Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне экстремистiк әрекетке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Pеспубликасының
Премьер-министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне экстремистiк әрекетке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж. N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат, 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 жылғы 16 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 18 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы лизингi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы ):
28-баптың екiншi бөлiгi "дау айту туралы" деген сөздерден кейiн ", басқа мемлекеттердiң аумағында экстремистiк әрекеттi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк деп тану туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
289-баптың бiрiншi бөлiгi 10) тармақшадағы "iстер жатады" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) басқа мемлекеттердiң аумағында экстремистiк әрекеттi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк деп тану туралы";
мынадай мазмұндағы 36-2 тараумен және 317-6, 317-7, 317-8-баптармен толықтырылсын:
"36-2-тарау. Басқа мемлекеттердiң аумағында экстремистiк әрекеттi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк деп тану туралы мәлiмдеме бойынша iс жүргiзу
317-6-бап. Мәлiмдеме беру
Басқа мемлекеттердiң аумағында экстремистiк әрекеттi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк деп тану туралы мәлiмдеменi Астана қаласының сотына прокуратура органдары бередi.
317-7-бап. Мәлiмдеменiң мазмұны
Мәлiмдемеде шетелдiк немесе халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында оның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экстремистiк әрекет деп танылуы мүмкiн болатын жағдайда қандай да бiр мемлекеттiң аумағында әрекеттi жүзеге асыру фактiсiн растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.
Шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк деп тану туралы прокуратура органдарының мәлiмдемесiнде қамтылған дәлелдемелер шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн.
317-8-бап. Мәлiмдеме бойынша соттың шешiмi
Соттың шешiмi басқа мемлекеттердiң аумағында экстремистiк әрекеттi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйым туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның арнайы есепке алу жүйесiне қосу үшiн негiз болады.
Прокуратура органдары басқа мемлекеттердiң аумағында экстремистiк әрекеттi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық-ұйымды экстремистiк деп тану туралы iстi қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.".
2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат):
36-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"5. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдар мен өкiлдiктер) заңды тұлға ретiнде қоғамдық бiрлестiктер саласындағы заңдарды бұзғандары үшiн жауапкершiлiк көтередi.";
344-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде нақ сол iс-әрекеттердi қайталап жасауы, -
азаматтарға - айлық есептік көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесiне - бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiгін немесе теледидар және дыбыстық (радиохабарлар) бағдарламаларын тарату бойынша қызмет көрсету лицензиясын алып қоя отырып, айлық есептік көрсеткіштің екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға заңды тұлғаның қызметiне тыйым салуға әкеп соғады.";
374-бап мынадай редакцияда жазылсын:
" 374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу
1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттар мен мiндеттерiнiң шегiнен шығып кеткен iс-әрекеттердi жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктердің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарын бұзатын iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде нақ сол iс-әрекеттердi қайталап жасау, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде нақ сол iс-әрекеттердi қайталап жасау, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жазаны қолдануға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне тыйым салуға әкеп соғады.".
3. "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат):
4-бап мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Мақсаттары мен iс-әрекеттерi дiни алауыздықты қоздыруға, сондай-ақ адамның жеке басын бұзуға, оның денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiруге бағытталған дiни бiрлестiктi құруға және оның қызметiне тыйым салынады.
Дiни экстремизмдi насихаттауға, сондай-ақ саяси мақсаттарда конфессияаралық айырмашылықтарды пайдалануға бағытталған iс-әрекеттердi жасауға тыйым салынады.".
4. "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
5-баптың екiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"Iс-әрекеттерi экстремистік мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдарды құруға тыйым салынады.";
23-баптың үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды қайта бұзған жағдайда прокуратура, iшкi iстер органдары, сондай-ақ азаматтар оны тарату туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.".
5. "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 153-құжат):
13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) саяси партия басшыларының экстремистiк әрекеттi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.".
6. "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 176-құжат):
12-баптың 3-тармағы 10) тармақшадағы "тексерулердi" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) экстремистiк әрекеттердi жасағаны үшiн жауапқа тартылған адамдарды және сот экстремистiк деп таныған ұйымдарды есепке алуды.".
Қазақстан Республикасының
Президентi