"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен әкiмшiлiк өзара көмек туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 229 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен әкiмшiлiк өзара көмек туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының
Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Түркия Республикасының
Үкiметi арасындағы Кеден iстеріндегi ынтымақтастық пен әкiмшілiк өзара көмек туралы келiсiмдi бекiту туралы

      2003 жылғы 22 мамырда Анкарада жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық пен әкiмшiлiк өзара көмек туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы Кеден iстерiндегі ынтымақтастық пен әкiмшiлiк өзара көмек туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi,
      импорт және экспорт кезiнде алынатын кеден баждарының,салықтардың және басқа да кеден алымдарының дәл есептелуiн қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тыйым салу, шектеу және бақылау жөнiндегі шаралардың лайықты дәрежеде орындалуының маңыздылығын назарға ала отырып;
      кеден заңдарын бұзу экономикалық салықтық қоғамдық, мәдени мүдделерге қоғамның салауаттылығына және сауда мүдделерiне залал келтiретіндігін назарға ала отырып;
      есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, қауіпті жүктердi, флора мен фаунаның жойылып кету қаупi төнiп тұрған түрлерiн және уытты қалдықтарды шекаралар арқылы заңсыз өткiзудiң қоғам үшiн қауiп төндiретіндігін ескере отырып;
      кеден заңдарының қолданылуына және сақталуының қамтамасыз етiлуiне қатысты саладағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілiгiн мойындай отырып;
      кеден заңдарын бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегі және кеден баждарын, салықтарды және басқа да кеден төлемдерiн дәл есептеу мен жинауды қамтамасыз ету жөнiндегі күш-жiгердiң Тараптардың кеден әкiмшілiктерi ынтымақтастығының арқасында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн екендігіне көз жеткізе отырып;
      қазiр Дүниежүзілiк кеден ұйымы ретінде белгілi Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесінің тиiсті құжаттарын, атап айтқанда 1953 жылғы 5 желтоқсандағы Өзара әкімшілiк көмек туралы ұсынымдарды назарға ала отырып;
      жекелеген тауарларға қатысты тыйым салу шектеулер және арнайы бақылау әдiстерi жөнiндегі халықаралық конвенцияларды назарға ала отырып;
      мына төмендегілер туралы келiстi:

І бөлім
Айқындама

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін мынадай, ар қолданылады:

      1. "Кеден әкiмшілiгi":
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі;
      Түркия Республикасында - Түркия Республикасы Премьер- Министрiнің жанындағы Кеден қызметi;
      2. "Кеден заңдары" - тыйым салу, шектеу және бақылау жөнiндегi шараларға жататын нормативтiк құқықтық актілердi қоса алғанда, тауарларды әкелуге, әкетуге, транзитіне және өткiзуге қатысты кеден әкімшіліктерi қолданатын нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
      3. "Кеден баждары мен салықтар" - кеден баждары мен салықтар, сондай-ақ мөлшерлерi көрсетілген қызметтердiң шамамен алғандағы құнымен шектелетін алымдармен төлемдерi қоспағанда, тауарларды әкелу немесе әкету кезiнде немесе оған байланысты алынатын басқа да барлық баждар, салықтар, алымдар немесе басқа да төлемдер;
      4. "Кедендiк құқық бұзушылық" - кеден заңдарын кез келген бұзу, не мұндай бұзуға әрекет жасау;
      5. "Кедендiк талаптар" - оларға осы Келiсiм қолданылатын баждардың, адамдардың мен салықтардың кез келген сомасы олардың сомаларының өсімі, аталған баждар мен салықтарға жататын, Тараптар мемлекеттерінің бірінің аумағында жиналуы мүмкiн болмайтын, қосымша төлемдер, мерзімі өткен төлемдер, пайыздар мен шығыстар;
      6. "Тұлға"- кез келген жеке немеce заңды тұлға/объект;
      7. "Тұлғалар туралы мәлiметтер" - тұлғаға қатысты анықталған немесе анықталып жатқан кез келген деректер;
      8. "Ақпарат" - электронды тасығыштардағы мәлiметтердi қоса алғанда, кез келген мәліметтер, құжаттар, баяндамалар, олардың куәландырылған көшірмелері немесе кeз келген нысанда бepілген басқа да хабарлар;
      9. "Есiрткi құралдары" - 1961 жылғы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының есiрткі құралдары туралы Бiрыңғай Конвенциясының 1-шi тізімінде және 2-ші тізімінде caнaмaланған кез келген табиғи немесе синтетикалық заттар;
      10. "Психотроптық заттар" - 1971 жылғы "Біріккен Ұлттар Ұйымының психотроптық заттар туралы Конвенциясының" 1, 2, 3 және 4 тізімдерінде санамаланған заттар;
      11. "Прекурсорлар" - есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды өндiру кезiңде пайдаланылатын, 1988 жылғы "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Конвенциясының" 1 және 2 тiзiмдерiнде санамаланған бақылаудағы химиялық заттар;
      12. "Сұрау салушы әкiмшiлiк" - жәрдем сұрайтын кеден әкiмшiлiгi;
      13. "Сұрау салынған әкiмшiлiк" - одан жәрдем сұралатын кеден әкiмшілігі.

ІІ бөлiм
Келiсiмнiң аясы

2-бап

      1. Тараптар өздерiнiң кеден әкiмшілiктерi арқылы осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес бiр бiрiне кедендiк заңнаманы лайықты дәрежеде қолдану жөнiнде, сондай-ақ кеден талаптарын өтеудi қоса алғанда кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды тексеру және жолын кесу жөнiнде әкiмшiлiк жәрдем көрсетедi.
      2. Осы Келiсімнің шеңберiндегі жәрдемдi екi Тарап өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес, құзыреттерінің және өздерiнiң кеден әкiмшілiктерiнде бар мүмкiндiктердiң шегiнде көрсетедi.

ІІІ бөлiм
Жәрдемдесу аясы

3-бап

      1. Кеден әкiмшiлiктерi бiр бiрiне сұрау салу бойынша немесе өз бастамасы бойынша кеден заңдарының лайықты қолданылуын, сондай-ақ кедендiк талаптарды өтеудi қоса алғанда, кедендiк құқық бұзушылықтардың алдын алуды, тексерудi және жолын кесудi қамтамасыз етуге көмектесуi мүмкiн ақпаратты бередi.
      2. Әрбiр кеден әкiмшілігi екiншi кеден әкiмшілігінiң өтiнiшi бойынша тексерулер жүргiзуi кезiнде, өз мемлекетінiң заңдарына сәйкес әрекет етедi.

4-бап

      1. Сұрау салынған әкімшілік сұрау салу бойынша кеден заңдары және Тарап мемлекетiнде қолданылатын рәсімдер туралы және кедендік құқық бұзушылықтарға байланысты тексерулерге жататын қажеттi ақпаратты ұсынады.
      2. Әрбір кеден әкімшілігі өз бастамасы бойынша:
      1) кедендiк құқық бұзушылықтарға, қарсы күрестің тиiмділігі расталған жаңа әдiстерiне;
      2) кедендiк құқық бұзушылықтар жасаудың жаңа үрдiстеріне, құралдарына немесе әдiстеріне қатысты кез келген қолда бap ақпаратты бередi.

5-бап

      1. Тараптардың кеден әкiмшiлiктерi кеден iсi саласында бiр бiрiне:
      1) екi кеден қызметтерi пайдаланатын технологиялармен танысу мақсатында өзара тиiмдi негiзде кеден қызметтерiнің қызметкерлерiмен алмасуды;
      2) кеден қызметтерінің қызметкерлерiн оқытуды және арнаулы дағдыларын жетiлдiруге жәрдемдесудi;
      3) бақылау мен анықтаудың техникалық құралдарын пайдаланудағы ақпараттармен және тәжірибемен алмасуды;
      4) кеден iсi мәселелерi жөніндегі сарапшылармен алмасуды;
      5) кеден заңдары мен рәсімдерiне қатысы бар кәсiптiк ғылымы және техникалық деректермен алмасуды қамтитын кеден iсi саласында техникалық жәрдем көрсетуі мүмкін.

IY бөлім
Өзара әкімшілік көмектің ерекше жағдайлары

6-бап

      Сұрау салу бойынша сұрау салынған әкімшілік сұрау салушы әкімшілікке, мынадай:
      1) сұрау салушы Тарап мемлекетiнің кеден аумағына әкелiнетiн тауаРлаР сұрау салынған Тарап мемлекетiнің кеден аумағынан заңды түрде әкетілген болып табыла ма;
      2) сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң кеден аумағынан әкетiлетiн тауарлар сұрау салынған Тарап мемлекетінiң кеден аумағына заңды түрде әкелiнген болып табыла ма;
      3) сұрау салынған Тарап мемлекетінің кеден аумағына заңды түрде әкелiнген тауарлар орналастырылған кеден режимi туралы ақпараттарды ұсынады.

7-бап

      1. Сұрау салу бойынша сұрау салынған әкiмшiлiк:
      1) сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына өтулерге, атап айтқанда сұрау салушы әкiмшiлiкке кеден заңдарын бұзушылықтар жасағандығы белгiлi немесе оған күдiктi адамдардың келуiне және одан кетуiне;
      2) сұрау салушы әкiмшiлiк сұрау салушы Тарап мемлекетiнiң кеден аумағына заңсыз өткiзiлгендiгiне күдiк тудыратын ретiнде айқындаған тауарлардың өткiзiлуiне және сақталуына;
      3) сұрау салушы әкiмшiлiк олардың сұрау салушы Тарап мемлекетінiң кеден аумағында кеден заңдарын бұзу мақсатында пайдаланылатындығы туралы мәлiметтер бар көлiк құралдарына ерекше қадағалауды жүзеге асырады.
      2. Кеден әкiмшiлiктерi мұндай заңсыз өткiзудiң алдын алу мақсатында өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес, өзара уағдаластық және келiсiм бойынша және өз бақылауымен өз мемлекеттерiнiң кеден аумағы арқылы заңсыз айналымға тартылған тауарларды әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитiне рұқсат етуi мүмкiн. Егер, сұрау салынған әкiмшілiк тиiсті рұқсат беруге құзыретті болмайтын жағдайда, ол құзыретті органдармен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдайды не iстi тиiстi органға бере алады.

8-бап

      1. Кеден әкiмшiлiктерi бiр бiрiне сұрау салу бойынша немесе өз бастамасы бойынша кедендiк заңдарын бұзатын немесе бұзуы мүмкiн жасалған немесе дайындалып жатқан әрекеттер туралы ақпараттар бередi. Мұндай ақпараттар:
      1) қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш заттар мен ядролық материалдардың;
      2) Тараптардың бiрi үшін елеулi тарихи, мәдени немесе археологиялық құндылықты білдiретiн өнер заттарының;
      3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ қоршаған орта мен халық денсаулығы үшiн қауiп төндiретін заттардың;
      4) санаткерлiк меншік объектілерінің;
      5) жойылып кету қауіпті төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының заңсыз айналымы туралы мәліметтерді қамтиды.
      2. Тарап мемлекеттерi бірiнiң экономикасына, қоғамдық денсаулық сақтауына және  қауіпсіздігіне, сондай-ақ басқа да өмiрлiк маңызды мүдделерiне елеулi залал келтiруi мүмкін болатын ерекше жағдайларда екiншi Тараптың кеден әкімшілігі ақпаратты өз бастамасы бойынша мүмкiндігінше кешіктірмей ұсынады.

9-бап

      Кеден әкiмшiлiктерi өз мемлекеттерiнің ұлттық заңдарына сәйкес кеден талаптарын өтеу мақсатыңда бiр бiріне жәрдем көрсетедi.

Y бөлiм
Ақпарат

10-бaп

      1. Құжаттардың түпнұсқалары тек расталған көшiрмелердi ұсыну жеткілiкті болмайтын жағдайларда ғана сұратылады. Сұрау салынған кеден әкiмшілiгiнен алынған түпнұсқалар алғашқы мүмкіндiк туғанда қайтарылуы тиіс.
      2. Осы Келісiмнiң шеңберiнде алмасылатын кез келген ақпарат оны түсіндiру мен пайдалану жөнiндегi барлық iлеспе ақпаратпен қоса жүруi тиiс.

YI бөлiм
Сарапшылар

11-бап

      Сұрау салынған әкiмшілiк сұрау салу бойынша өзiнiң лауазымды адамдарын сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағындағы сот немесе трибунал алдында кедендiк жолсыздық туралы iстер бойынша сарапшылар ретiнде түсуге уәкілеттi етуi мүмкін.

YII бөлiм
Сұрау салуды бepу

12-бап

      1. Осы Келiсiмнiң негiзiнде жүргiзiлетiн жәрдем туралы сұрау салуларды тiкелей екiншi Тараптың кеден әкiмшілігi жазбаша нысанда ұсынуы және ол барлық қажетті құжаттармен атап айтқанда сұрау салушы экспорт және импорт рәсiмдерi кезiнде ұсынылатын құжаттардың көшiрмелерiмен қоса жүруi тиiс. Егер, жағдаят талап етсе, сұрау салу электронды почта бойынша берiлуi мүмкiн. Мұндай сұрау салу бiр айлық мерзiмде жазбаша расталуы тиiс.
      2. Осы баптың 1-тармағының негiзiнде жасалған сұрау салулар мынадай ақпаратты қамтуы қажет:
      ]) сұрау салушы органның атауы;
      2) сұрау салудың мақсаты мен себебi;
      3) iстің қысқаша сипаттамасы, iске қатысы бар нормативтiк актiлердiң тiзбесi, сондай-ақ тексерудiң түрi;
      4) егер олар белгілi болса тексеру объектісi болып табылатын тұлғаның аты мен мекен-жайы.
      3. Кеден әкiмшіліктерінiң кез келгенiнiң белгiлі бiр рәсiмдi сақтау туралы сұрау салуы сұрау салынған Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес қанағаттандырылады.
      4. Осы Келiсiмнiң шеңберiнде ұсынылатын ақпарат әрбiр кеден әкiмшiлігі осы мақсаттар үшiн тағайындаған лауазымды адамдарға ғана беріледi. Мұндай лауазымды адамдардың тiзiмi екiншi Тараптың кеден әкiмшiлігіне берiледi.
      5. Сұрау салу ағылшын тiлiнде ұсынылады.

YIII бөлiм
Сұрау салуларды орындау

13-бап

      Егер, сұрау салынған әкiмшiлiкте сұрау салынған ақпарат болмаса, ол өз мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес осындай ақпаратты алу мақсатында сұрау салуды жүзеге асырады. Бұл сұрау салулар кедендiк құқық бұзушылықпен байланысты барлық ақпараттар мен құжаттар алуды қамтиды.

14-бап

      1. Жазбаша сұрау салу бойынша сұрау салушы әкімшілік тағайындаған лауазымды адамдар сұрау салынған әкімшіліктің Рұқсатымен және ол ұсынды мүмкін шарттарды сақтаған жағдайда кедендiк құқық бұзушылықтарды тексеру мақсатында:
      1) кедендік жолсыздыққа қатысты құжаттарды, жазбаларды және басқа да қажетті деректерді сұрау салынған әкiмшiлiк офистерiндегi Құжаттармен жазбалармен және басқа да тиісті деректермен салыстыруы;
      2) құжаттардың жазбалардың және кедендiк құқық бұзушылыққа қатысы бар басқа да мәлiметтердiң көшiрмелерін алуы;
      3) сұрау салынған Тарап мемлекетінiң кеден аумағында сұрау салынған әкімшiлiк жүргiзетін тексеру кезiнде сарапшылар немесе куәгерлер ретінде қатысуы мүмкiн.
      2. 11-бапта немесе осы баптың 1-тармағында көзделген, сұрау салушы әкiмшіліктің лауазымды адамдары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болатын жағдайларда олар кез келген уақытта өздерінің ресми өкілеттiктерiнің дәлелдерiн ұсынуға қабiлетті болуы тиiс.
      3. Болу уақытында олар екiншi Тараптың кедендiк лауазымды адамдары үшiн өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес көзделетiндей қорғаныспен қамтамасыз етiлуi және өздерi жасауы мүмкiн кез келген жолсыздық үшін жауаптылықта болуы тиiс.

ІХ бөлiм
Ақпараттардың құпиялылығы

15-бап

      1. Осындай ақпаратты берген кеден әкiмшiлiгi оны басқа мақсаттар үшiн немесе басқа құқық қорғау органдары пайдалануы мүмкiндiгін толық растайтын жағдайларды қоспағанда осы Келiсiмге сәйкес алынған кез келген ақпарат тек осы Келісімнiң мақсаттарында және тек кеден әкімшіліктерi ғана ғана пайдалануы тиіс. Мұндай пайдалану ақпарат ұсынушы кеден әкiмшілігі белгілейтін кез келген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      2. Сұрау салу бойынша ұсынылған мәліметтер мен құжаттар тек осы Келiсiмдi орындау мақсатында ғана пайдаланылады және осы ақпаратты ұсынған кеден органының жазбаша келісімінсіз қайсы бiреулерге берiлу, не өзге мақсаттар үшін пайдаланылуы және жария етілуi мүмкін емес.
      3. Егер, бұл ақпарат ұсынушы Тараптың заңдарында көзделген жағдайда кез келген мұндай ақпарат тек осындай мәлiметтер мен құжаттарды ұсынушы кеден органының рұқсаты алынғаннан кейiн ғана қылмыстық қуғындау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Осы Келiсiмге сәйкес алынған кез келген ақпарат екiншi Тараптың заңдарына сәйкес осындай ақпаратқа таратылатын дәл осындай қорғаныспен және құпиялылық режимiмен қамтамасыз етiледi.
      5. Осы Келiсiмнiң негiзiнде жеке тұлғалар туралы деректердi беру Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Х бөлiм
Ерекшелiктер

16-бап

      1. Егер сұрау салынған кеден әкiмшiлiгi жәрдем көрсету мемлекеттiң егемендігіне, қауiпсiздігіне, немесе басқа да маңызды ұлттық мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн, не өнеркәсiптiк коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны бұзуы мүмкiн немесе ұлттық заңдарға қайшы келедi деп санаса ол жәрдемдесуден толық немесе iшінара бас тартуы мүмкiн немесе оны жүзеге асыру кезiнде белгiлi бiр шарттар қойылуы мүмкiн.
      2. Сұрау салынған әкімшілік сұрау салуды орындауды ол жүрiп жатқан тексеруге, талқылауға немесе қудалауға кедергi жасауы мүмкiн деген негiзде кейiнге қалдыруы мүмкiн. Мұндай жағдайда сұрау салынған әкімшілік сұрау салушы әкiмшілiкпен сұрау салуды орындаудың сұрау салынған әкiмшiлiк талап етуi мүмкiн мерзiмдерi мен шарттары бойынша консультациялар жүргiзедi.
      3. Егер жәрдемнен бас тартылса немесе ол кейiнге қалдырылса онда бас тартудың немесе кейiнге қалдырудың себептерi көрсетiледi.

XI бөлiм
Шығыстар

17-бап

      Кеден әкiмшілiктерi осы Келiсiмдi орындауға байланысты шығыстарды өтемейдi.

ХІІ бөлім
Келiсімді iске асыру

18-бап

      1. Кеден әкімшіліктері кедендік құқық бұзушылықтарды тексеруге және олардың жолын кесуге жауапты адамдардың қажет болған жағдайларда бір бірімен тура және тікелей байланыстар ұстауы үшін қабылдайды.
      2. Кеден әкiмшіліктерi осы Келісiмнің шеңберiндегі осы Келiсiмдi iске асыру үшiн қажетті одан арғы iс-қимылдарды келiседi.
      3. Кеден әкiмшiлiктерi осы Келiсiмдi түсіндiруден немесе қолданудан туындайтын кез келген проблемаларды өзара келiсу бойынша шешуге ұмтылады.
      4. Тараптардың арасындағы осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға қатысты туындаған даулар өзара консультациялар мен келiссөздер жүргізу жолымен шешiлетін болады.

ХІІI бөлiм
Қолданылуы

19-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың аумағында қолданылады.

Күшіне eнуі және тоқтатылуы

20-бап

      Осы Келiсiм Тараптар бiр бiрін дипломатиялық арналар бойынша ол күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсiмдердің орындағандығы туралы жазбаша хабардар еткеннен кейінгі 2-шi айдың 1-шi күнi күшіне енедi.

21-бап

      1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады, бұл ретте Тараптардың кез келгенi Келiсiмнiң қолданылуын кез келген уақытта дипломатиялық арналар бойынша тоқтата алады.
      2. Осы Келiсiмнiң қолданылуы екiншi Тарапта қолданылудың тоқтатылғандығы туралы хабарлама күнiнен үш ай өткеннен кейiн тоқтатылады. Осы Келiсiмнiң қолданылуының тоқтатылуы кезiнде жүрiп жатқан iс-шаралар соған қарамастан осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес орындалуы тиiс.

22-бап

      Тараптар сұрау салу бойынша немесе осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн осы Келiсiмнiң ережелерiн қайта қарау мақсатында кездесулер өткiзедi, не бiр бiрiне қайта қараудың қажеттілігiнiң жоқтығы туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      Осыны куәландыру үшін лайықты дәрежеде уәкiлеттi төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.

      Анкара қаласында 22 мамырда әр қайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтiнге жүгiнетін болады.

      Қазақстан Республикасының         Түркия Республикасының
       Үкiметі үшiн                       Yкiметi үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады