Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 268 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.10. N 219 қаулысымен

      Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру және лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берілiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 4 наурыздағы
N 268 қаулысына   
қосымша       

  Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық комиссияның
құрамы

       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.26. N 794 қаулысымен.

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы          Министрiнiң орынбасары, төраға

Әйтекенов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы            және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi,
                             төрағаның орынбасары

Мүсенова                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Галина Ақайқызы              және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                             Салалық саясат және бағдарламалар
                             департаментiнiң директоры, хатшы

Баймағанбетов              - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Нұртайұлы              вице-министрi

Лукин                      - Қазақстан Республикасының Индустрия
Андрей Иванович              және сауда вице-министрi

Бодаубай                   - Қазақстан Республикасының Премьер-
Данияр Болатұлы              Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала
                             және инфрақұрылым бөлiмi кәсiпкерлiк
                             және тауар рыногы секторының
                             меңгерушiсi

Айсағалиева                - Қазақстан кәсiпкерлерi форумының кеңесi
София Серiкбайқызы           төрағасының орынбасары
                             (келiсiм бойынша)

Қазыбаев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Айдар Қалымтайұлы           сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау
                            жөніндегі комитетінің төрағасы      

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 4 наурыздағы
N 268 қаулысымен   
бекітілген      

  Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты лицензиялау жүйесiн жетiлдiру және Қазақстан Республикасы уәкілеттi мемлекеттiк органдарының оларды беру тәртiбiн оңайлату жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуден тұрады.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      4. Комиссияның негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) лицензияланатын жаңа қызмет түрлерiн (кiшi түрлерiн) қысқарту/енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарау;
      2) лицензиялау жүйесiн оңтайландыру және оңайлату жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк кесiмдерiне лицензиялау жүйесiн жетілдiру мәселелерi бойынша қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарау.
      5. Комиссияның негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      1) лицензиарлар мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру және лицензиялау жүйесiн жетілдiру мәселелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
      2) лицензиялау саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      3) Комиссия құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
      6. Комиссияның:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгiзуге;
      2) Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      3) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалық-ақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан (келiсiм бойынша) сұрауға және алуға;
      4) Комиссияға жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.

  3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      9. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      10. Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне барлық қажеттi құжаттарды жiбередi.
      11. Комиссияның отырыстары қажеттiгiне қарай және жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.
      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берiп қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие болады.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның есеп хатына қоса берiлуi тиiс.
      13. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады