"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өсiмдiктердi қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 361 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өсiмдiктердi қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр і

Жоба

  Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өсiмдiктердi қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18; 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10; 50-51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; 2004 ж., N 2, 9-құжат):
      9-баптың 1-тармағы 53) тармақшасында "пестицидтердi (улы химикаттарды)" деген сөздерден кейiн "өндiру (формуляциялау), сату және" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) - дайын компоненттердiң негiзiнде пестицидтердi (улы химикаттарды) дайындаудың технологиялық процесi;";
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) фитосанитарлық мониторинг - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуын зерттеудi, байқауды, есепке алуды, сондай-ақ олардың негiзiнде фитосанитарлық болжам әзiрлеудi қамтитын iс-шаралар жүйесi;";
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "20-1) фитосанитарлық болжам - фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзудiң мерзiмдерi мен көлемiн жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң ықтимал таралуы мен даму дәрежесiн алдын ала айқындау;";
      2) 6-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшада "бағдарламаларды" деген сөзден кейiн "және нормативтiк құқықтық актiлердi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн әзiрлеу және бекiту;";
      10) тармақшада "пестицидтердi (улы химикаттарды)" деген сөздерден кейiн "өндiру (формуляциялау), сату және" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) фитосанитарлық болжамның жасалуын;";
      4) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), әкелу, сақтау, сату, тасымалдау және қолдану, сондай-ақ олардың тiркеу және өндiрiстiк сынауларды жүргiзу мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға жатады.";
      5) 14-баптың 1-тармағы 2) тармақшасында және 3-тармағында "пестицидтерді (улы химикаттарды)" деген сөздерден кейiн "өндiру (формуляциялау), сату және" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 20-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында "ерекше қауiптi" деген сөздердiң алдынан "зиянды және" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады