардағы жасалған N 01-6/02 шартына сәйкес "Қазақстан Республикасының минералдық шикізаты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына концентраттағы радиоактивтік емес осмий-187 изотопының 55 (елу бес) граммының (СЭҚ ТН коды 7110411000) экспортына рұқсат берілсін.
 

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының минералдық шикізаты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген осмий-187 изотопының экспортына лицензия берсін.
 

      3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген осмий-187 изотопының кедендік бақылануы мен кедендік ресімделуін қамтамасыз етсін.
 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетіне жүктелсін.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады