Су объектілерiне зиянды әсерлердiң рұқсат етілетін шектi нормативтерiн әзiрлеу және бекiту ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қантардағы N 50 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 84-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Су объектiлерiне зиянды әсерлердiң рұқсат етілетiн шектi нормативтерiн әзiрлеу және бекiту ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулымен бекiтiлген Ереженiң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 7-тармағынан басқасы осы қаулыға қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметінің      
2004 жылғы 19 қаңтардағы
N 50 қаулысымен   
бекiтiлген   

Су объектілеріне зиянды әсерлердің рұқсат етілетiн шектi
нормативтерiн әзiрлеу және бекіту
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Су объектiлерiне зиянды әсерлердiң рұқсат етiлетiн шектi нормативтерiн әзiрлеу және бекiтудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және су объектiлерiне зиянды әсерлердiң рұқсат етiлетiн шектi нормативтерiн әзiрлеу және бекiту (бұдан әрi - ЗӘРШ) тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Су объектiлерiне ЗӘРШ-тiң нормативтерi жер бетi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жай-күйде ұстау мақсатында белгiленедi әрi оның мақсатты нысанасын ескере отырып, шаруашылық және өзге де қызметтiң әрбiр түрiнiң су объектiсiне әсерiн кешендi бағалау үшiн қолданылады.
      3. Шаруашылық және өзге де қызмет түрiнiң су объектiлерiне зиянды әсерлерiнiң түрлерi, оларды бағалау үшiн қолданылатын көрсеткiштер, су объектiлерiне ЗӘРШ-тiң нормативтерiн әзiрлеу әрi олардың қолданылу мерзiмдерiн анықтау белгiленген тәртiппен бекiтiлген әдiстемелiк нұсқауларға сәйкес айқындалады.
      4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      зиянды әсер - оның салдарынан экологиялық жүйенiң тұрақты жай-күйiнiң бұзылуы, нақты су объектiсiнiң, бассейннiң немесе оның бiр бөлiгiнiң (учаскесiнiң) сандық жағынан едәуiр азаюы немесе жай-күйi сапасының нашарлауы орын алған шаруашылық және өзге де қызмет түрiнiң су объектiсiне зиянды әсерi;
      су объектiсiне зиянды әсерлердiң рұқсат етiлетiн шектi нормативi (бұдан әрi - ЗӘРШ нормативi) - оның сақталмауы нақты су объектiсiнiң, немесе оның бiр бөлiгiнiң (учаскесiнiң) экологиялық жүйесi табиғи жай-күйiнiң бiржола бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн, белгiленген тәртiппен бекiтiлген шаруашылық және өзге де қызмет түрiнiң су объектiсiне зиянды әсерiнiң рұқсат етiлетiн шекті мөлшерi;
      шаруашылық және өзге де қызмет түрiнiң су объектiсiне зиянды әсерiнiң рұқсат етiлетiн шегi - экологиялық жүйенiң табиғи құрылымы мен қалыпты жұмыс iстеуi сақталатын әрi халықтың денсаулығына зиян келтiрiлмейтiн шаруашылық және өзге де қызмет түрiнiң су объектiсiне зиянды әсерiнiң (антропогендiк жүктеме деңгейi) шектi деңгейi.

2. Су объектiлерiне зиянды әсерлердiң рұқсат етiлетiн шектi нормативтерiн әзiрлеу және бекiту

      5. ЗӘРШ-тiң нормативтерiн әзiрлеу үшiн мыналар негiз болып табылады:
      ұзақ уақыттағы әсерi су объектiсi экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын антропогендiк жүктеменiң рұқсат етiлетiн шектi шамасы;
      су объектiсi мен оның су жиналатын алаңына түсуi ықтимал зиянды заттардың рұқсат етiлетiн шектi массасы.
      6. Су объектiлерiне арналған ЗӘРШ-тi әзiрлеу рәсiмi мыналарды:
      су объектiсiн мақсатты пайдалану оның бассейнiндегi шаруашылық және өзге де қызметi туралы ақпарат жинау және қолда бар ақпаратты талдауды;
      санитарлық-эпидемиологиялық, балық шаруашылығы және экологиялық талаптарды ескере отырып, су объектiсiнiң қазiргi жай-күйiн бағалауды;
      су объектiсiне әсер ету көздерiнiң сандық және сапалық сипаттамасын қамтиды.
      7. ЗӘРШ-тiң су объектiлерiне арналған нормативтерiн арнайы жүргізiлген ғылыми зерттеулер, iздестiру және жобалау жұмыстары нәтижесiнiң негiзiнде ғылыми жұмыстарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми, мамандандырылған және жобалау ұйымдары әзiрлейдi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      8. Шаруашылық және өзге де қызмет түрiнiң ұзақ уақыт әрi қарқынды әсерiне ұшырайтын аумақтарда орналасқан су объектiлерiне және/немесе ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiне арналған нормативтер бiрiншi кезекте әзiрленедi.
      9. ЗӘРШ-тiң әзiрленген нормативтерi мiндеттi түрде келiсуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға жолданады.
      10. ЗӘРШ-тiң нормативтерiн осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда қарау әрі келiсу мерзiмi 90 күнтізбелік күннен аспайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.
      11. ЗӘРШ-тiң су объектiлерiне арналған келiсiлген нормативтерiн су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган 30 күн iшiнде бекiтедi.
      12. Су объектiсi бассейнiндегi экологиялық ахуал өзгерген немесе су объектiсiнiң жай-күйі туралы жаңа деректер алынған жағдайда ЗӘРШ-тiң белгiленген нормативтерi осы Ережеде белгiленген тәртiппен қайта қаралады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады