Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 488 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 56 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 56 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiң-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
      ескертудiң екiншi абзацы "әкелiнетiн тауарлардың мақсатты пайдаланылатыны туралы мiндеттеме кеден органына тапсырылады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте бұл тауарларды мақсаты бойынша пайдаланатын өзге тұлғаларға осы тауарларды одан әрi сату мақсатты пайдалануға жатпайды.";
      2) Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 29 сәуірдегі   
N 488 қаулысына       
қосымша          

4-қосымша         

Кедендiк бақылау департаментiнiң
(кеденнiң) бастығына    
________________________________
________________________________

Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды
мақсатты пайдалану туралы
мiндеттеме

      Мен, _________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________,
   (атауы, CTH-i, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не аты-жөнi
       және лизинг берушiнiң паспорттық деректерi)

қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында негiзгi құралдар ретiнде мыналарды әкелдiм:
NN _______________________________ кеден (-дiк) декларация (лар)ға
сәйкес ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                      (тауарлардың атауы)

      Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды қатаң түрде олардың мақсатты пайдаланылуына сәйкес пайдалануға мiндеттенемiн.
      Көрсетiлген тауарларды өзге мақсатта пайдаланған кезде, кезеңдiк рәсiмдеу кезiнде төлемеген __________ теңге мөлшерiндегi салықтар мен өсiмпұлдарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуге мiндеттенемiн.

      Қолы _________/ _________ /  Күнi 200__ жылғы "__" ________

      Ескерту. Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында әкелiнген негiзгi құралдарды салықтар мен өсiмпұлдарды төлемей өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан Pecпубликасының кеден және салық заңнамасына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып өндiрiп алынатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады