"Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 66 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар
енгізу туралы

      "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 303-құжат; N 24, 443-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 24; 338-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:
      1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Алматы қаласының құқықтық мәртебесi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.";
      2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
      "1-1-бап. Алматы қаласының символы
      1. Алматы қаласының оның символы болып табылатын Қазақстан Республикасының мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретiнде қаланың ерекшелiгiн, сондай-ақ оның географиялық орналасқан жерi мен қоршаған табиғи ортасының ерекшелiгiн білдiретін елтаңбасы болады.
      2. Алматы қаласы елтаңбасының сипатын және оны пайдаланудың тәртібi мен оның бейнесiн қаланың жергілiкті өкiлдi органы айқындайды.";
      3) 2-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Алматы қаласының аумағын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн және өзгертетiн Алматы қаласының әкiмшілiк шекарасы шегiндегi жер құрайды.";
      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын атауы мен шекаралары бар аудандар қаланың әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерi болып табылады.
      4. Алматы қаласының аудандары тиiстi аумақтардың географиялық, қала құрылысы ерекшелiктерi, халқының саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттары, көлiк коммуникацияларының орналасуы, инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы ескерiле отырып құрылады.";
      4) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
      "2-1-бап. Жер учаскелерін мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн алып қою (сатып aлу) ерекшелiктерi
      1. Жер учаскесi мемлекеттік қажеттiктер үшiн сатып алу немесе жеке меншiк иесінің немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен құны тең басқа жер учаскесiн беру жолымен алып қойылуы мүмкiн.
      2. Жердi пайдалану құқығы сатып алынған меншiк иелерi мен мемлекеттік емес жер иеленушiлерден мемлекеттік қажеттілiктер үшiн жер учаскесін алып қою жер учаскелерiн алдағы сатып алуға дейiн үш айдан кешiктiрмейтiн мерзiмде оларға мiндеттi түрде хабарлай отырып, сатып aлу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Меншiк иесiнің немесе жердi пайдаланушының келiсiмiмен ғана жеке меншiк иелерінің немесе жердi пайдаланушылардың осындай хабарды алған күннен бастап үш ай өткенге дейiн жер учаскелерiн сатып алуына жол беріледi. Eгep жеке меншiк иесi немесе жердi пайдаланушы мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн одан жер учаскесiн сатып алу туралы шешiммен келіспесе не онымен сатып алынатын жер учаскесiне баға немесе сатып алудың басқа да шарттары туралы келiсiмге қол жеткізілмесе, Алматы қаласының атқарушы органы сотқа үш ай өткенге дейiн жер учаскесiн сатып алу туралы талап арыз беруге құқылы.";
      5) 3-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) лотереялар шығару, оларды орналастыру мен өткiзу шарттары туралы, сондай-aқ жергiлiкті атқарушы органның Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыздарды тарту қажеттігі мен шарттары туралы шешiм қабылдауға";
      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) қала аумағын көрiктендiру, санитарлық тазалау, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру тәртiбiн белгілеугe;
      8-2) атақтар беру және "Алматы қаласының құрметтi азаматы" деген атақты тағайындау тәртiбi мен шарттарын белгiлеуге;";
      6) 4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi;
      4-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қалада жалпы мемлекеттiк және халықаралық iс-шаралар өткiзу үшін қажетті жағдайлар жасайды;
      4-3) Алматы қаласы бойынша өзге қалалық және транзиттiк жүк-жолаушы автомобиль көлiгi жүруiнiң сызбасын айқындайды;";
      7) 5-бапта:
      2-тармақтағы "бөлiнетiн" деген сөз "кiрiстердi бөлетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады