Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы, "Аджип Каспиан Си Б.В.", "БГ Интернешнл Лимитед", "ЭксонМобил Қазақстан Инк.", "Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.", "Тоталь ЭиП Қазақстан", "Филлипс Петролеум Қазақстан Лтд", "Инпекс Норт Каспиан Си Лтд" арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiмге Қосымша шарт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесіп осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ескерту. Өзгертулер мен толықтырулар жөніндегі Шарт Деректер Базасына енгізілуге жатпайды.