Қарағанды облысындағы қарағанды көмір бассейнінің "Талдықұдық" учаскесі бойынша инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 258 қаулысы

      Көмір бассейндерінің метан газын өндіріске тарту, тұтыну мақсатында және олардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қарағанды облысындағы қарағанды көмір бассейнінің "Талдықұдық" учаскесі инвестициялық бағдарламалар конкурсына шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қарағанды облысындағы Қарағанды көмір бассейнінің "Талдықұдық" учаскесінде метанды барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады