"Қазақстан Республикасының әкiмшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы 3аңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Алматы облыстық мәслихатының және Алматы облысы әкiмдiгінің Алматы облысы Талдықорған қаласының әкiмшiлiк шекараларына Ескелдi ауданының экспликацияға сәйкес жалпы ауданы 32253 гектар жерiн қосып, жердiң нысаналы мақсатын және оны пайдаланудың құқықтық режимiн сақтай отырып, Алматы облысы Талдықорған қаласының және Ескелдi ауданының әкiмшілiк шекараларын өзгерту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi