Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөнiндегi лицензияланатын қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 392 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.14 N 1529 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.14 N 1529 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөнiндегi лицензияланатын қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2004 жылғы 
8 сәуірдегi N 392 қаулысымен
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау жөнiндегi лицензияланатын қызметке қойылатын бiліктiлiк талаптары

      1. Бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын , сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi (бұдан әрi - мемлекеттiк нышандар) дайындау жөнiнде лицензия алуға үмiткер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      2. Мемлекеттiк нышандарды дайындау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналарды:
      1) стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген мемлекеттiк нышандарды дайындау процесiн регламенттейтiн техникалық құжаттар (техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама);
      2) жеке меншiк құқығындағы немесе жалға алынған өндiрiстiк-техникалық база (өндiрiстiк үй-жайлар, технологиялық жабдықтар, өлшеу және бақылау құралдары, соның iшiнде қолданыстағы стандарттау жөнiнде нормативтiк құжаттар талаптарына сай дайындалған мемлекеттiк нышандардың сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн түстер атласы);
      3) пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдықтарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар;
      4) мемлекеттiк нышандарды дайындаудың технологиялық процесiне қарай, өндiрушi әзiрлеген нұсқаулықтарда белгiленген, лицензияланатын қызмет саласында тиiстi бiлiктiлiгi және бiлiм деңгейi бар персоналдың болуын қамтиды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады