Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 460 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 12-бабына сәйкес және қылқан жапырақтылар мен сексеуiл екпелерiнiң қурауына жол бермеу, сондай-ақ ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.08.2013 N 815 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Облыс әкiмдерi заңнамамен белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта тұқымдарын плантацияда өсiру жөнiндегi, сондай-ақ жеке меншiк орман өсiру үшiн жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
      3) жыл сайын, 10 маусымға және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiне ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат берсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.08.2013 N 815 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
      1) осы қаулының 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2) ормандарды заңсыз ағаш кесуден қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын бақылауды және құрылып жатқан ағаш пен бұта тұқымдары плантацияларының есепке алынуын ұйымдастырсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.08.2013 N 815 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      4. "Қазақстан Республикасында сексеуiл екпелерiн сақтау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 тамыздағы N 942 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 28, 318-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ж. Қаппаровқа жүктелсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.08.2013 N 815 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады