Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасының Заңы
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы
1. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
14-баптың 2-тармағына үшiншi бөлiгiндегi "кезеңiне қатысса" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, "конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) олар мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыстың iзденушiсi болса, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.".