"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне инвестициялық қорлардың мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 107 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне инвестициялық қорлардың мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы
 
  Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне инвестициялық қорлардың мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 34, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар):
      15-баптың e) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "e) қызметiнiң жалғыз түрi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу болып табылатын уәкілеттi ұйымға берілетiн шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияларды қоспағанда, осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы шешiмдер қабылдау;";

      2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат):
      1) 6-баптың үшiншi бөлiгiнде "8" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      2) 11-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегi қызмет;";
      6) - 8) тармақшалар алынып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар):
      1) 30-баптың 4-тармағының б-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б-1) инвестициялық портфельдi басқару;";
      2) 48-1-бабының 9-тармағындағы "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктiң" деген сөздер тиiсiнше "уәкілеттi орган", "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тарату, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн банкке сенiп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi енбейді. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.".

      4. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат):
      1) 1-баптың 30) тармақшасы "оларды сақтауды" деген сөздерден кейiн "және заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында "шығарылу мен айналысқа түсу" деген сөздер "шығарылу, айналысқа түсу және өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-баптың 3-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлетті органның тиiстi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бiр күн iшiнде енгiзедi.";
      4) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң шарттары мен тәртібi Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы жекелеген заң актiсiмен айқындалады.";
      5) 10-баптың 1-тармағында "табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз мәлiметтердiң бар екендігі" деген сөздер "олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 11-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "мен санаттары" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақтағы "бiр санаттағы" деген сөздер "бiр түрдегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 15-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнi онда сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу бойынша мiндеттемелерiн уақтылы орындамаған немесе орындамаған жағдайлар болмаса және олар мынадай талаптардың бiреуiн сақтаған жағдайда эмитент бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын шығарған облигациялар айналыста болған кезде облигациялардың келесi шығарылымын жүзеге асыруға құқылы:
      1) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнi эмитенттiң уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерiнiң бipeуi талап ететiн ең төменгі рейтингi бар;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкілеттi органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы екеуден аспайды және жаңа шығарылымның барлық облигацияларын орналастыру нәтижесiнде көрсетiлген шамадан аспайтын болады;
      3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылады.";
      8) 16-баптың 1-тармағында "және осы Заңның 15-бабының 1-тармағы 1)-3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) 24-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде "эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы дәйектемесiз мәлiметтердi табыс ету" деген сөздер "Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 31-баптың 2-тармағында "эмиссиялық бағалы қағаздар" деген сөздер "облигациялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) 69-баптың:
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";
      2-тармағы алынып тасталсын;
      12) 71-бап алынып тасталсын;
      13) 73-баптың 5 тармағы алынып тасталсын.
      5. "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат):
      12-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.".

      2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады