Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарын атау мен қайта атау және темiр жол станциялары атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 195 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдарына белгiлi ғылым қайраткерлерiнiң, қоғам қайраткерлерiнiң, жазушылардың, ақындардың, Кеңес Одағы Батырларының есiмдерi берiлсiн.

      2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қайта аталсын.

      3. 3-қосымшаға сәйкес темiр жол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертiлсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінің        
2004 жылғы 19 ақпандағы 
N 195 қаулысына     
1-қосымша        

Белгілi ғылым қайраткерлерiнiң, қоғам қайраткерлерiнiң, жазушылардың, ақындардың, Кеңес Одағы батырларының есiмдерi берiлетiн білiм беру ұйымдарының
тiзбесi

Алматы облысы бойынша

      Алматы облыстық мектеп-интернатына - академик Шалтай Смағұловтың есiмi;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      Орал қаласындағы N 30 орта мектепке - Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есiмi;

Қостанай облысы бойынша

      Қостанай қаласындағы N 23 орта мектепке - академик Манаш Қозыбаевтың есiмi;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Аққайың ауданының Аралағаш opтa мектебiне - қоғам қайраткерi, профессор Қайырбек Оразовтың есiмi;
      Есiл ауданының Өрнек орта мектебiне - белгілi ақын Есләм Зiкiбаевтың есiмi;
      Есiл ауданының N 1 Явленка opтa мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Тимофей Позолотиннiң есiмi;

Алматы қаласы бойынша

      Алмалы ауданының N 25 гуманитарлық-лингвистикалық гимназиясына - белгiлi жазушы Iлияс Есенберлиннiң есiмi.

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінің        
2004 жылғы 19 ақпандағы 
N 195 қаулысына     
2-қосымша        

Қайта аталатын бiлiм беру ұйымдарының
тiзбесi

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округiндегi Березин орта мектебi - Қайыңды орта мектебi;
      Казталов ауданының Ақпәтер ауылдық округiндегі Красный партизан орта мектебi - Ақпәтер орта мектебi;
      Қаратөбе ауданының Жаңажол ауылдық округіндегi Карл Маркс атындағы орта мектеп - Жаңажол орта мектебi;
      Қаратөбе ауданының Сәуле ауылындағы Жақсыбай орталау мектебi - академик Қажым Жұмалиев атындағы орталау мектеп;
      Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылындағы Интернационал орта мектебi - Ханкөл орта мектебi;

Жамбыл облысы бойынша

      Байзақ ауданының Қостөбе ауылдық округiндегi H. Крупская атындағы орта мектеп - Қостөбе орта мектебi.

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінің        
2004 жылғы 19 ақпандағы 
N 195 қаулысына     
3-қосымша        

Атауларының транскрипциясы өзгертiлетiн
темiр жол станцияларының
тiзбесi

Қостанай облысы бойынша

       Жетiқара станциясы - Жiтiқара станциясы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      станция Чингирлау - Шыңғырлау станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады