Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 71 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 18-02/43 бұйрығы қараңыз.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi енiн белгiлеу ережесі бекiтілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2004 жылғы 23 қаңтардағы       
N 71 қаулысымен            
бекiтiлген            

Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салу белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiне (бұдан әрі – тыйым салу белдеулері) осы су объектілеріне мемлекеттік орман қорының іргелес аумағы жатады, онда су ресурстарын сақтауға және жинауға, су объектілерінің ластануына, былғануына және батпақтануына жол бермеуге, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау мақсатында орман пайдалануды шектеудің тапсырыстық режимі белгіленеді.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Тыйым салу белдеулерiнiң енi, оларды пайдалану режимi орман орналастыру кезiнде су объектiлерiнiң балық шаруашылығы маңызы мен экологиялық жай-күйi ескерiле отырып, физика-географиялық, топырақ гидрологиялық және басқа да шарттар басшылыққа алынып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган бекiтетiн орман орналастыру жобаларымен белгіленедi.
      4. Жайылмасыз өзендерде немесе кәдімгідей жайылмасы жоқ өзендер учаскелерiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi орташа көпжылдық межелi су деңгейiнiң мөлшерi бойынша, ал су арнасы сағаларға тармақтанып кетсе, сыртқы сағаның жағалауы бойынша осы нормативпен анықталады. Өзен енi 1 километрден астам жоғары көтерiлген өзен аралығын қамтитын сағаларға бөлiнiп кетсе, әрбiр сағаның жағалаулары бойынша тыйым салу белдеулердiң енi осы өзеннiң қалған бөлiгiнде қалай болса, дәл солай белгiленедi.
      Анық білiнiп тұрған жайылмасы бар өзен бойында тыйым салу белдеулерінiң енi жайылманың енiнен және енi осы Ережеге сәйкес айқындалатын оған жанасқан белдеудiң енiнен тұрады.
      Жағалауларында тыйым салу белдеулерi оқшау көрiнетiн өзендердiң басталар тұсында бұл белдеулердiң құрамына осы өзен жағалаулары бойынша белгiленген тыйым салу белдеуiнiң енiне тең радиуста өзеннiң басталар тұсындағы аумақ енгiзiледі.
      Тыйым салу белдеуiнiң сыртқы шекарасын белгiлегенде ол мүмкiндiгiнше табиғи шептермен немесе орамдық орман жолдарымен, бөлiнiстер шекарасымен ұштастырылады, бұл ретте шекара өзеннiң су жинайтын алаңының шегiнен шығып кетпеуi тиiс, яғни бұл жағдайда ол су бөлетiн шекара бойымен өтедi.
      5. Көлдер мен арналы су қоймаларының, каналдардың төңiрегiнде тыйым салу белдеулерiнiң енi оларға келiп құйылатын немесе олардан ағып шығатын өзендердің бойында бөлiнген белдеулерге тең белгіленедi.
      Көлдерге, су қоймаларына немесе каналдарға бiрнеше өзен келiп құйылатын немесе ағып шығатын жағдайларда су қоймасы, канал бойындағы тыйым салу белдеуiнiң енi ең кең арналы өзен бойынша қабылданады. Су қоймасы, канал бойындағы тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы судың бiрқалыпты толық деңгейiнiң мөлшерiмен, ал көлдер бойында – орташа көпжылдық су деңгейiнiң мөлшерiмен өтедi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Шағын өзендер (200 километрге дейiн) және шаруашылық жүргiзудiң қарапайым жағдайлары қолданылатын және экологиялық жағдайы қолайлы өзендер үшiн әр жағалау бойынша тыйым салу белдеулерiнiң ең тар енi - 500 метр мөлшерде белгiленедi.
      7. Су жинағыштағы экологиялық жағдай шиеленiскен кезде балық шаруашылығындағы маңызы зор өзендер, су қоймалары мен каналдар үшiн қоса берiліп отырған қосымшаға сәйкес тыйым салынған белдеулерiнiң енi әр жағалаудан 1000 метр мөлшерінде белгiленедi.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Қотармалы су қоймалары, каналдар мен басқа да көлдер бойындағы тыйым салу белдеулерінің енi мынадай мөлшерде белгiленедi:
      1) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрге дейiн болса – 300 метр;
      2) су айдынының акваториясы 2 шаршы километрден асып кетсе – 500 метр.
      Осы көлдер үшiн тыйым салынған белдеуiнiң iшкi шекарасы орташа көпжылдық су деңгейiнiң жырығы бойымен өтедi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Осы Ережемен белгiленген тыйым салу белдеулерiнiң мөлшерi мен шекарасы қажет болған жағдайда орман орналастыру кезiнде нақтылануы мүмкін.

Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдары
мен басқа да су объектiлерi      
жағалауларындағы ормандардың тыйым   
салынған белдеулерiнің енiн белгiлеу  
ережесiне қосымша           

Ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеуге
арналған су айдындарының тiзбесi

      Ескерту. Тізім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Су айдындарының (өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар) атауы

Өзендер келiп құйылатын су айдындарының атауы

1

2

Өзендер
_____________________________________________________________________

Жайық                                           Каспий теңiзi
Қиғаш                                           Каспий теңiзi
Көшім                                           Жайық
Шаған                                           Жайық
Утва                                            Жайық
Елек                                            Жайық
Өр                                              Жайық
Ертіс                                           Обь
Уба                                             Ертіс
Үлбі                                            Ертіс
Қара Ертіс                                      Бұқтырма су қоймасы
Бұқтырма                                        Бұқтырма су қоймасы
Күршім                                          Бұқтырма су қоймасы
Қалжыр                                          Қара Ертіс көлі
Алқабек                                         Қара Ертіс көлі
Белөзек                                         Қара Ертіс көлі
Аққоба                                          Қаба көлі
Тополевка                                       Марқакөл көлі
Тобыл                                           Ертіс көлі
Eсіл                                            Ертіс көлі
Аягөз                                           Балқаш көлі
Ақсу                                            Балқаш көлі
Қаратал                                         Балқаш көлі
Лепсі                                           Балқаш көлі
Іле                                             Балқаш көлі
Сырдария                                        Арал теңізі
_____________________________________________________________________

Көлдер, су қоймалары және каналдар

_____________________________________________________________________
Марқакөл көлі
Балқаш көлі
Қошқаркөл көлі
Жалаңашкөл көлі
Сасықкөл көлі
Бұқтырма су қоймасы
Өскемен су қоймасы
Новошульба су қоймасы
Сергеевка су қоймасы
Вячеслав су қоймасы
Қапшағай су қоймасы
Сәтбаев атындағы канал
Үлкен Алматы каналы
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады