Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетiнiң Үкiметi арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 261 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
2-тармақтағы "Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа" деген сөздер "Әдiлбек Рыскелдiұлы Жақсыбековке" деген сөздермен ауыстырылсын;
Жоғарыда көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетінiң Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасындағы 2-бап алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі