"Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 80 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Кейбір халықаралық ұйымдардың жарғылық
құжаттарын бекіту туралы

      1944 жылғы 22 шілдеде Бреттон-Вудсте жасалған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің келісімнің баптары, 1956 жылғы 20 маусымда Вашингтонда жасалған Халықаралық Қаржы Корпорациясы келісімінің баптары, 1960 жылғы 15 қыркүйекте Вашингтонда жасалған Халықаралық Даму Қауымдастығы келісімнің баптары, 1965 жылғы 4 желтоқсанда Манилада жасалған Азия Даму Банкінің Құрылтай шарты, 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда жасалған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенция, 1985 жылғы 11 қазанда Вашингтонда жасалған Инвестициялық Кепілдіктердің Көпжақты Агенттігін құру туралы конвенция, 1990 жылғы 29 мамырда Парижде жасалған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісім, 1944 жылы 22 шілдеде Бреттон-Вудсте жасалған Халықаралық Валюта Қоры келісімнің баптары бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады