Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 234 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттігінiң "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі мәнi спорт және санаториялық-курорттық емдеу саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi белгiленген тәртiппен:
      1) мынадай мекен-жай бойынша: Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл ауданы, Қорымды селосында орналасқан "Қазақстан автомобилисi" демалыс үйiнiң мүлкiн Кәсiпорынға беру жолымен оның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      2) Кәсіпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес оның аумағында Кәсiпорынның тiркеуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады