Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Нидерланд Корольдігі Үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Нидерланд Корольдігі Yкiметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы
Гаага қаласында 2002 жылғы 27 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Нидерланд Корольдiгi Үкiметiнiң арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Нидерланд Корольдiгi Yкiметiнiң
арасындағы Әуе қатынасы туралы
келiсiм
Осы Келісімде бұдан әрі Уағдаласушы тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Нидерланд Корольдiгiнiң Yкiметі,
1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қою үшін ашылған, Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияның қатысушылары бола отырып,
Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерi аумақтарының арасында және олардың аумағынан тыс тұрақты әуе қатынасын орнату мақсатында аталған Конвенцияға қосымша Келiсiм жасасуға тiлек бiлдiре отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Анықтамалар
Егер мәтiнде өзгеше айтылмаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін:
а) "Конвенция" 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қою үшiн ашылған Халықаралық Азаматтық Авиация туралы Конвенцияны бiлдiредi және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген Қосымшаны және Қосымшаға кез келген түзетудi немесе Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес екi Уағдаласушы Тарап үшiн күшiне енген дәрежедегi Конвенцияны қамтиды;
б) "авиациялық билiк" қазақстандық тараптан, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, голландтық тараптан, Көлiк, қоғамдық жұмыстар және су басқармасы министрлiгiн немесе аталған билiк орындары қазiргi уақытта жүзеге асыратын функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi кез келген басқа тұлғаны немесе органды қамтиды;
в) "тағайындалған авиакомпания" осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және ұшуларды орындауға рұқсат алған авиакомпанияны бiлдiредi;
г) "тарифтер" жолаушылар, багаж бен жүк тасымалы үшiн тiкелей немесе жанама түрде өндiрiп алынатын бағаларды және комиссиялық алымдар мен агенттiк қызметтердi немесе почта тасымалы үшiн төлем мен шарттарды қоспағанда, басқа да қосымша сыйақыларды қоса алғанда, осы бағалар қолданылатын шарттарды бiлдiреді;
д) "Келiсiм" осы Келiсiмдi, оған Қосымшаларды және Келiсiмге немесе Қосымшаға кез келген түзетулердi бiлдiредi;
e) "алымдар" әуежайды, аэронавигация және авиациялық қауiпсiздiк құралдарын бергенi және басқа да көрсетiлетiн қызметтер үшiн авиакомпаниядан өндiрiп алынатын алымдарды білдіредi;
ж) "аумақ" Конвенцияның 2-бабында берiлген анықтамаға сәйкес мемлекеттiң аумағын білдiредi;
з) "коммерциялық емес мақсаттармен тоқтау" жолаушыларды, жүк пен почтаны тиеу мен түсiруден басқа кез келген басқа мақсаттар үшiн қонуды білдiредi;
и) "сыйымдылық" әуе кемесiне қатысты бағытта немесе бағыттың бөлiгiнде әуе кемесiнiң рұқсат етiлетiн коммерциялық жүктемесін білдіредi;
к) "борттық жабдықтар" борт жабдықтары мен қосалқы бөлшектердi қоспағанда, ұшу кезiнде әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған заттарды, соның iшiнде алғашқы көмек құралдарын және авариялық-құтқару жабдықтарын бiлдiредi.
2-бап
Тасымалдау құқықтарын беру
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарапқа оның тұрақты халықаралық әуе қатынасына қатысты мынадай құқықтар бередi:
а) оның мемлекетiнiң аумағы арқылы қонбастан ұшып өту құқығын;
б) оның мемлекетiнiң аумағында коммерциялық емес мақсатта қону құқығын;
в) оның мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетiлген пункттерде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы пункттер үшін арналған немесе олардан шығатын жолаушыларды, багажды, жүкті және почтаны тиеу және түсіру құқығын;
г) үшінші елдердің аумағында осы Келісімнің Қосымшасында көрсетілген пункттерде осы Келісімнің Қосымшасында көрсетілген екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағындағы пункттерге бағытталатын немесе олардан шығатын жолаушыларды, багажды, жүкті және почтаны тиеу және түсіру құқығын.
Осындай хабарламалар мен осы Келiсiмнiң Қосымшасында көрсетiлген бағыттар бұдан әрi тиiсiнше "шарттық желiлер" және "белгiленген бағыттар" деп аталады.
2. Осы бапта ешнәрсе де бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясына (ларына) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында жалға алу немесе сыйақы шартымен бортқа осы басқа Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы басқа пунктке тасымалданатын почтаны қоса алғанда, жолаушылар мен жүктi қабылдау артықшылығын беру ретiнде қаралмайтын болады.
3-бап
Өкiлеттіктер
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарапқа алдын ала жазбасына хабарлай отырып, белгiленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалану мақсатында екi авиакомпанияны тағайындау құқығы бap.
2. Мұндай тағайындауды алысымен екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындары осы Баптың 4 және 5-тармақтарының ережелерiне сәйкес тағайындалған авиакомпанияға (ларға) дереу ұшуларды орындауға рұқсат беретiн болады.
3. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша хабарлағаннан кейiн осындай кез келген авиакомпанияның (лардың) тағайындалуын бұзу және басқа авиакомпанияны немесе басқа авиакомпанияларды тағайындау құқығы болады.
4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпаниядан (лардан) Конвенцияның ережелерiне сәйкес халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыруға осы Уағдаласушы Тарап әдетте және орынды қолданатын, заңнамамен және ережелермен ұйғарылған шарттарды орындауға оның қабiлеттілiгiне дәлелдер талап eтe алады.
5. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың осы Баптың 2-тармағында аталған ұшуларды орындауға рұқсат беруден бас тартуға немесе егер аталған Уағдаласушы Тараптың осы авиакомпанияға басым иелiк ету және пәрмендi бақылау жүргiзу осы авиакомпанияны (ларды) тағайындаған Уағдаласушы Тарапқа немесе оның азаматтарына жататындығына дәлелдерi болмағанда, кез келген жағдайда, осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды тағайындалған авиакомпания пайдаланған кезде ол қажеттi деп есептейтiн шарттарды орындауын талап етуге құқығы болады.
6. Тағайындалған және ұшуларды орындауға осылайша рұқсат алған авиакомпания (лар) осы Келiсiмнiң 12-бабының ережелерiне сәйкес белгiленген тариф күшiне енген жағдайда шарттық желiлердi пайдалануды кез келген уақытта бастай алады.
4-бап
Аннулирование и приостановка действия
предоставленных прав
РҚАО-ның ескертуі. (4-баптың тақырыбының аудармасы берілмеген, орысша мәтіннен қараңыз).
1. Берiлген құқықтардың күшiн жою және қолданылуын тоқтата тұру Әрбiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпанияның (лардың) осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды пайдалануын тоқтата тұру немесе ұшуларды орындауға берiлген рұқсаттың күшiн жою немесе осы құқықтарды пайдалану кезiнде ол қажеттi деп есептейтiн шарттарды орындауын талап ету құқығы болады:
а) кез келген жағдайда егер, оның осы авиакомпанияға басым иелiк етуi және пәрмендi бақылауы авиакомпанияны (ларды) тағайындаған Уағдаласушы Тарапқа немесе оның климаттарына жататындығына дәлелдерi болмағанда, немесе
б) егер осы авиакомпания (лар) заңдарды және осы құқықтарды беретiн Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң ережелерiн сақтамаған жағдайда, немесе
в) егер авиакомпания (лар) өзгеше бiр жағдаймен осы Келiсiмде ұйғарылған шарттарға сәйкес ұшуды орындай алмайтын жағдайда.
2. Eгep уақытша тоқтата тұру, дереу күшiн жою немесе осы Баптың 1-тармағында аталған шарттардың орындалуын талап ету заңдар мен ережелердің одан әрі бұзылуын болдырмау үшiн қажеттi болып табылмайтын болса, мұндай құқық екiншi Уағдаласушы Тараппен консультациядан кейiн ғана пайдаланылатын болады. Мұндай консультациялар егер Уағдаласушы Тараптар өзге туралы келіспейтін болса, консультация өткiзуге сұрау жасалған күннен бастап алпыс (60) күннің ішінде басталатын болады.
5-бап
Заңдарды, ережелер мен рәсiмдердi қолдану
1. Бiр Уағдаласушы Tapап мемлекетiнiң халықаралық әуе навигациясына тартылған әуе кемелерінің оның Мемлекетi аумағының шегiне келуi мен болуын және аумағынан ұшып кетуiн реттейтiн заңдары, ережелерi мен рәсiмдерi басқа Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпанияға (ларға) қолданылатын болады.
2. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң жолаушылардың, экипаждың, багаждың, жүктiң немесе почтаның оның Мемлекетi аумағының шегiне келуін, болуын және аумағынан кетуiн, келуге, кетуге, эмиграция мен иммиграцияға қатысты ресмилiктердi, сондай-ақ кедендiк және санитарлық үрдiстердi реттейтiн заңдары, ережелерi мен рәсiмдерi олардың аталған аумақта болуы кезiнде екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпанияның (лардың) әуе кемелерiмен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға, жүкке немесе почтаға қолданылатын болады.
3. Уағдаласушы Тараптың ешбiрi осы Бапта көзделген заңдар мен ережелердi қолдануда екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпанияға (ларға) қатысты өз авиакомпаниясына (ларына) артықшылық көрсетпейтiн болады.
6-бап
Сыйымдылықты реттеу қағидаттары
Шарттық желiлерде пайдаланылатын сыйымдылық мынадай шарттарға сәйкес келетiн болады:
1. Екi Уағдаласушы Тараптың да тағайындалған авиакомпаниялары белгiленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдаланудың әдiл және тең мүмкiндiктерiне ие болады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың авиакомпаниясының (ларының) бәсекеге қабілеттілiгi жағдайына қолайсыз әсер ететiн кемсiтушiлiктердiң немесе терiс пиғылды бәсекелестiктiң барлық нысандарын болдырмау үшiн өз юрисдикциясы шегiнде барлық тиiсті шараларды қабылдайтын болады.
7-бап
Куәлiктердi тану
1. Уағдаласушы Тараптардың бiрi берген немесе жарамды деп таныған және олардың қолданылу мерзiмi өтпеген ұшу жарамдылығы куәлiктерiн, бiлiктiлiк туралы куәлiктердi шарттық желiлердi пайдалану мақсатында екiншi Уағдаласушы Тарап жарамды деп танитын болады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң аумағы үстiнен ұшуларға сәйкес оның азаматтарына берiлген немесе басқа мемлекет жарамды деп таныған бiлiктiлiк туралы куәлiктердi және басқа да куәлiктердi танудан бас тарту құқығын сақтайды.
8-бап
Кеден және басқа баж алымдарынан босату
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпания (лар) халықаралық қатынаста пайдаланатын әуе кемелерi олардың табельдiк жабдықтары, отын және жағармай материалдарының қоры және осындай әуе кемелерiнiң бортында болатын борттық қорлары (азық-түлiк, тамақ өнiмдерi, сусындар мен темекi бұйымдары қорларын қоса алғанда, тұтыну үшiн дайын болып табылатын) сияқты осындай жабдықтар мен қорлар әуе кемелерiнiң бортында оларды кейiн алып кеткенге дейiн әзiрге қалдырылатын жағдайда, басқа Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына келгенде барлық кеден баждарынан, инспекциялық алымдардан және басқа да баждар мен салықтардан босатылатын болады.
2. Сондай-ақ көрсетiлген қызмет үшiн алынатын алымдардан басқа, осындай баждар мен салықтардан, және өзге де алымдардан мыналар босатылатын болады:
а) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңдылықтары белгiлеген мөлшерде бортқа қабылданған және екiншi Уағдаласушы Тараптың белгiлеген бағыты бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерiнiң бортында пайдалануға арналған борттық қорлар;
б) Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң мемлекетi тарапына енгiзiлген, екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпания (лар) белгiлеген бағытта пайдаланылатын, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге немесе оларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер;
в) тiптi егер осы қорлар олар бортқа қабылданған, Уағдаласушы Тарап мемлекетi аумағының үстiнен өтетiн бағыт учаскесiнде пайдаланылатын жағдайдың өзiнде екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған aвиакомпания (лap) белгілеген бағытта пайдаланылатын әуе кемелерiне арналған отын және жағармай материалдары;
г) тасымалдау құжаттамасын, авиация жүкқұжаттары мен жарнама материалдарын, сондай-ақ моторландырылған қозғалыс құралдарына осындай материалдар мен жабдықтарды жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды қамтамасыз ететiн жағдайда әуежай ауданы шегiнде коммерциялық және пайдалану мақсаттары үшiн тағайындалған авиакомпания (лар) пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтарды қоса алғанда, бір Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакомпания (лар) пайдаланатын қажеттi құжаттар.
Осы Баптың 2-тармағының а), б), в) және г) тармақшаларында көрсетiлген материалдар кедендік қадағалауда немесе бақылауда ұстау үшiн талап етілуі мүмкін.
3. Табельдiк борттық жабдықтар Уағдаласушы Тараптардың кез келген әуе кемелерінің бортындағы материалдар мен қорлар сияқты екiнші Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында осы Уағдаласушы Тараптың кеден билігінiң рұқсатымен ғана түсiрілуi мүмкін. Кез келген жағдайда олар кейін алып кеткенге немесе кеден ережелерiне сәйкес басқа мақсатқа ие болғанға дейiн аталған биліктің қадағалауына алынады.
9-бап
Тікелей транзиттiк тасымалдар
1. Уағдаласушы Тараптардың кез келген мемлекетінің аумағы арқылы тiкелей транзитпен жөнелтілетін және әуежай аумағын тастап шықпайтын жолаушылар, багаж, жүк және почта зорлық-зомбылық актілерiне, әуе қарақшылығына және нашақорлық заттарды алып өтуге қарсы қауiпсiздiк шаралары талап етiлген кезде ғана ерекшелiк ретінде жеңiлдетiлген бақылауға алынады.
2. Тікелей транзитпен жөнелтiлетiн багаж, жүк және почта импорттау кезінде алынатын кеден баждарынан босатылады.
10-бап
Авиациялық қауiпсiздiк
1. Халықаралық құқықтан туындайтын өздерiнiң құқықтары мен міндеттемелеріне сәйкес Уағдаласушы Тараптар азаматтық авиацияның қауіпсiздігiн заңсыз қол сұғу актілерiнен қорғау жөнiнде бiр-бiрiне қатысты мiндеттемелерiн растайды. Халықаралық құқық бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерiнiң жалпы қолданымдылығын шектемей, Уағдаласушы Тараптар атап айтқанда, 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токио қаласында қол қойылған, Әуе кемелерiнiң бортында жасалатын қылмыстар және басқа да кейбiр актiлер туралы конвенцияның, 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаага қаласында қол қойылған, Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы конвенцияның және 1971 жылғы 23 қыркүйекте Монреаль қаласында қол қойылған, Азаматтық авиацияның қауiпсiздiгіне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күрес туралы конвенцияның ережелерiне, 1988 жылғы 28 ақпанда Монреаль қаласында қол қойылған, Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайлардағы заңсыз зорлық-зомбылық актiлерiмен күрес туралы хаттамаға, сондай-ақ оған Уағдаласушы Тараптардың екеуi де қосыла алатын кез келген басқа авиациялық қауіпсіздік жөніндегi Конвенцияға сәйкес iс-әрекет жасайтын болады.
2. Уағдаласушы Тараптар сұраулары бойынша бір-біріне әуе кемелерiн заңсыз басып алу актілерiн және осындай кемелердiң, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз актiлердi, сондай-ақ азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне төнетiн кез келген басқа қауiптi болдырмау жөнінде бүкіл қажеттi көмектi көрсететiн болады.
3. Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң екі жақты қатынастарында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгілеген және қауiпсіздiк жөнiндегі ережелер Уағдаласушы Тараптарға қолданылатын дәрежеде Конвенцияның Қосымшасы ретiнде аталатын авиациялық қауіпсiздiк жөнiндегі ережелерге сәйкес iс-қимыл жасайтын болады; олар тiркеу немесе негiзгi қызмет орны немесе тұрақты орны олардың мемлекеттерінің аумағында орналасқан әуе кемелерi пайдаланушыларының және олардың мемлекеттерiнiң аумағындағы әуежайлардың пайдаланушыларының авиациялық қауiпсiздік жөнiндегі осындай ережелерге сәйкес іс-әрекет жасауын талап ететiн болады.
4. Әрбір Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың әуе кемелерiн пайдаланушылардан оның мемлекетi аумағының шегінде келу, кету және болу үшiн осы екiнші Уағдаласушы Тарап көздейтін, осы Баптың 3-тармағында айтылған авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелердi сақтауын талап ете алатындығымен келiседi. Әрбiр Уағдаласушы Тарап әуе кемелерiн қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүктерiн, багажды, жүктi және борттық қорларды қону немесе тиеу кездерiнде және оларға дейін тексеру үшін өз мемлекетi аумағының шегінде тиiсті шаралардың тиімдi қолданылуын қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап нақты қауіпке байланысты орынды арнайы шаралар қолдану туралы екіншi Уағдаласушы Тараптың кез келген өтiнiшiне тiлектестікпен қарайтын болады.
5. Әуе кемесін заңсыз басып алуға немесе осындай әуе кемелерінің, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлардың немесе аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгіне қарсы бағытталған қақтығыс немесе қақтығыс қаупi жағдайында Уағдаласушы Тараптар осындай қақтығысты немесе оның қаупiн тез және қауіпсiз түрде болдырмау мақсатында байланысты жеңiлдету және басқа да тиiсті шаралар қабылдау арқылы бiр-бiрiне көмек көрсететiн болады.
6. Егер Уағдаласушы Тараптардың бipeуi осы Бапта көрсетілген авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелердi сақтамаса, екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындары осы Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарынан дереу консультациялар жүргiзудi талап ете алады.
11-бап
Ұшу қауiпсiздігі
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап қабылдаған экипажға, әуе кемелерiне немесе оларды пайдалануға байланысты кез келген салада қауiпсiздiк стандарттарына қатысты консультациялар өткiзудi сұрай алады. Мұндай консультациялар сұрау салынған күннен бастап отыз (30) күннiң iшiнде жүргізілетiн болады.
2. Егер осындай консультациялардан кейiн бiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап осы кезеңге Конвенция бекiткен, ең кем дегенде, ең төмен стандарттарға сәйкес келетiн кез келген осындай салада қауiпсiздiк стандарттарын тиiмсiз пайдаланады және орындайды деп тапса, бiрiншi Уағдаласушы Тарап осындай ең төмен стандарттарға сәйкестiкке келтiру үшiн өзiнiң болжамдары мен қажет деп табатын шаралары туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша хабарлайды және осы екiншi Уағдаласушы Тарап жағдайды түзету жөнiнде шаралар қабылдайды. Егер екiншi Уағдаласушы Тарап он бес (15) күннiң iшiнде немесе үлкен уақыт кезеңiнде келiсiмге келе алатын тиiстi iс-әрекет жасай алмайтын болса, онда бұл осы Келiсiмнiң 4-бабын қолдану үшiн негiз болып табылады.
3. Конвенцияның 33-бабында аталған мiндеттемелерге қарамастан бiр Уағдаласушы Тараптың авиакомпаниясы пайдаланатын кез келген әуе кемелерi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы шегінде екінші Уағдаласушы Тарап Мемлекетi аумағына енетiн және одан шығатын желiлерде осы екіншi Уағдаласушы Тараптың уәкілеттi өкілдерi әуе кемелерiнiң бортын және сырт жағын, әуе кемесi және экипаж құжаттарының қолданылу мерзiмдерiн, сондай-ақ бұл негiзсiз кiдiруге әкелмейтiн жағдайда әуе кемесiнiң және оның жабдықтарының айқын жай-күйiн (осы Бапта мұндай тексеру перрондағы тексеру деп аталады) тексерулерi мүмкiн.
4. Eгep осындай перрондағы тексеру немесе тексерулер сериясы мынаған әкелсе:
а) әуе кемесi немесе әуе кемелерiн пайдалану осы сәтте Конвенцияға сәйкес белгіленген ең төмен стандарттарға сәйкес келмейдi деген елеулi қауiптенуге, немесе
б) осы сәтте Конвенцияға сәйкес белгіленген қауiпсiздiк стандарттарын қолдану және басқару тиiмділігінiң жеткiлiксiздiгіне байланысты елеулi қауiптенуге, инспекциялауды жүргізетiн Уағдаласушы Тарап Конвенцияның 33-бабы мақсатында осы әуе кемесiне қатысты немесе осы әуе кемесiнiң экипажына қатысты куәлiктер оларға сәйкес берiлген және жарамды деп танылған талаптар немесе оларға сәйкес осы әуе кемесi ұшуларды орындайтын талаптар Конвенцияға сәйкес белгiленген ең төмен стандарттарға тең болып табылмайтындығы және олардан аспайтындығы жөнiнде еркiн қорытынды жасай алады.
5. Егер осы Баптың 3-тармағына сәйкес бiр Уағдаласушы Тараптың авиакомпаниясы немесе авиакомпаниялары пайдаланатын әуе кемелерiн перронда тексеруге қол жеткiзудi осы авиакомпанияның (лардың) өкiлдерi қабыл алмаған жағдайда, екiншi Уағдаласушы Тарап осы Баптың 4-тармағында айтылған елеулi проблемалар туындауда деп қорытынды жасауға ерікті және осы тармақта көрсетiлген қорытындыға келедi.
6. Әрбiр Уағдаласушы Тарап егер бiр Уағдаласушы Тарап перрондағы тексерудiң, перрондағы тексерулер сериясының нәтижесiнде немесе перронда тексеру жүргiзудi қабыл алмаған жағдайда, консультациялар немесе авиакомпанияның (лардың) ұшуларды қауіпсiз орындауы үшiн кiдiрiссiз iс-қимылдар қажет болған кез келген өзге жағдайда шешiм қабылдаған жағдайда екiншi Уағдаласушы Тарап авиакомпаниясының (ларының) ұшуларын орындауға рұқсатты дереу тоқтата тұру немесе өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
7. Бiр Уағдаласушы Тараптың осы Баптың 2 немесе 6-тармақтарына сәйкес қабылданатын кез келген шарасы осы шараны қабылдау үшiн негіздеме жойылғаннан кейін тоқтатылатын болады.
12-бап
Тарифтер
1. Уағдаласушы Тараптардың кез келген мемлекетiнiң аумағына немесе аумағынан жүргізiлетiн тасымалдар үшiн тарифтер пайдалану шығыстарын, орынды пайданы, тұтынушылардың мүдделерi мен қызметтердiң сипаттамаларын қоса алғанда, барлық тиiсті факторларды ескере отырып орынды мөлшерде белгiленетін болады.
2. Осы Баптың 1-тармағында аталған тарифтер екi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған тиiстi авиакомпанияларымен келiсiлетiн болады.
3. Ол туралы осы Баптың 2-тармағында айтылатын келiсiмге мүмкiндiгiне қарай, Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (ИАТА) тiркелген ставкалар тетiгін пайдалану жолымен қол жеткiзiлетiн болады.
4. Осылайша келiсiлген тарифтер екi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарына ең кем дегенде оларды енгiзудiң болжамды күнiнен отыз (30) күн бұрын бекiтуге берiлетiн болады; жекелеген жағдайларда бұл уақыт шектелiмi аталған билiк орындарының келiсуi бойынша қысқартылуы мүмкiн.
5. Егер тиiстi тағайындалған авиакомпаниялар осы тарифтердiң кез келгенiне келiсе алмайтын болса немесе қандай да болмасын басқа себептер бойынша тариф осы Баптың 2-тармағына сәйкес белгілене алмайтын болса немесе осы Баптың 4-тармағында айтылған отызкүндiк (30) кезеңнiң бiрiншi он бес (15) күнi ішінде бiр Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындары екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарына осы Баптың 2-тармағына сәйкес келiсiлген қандай да болмасын тарифпен келiспейтiндiгі туралы хабарлама жiбередi, Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билiк орындары тарифтердi келiсу жөнiнде күш-жiгерлерiн жұмсайтын болады.
6. Егер авиациялық билiк орындары жоғарыда көрсетiлген 4-тармаққа сәйкес оларға ұсынылған қандай да бiр тарифтi бекiту бойынша немесе 5-тармаққа сәйкес қандай да бiр тарифтi белгілеу бойынша келiсiмге келе алмаса, онда дау осы Келiсiмнiң 18-бабының ережелерiне сәйкес реттелетiн болады.
7. Бiр де бiр тариф Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының авиациялық билiк орындары оны бекiткенге дейiн күшiне енбейтiн болады.
8. Осы Баптың ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер осы Баптың ережелерiне сәйкес жаңа тарифтер белгiленгенге дейiн, бiрақ Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң авиациялық билiк орындары оларды бекiтпеген күннен бастап он екi айдан ұзақ емес мерзiмге күшiнде қалатын болады.
9. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындары тағайындалған авиакомпаниялардың Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билiк орындарына ұсынылған, келiсiлген тарифтердi сақтауларын және бiр де бiр авиакомпанияның ешқандай дәрежеге тiкелей немесе жанама түрде тарифтердi заңсыз төмендетпеуiн қамтамасыз ету үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайтын болады.
13-бап
Кiрiстердi аудару
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясына (ларына) өзiнiң мемлекетiнiң аумағында тiкелей және авиакомпанияның (лардың) шешуi бойынша агенттер арқылы авиакөлiк қызметтерiн (билеттер мен авиациялық жүкқұжаттарын берудi қоса алғанда) сатуды жүзеге асыру құқығын бередi. Әрбiр авиакомпанияның тасымалдау жөнiндегі осындай қызметтердi сату құқығы болады және кез келген тұлға тасымалдау жөніндегі осындай қызметтердi ұлттық немесе басқа елдердiң еркiн айырбасталымды валютасымен сатып алуға ерiктi.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясына (ларына) оның мемлекетiнiң аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясының (ларының) жолаушыларды, багажды, жүктi және почтаны тасымалдау процесiнде алынған кiрiстерiнiң шығыстарынан асып түсуін аударым күнiне алғандағы айырбастың ресми курсы бойынша еркiн айырбасталымды валютамен еркiн аудару құқығын бередi. Аударымдар кiдiрiссiз, сұрау берген күннен бастап кем дегенде алпыс (60) күн бұрын жасалатын болады.
3. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасында ерекше төлем келiсiмi болатын болса, онда төлемдер осындай келiсiмнiң ережелеріне сәйкес жүргiзiлетiн болады.
14-бап
Коммерциялық қызмет
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясы (лары) заңдарды және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң ережелерiн сақтай отырып, белгіленген бағыттар бойынша шарттық желiлердi пайдалану үшiн әкiмшілiк, коммерциялық, пайдаланымдық және техникалық персоналды жалдаудың және екіншi Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында өкілдiктер белгiлеу мен оларды пайдаланудың бiрдей мүмкiндігіне ие болады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясы (лары) бұдан әрi барлық үлгідегі тасымалдау құжаттамасын сатудың, жарнамалаудың және екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында оны сатуға жәрдемдесудiң бiрдей мүмкiндiктерiне ие болады.
15-бап
Алымдар ставкалары
Әрбiр Уағдаласушы Тарап олардың құзыреттi билiк орындары екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясынан (ларынан) өндiрiп алуды белгілеген немесе белгілеуге рұқсат еткен алымдар ставкасының әдiлеттi және орынды болуын қамтамасыз ету үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайтын болады.
16-бап
Кесте беру
1. Шартты желiлердiң кестелерi екi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарының бекiтуi үшiн оларды енгiзудiң болжамды күнiнен кем дегенде отыз (30) күн бұрын ұсынылатын болады.
Ерекше жағдайларда бұл мерзiм аталған билiк орындарының келiсiмiмен қысқартылуы мүмкiн.
2. Тағайындалған авиакомпаниялар қосымша ұшуларды орындауға рұқсат алуға сұраныстарды екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарының тiкелей бекiтуi үшiн ұсына алады.
17-бап
Консультациялар және өзгерiстер
1. Уағдаласушы Тараптардың авиациялық билiк органдары тығыз ынтымақтастық рухында осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау және сақтау мақсатында мезгіл-мезгіл консультациялар өткiзетiн болады.
2. Кез келген Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмдi немесе оның Қосымшасын өзгерту мақсатында консультациялар сұрай алады. Мұндай консультациялар егер екi Уағдаласушы Тарап осы кезеңдi ұзартуға келiспейтiн болса, бiр Уағдаласушы Тараптың сұрау алған күнiнен бастап алпыс (60) күннiң iшiнде басталатын болады.
Мұндай консультациялар келiссөздер немесе хат жазысу арқылы жүргiзілетін болады.
3. Осы Келiсiмнiң кез келген өзгерiсi Уағдаласушы Тараптар олардың тиiстi мемлекетiшілiк рәсiмдерiнiң аяқталуы туралы бiрiн-бiрi жазбаша түрде хабардар еткенде ғана күшiне енуi мүмкiн.
4. Осы Келiсiмнiң Қосымшасына кез келген өзгерiстер тиiсті авиациялық билiк орындарының арасында жазбаша түрде келiсілетiн болады және осы билiк орындары белгілеген кезден бастап күшiне енедi.
18-бап
Дауларды реттеу
1. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасында осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты қандай да болмасын дау туындаса, ең алдымен Уағдаласушы Тараптар дауды тiкелей келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық күш-жiгерлерiн жұмсайтын болады.
2. Егер Уағдаласушы Тараптар келiссөздерде дауды реттеуге қол жеткiзбесе; олар дауды шешу үшiн адамға немесе органға өтiніш жасауға келiсуi мүмкiн, мұндай ұсынысқа келiспеген жағдайда Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнің сұрауы бойынша дау үш арбитрден тұратын төрелiк соттың қарауына берілетiн болады, оларды бiреуден әрбiр Уағдаласушы Тарап тағайындайды және үшіншiсiн осындай жолмен тағайындалған екеуi белгiлейдi. Әрбiр Уағдаласушы Тарап арбитрдi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң дипломатиялық арналары бойынша екiншi Уағдаласушы Тараптан дауды төрелiк сот жолымен шешудi сұраған хабарлама алған күннен бастап алпыс (60) күннiң iшiнде тағайындайды және үшiншi арбитр келесi алпыс (60) күннiң iшiнде тағайындалатын болады. Егер Уағдаласушы Тараптардың бipeуi белгіленген кезеңнiң iшiнде өзiнiң арбитрiн тағайындамаса немесе егер үшiншi арбитр белгiленген кезеңнiң iшiнде белгіленбесе, онда кез келген Уағдаласушы Тарап Азаматтық авиация халықаралық ұйымы кеңесiнiң төрағасынан жағдайдың талап еткенiндей, арбитрдi немесе арбитрлердi тағайындауын сұрай алады. Кез келген жағдайда, үшiншi арбитр үшiншi Мемлекеттiң азаматы болып табылады және төрелiк соттың төрағасы ретiнде iс-әрекет етедi.
3. Уағдаласушы Тараптар осы Баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiмдердi орындауға мiндеттенедi.
4. Егер кейiннен бiр Уағдаласушы Тарап осы Баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiмдi орындамаса, онда екiншi Уағдаласушы Тарап бiрiншi Уағдаласушы Тарапқа осы Келiсiммен берілген құқықтарды немесе артықшылықтарды шектеуi, тоқтата тұруы немесе алып тастауы мүмкiн.
5. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзi тағайындаған арбитрдiң шығыстары мен сыйақысын өзiне алады; үшiншi арбитрдiң қаламақысы мен шығыстарын, сондай-ақ төрелiк сотқа байланысты шығыстарды Уағдаласушы Тараптар бiрдей үлесте төлейтiн болады.
19-бап
Тiркеу
Осы Келiсiм және оған барлық түзетулер Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымында тiркелетiн болады.
20-бап
Көп жақты келісiмдер
1. Конвенцияның ережелерi осы Келiсiмге қолданылатын болады.
2. Егер екi Уағдаласушы Тарап қабылдаған, осы Келiсiм қозғайтын кез келген мәселеге қатысты көп жақты келiсiм күшiне енсе, мұндай келiсiмнiң тиiстi ережелерi осы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiн алмастыратын болады.
21-бап
Қолданымдылық
Нидерланд Корольдiгіне қатысты осы Келiсiм Корольдiктiң Еуропадағы бiр бөлiгiне ғана қолданылатын болады.
22-бап
Күшiне енуi
Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындау туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың бiреуі екiншi Уағдаласушы Тараптан оның Келiсiмдi қолданылуын тоқтату шешiмi туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап 12 ай өткенге дейін күшiнде қалады. Осындай хабарлама бiр мезгiлде Халықаралық азаматтық авиация ұйымына жiберiлетiн болады. Екiншiнi Уағдаласушы Тараптың алғандығы туралы растау болмаған кезде хабарлама Халықаралық азаматтық авиация ұйымы хабарламаны алғаннан кейiн он төрт (14) күннен соң алынған болып есептеледi.
Жоғарыда айтылғандардың дәлелi ретiнде тиiсiнше өздерiнiң тиiстi Үкiметтерi уәкiлеттік берген, төменде қол қоюшылар, осы Келiсiмге қол қойды.
Гаага қаласында 2002 жылғы 27 қарашада екі данада, әрқайсысы қазақ, нидерланд, орыс және ағылшын тілдерiнде жасалды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушілiктер туындаған кезде Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгінетiн болады.
Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдiгінiң
Үкiметi үшін Үкiметi үшін
Қосымша
1. Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакомпаниясы (лары) төменде көрсетілген бағыттар бойынша әуе қатынасын орындау құқығына ие болады:
Қазақстандағы пункттер - аралық пункттер - Нидерландтағы пункттер - аумақтан тыс жердегi және керi пункттер.
2. Нидерланд Корольдігінiң тағайындалған авиакомпаниясы (лары) төменде көрсетiлген бағыттар бойынша әуе қатынасын орындау құқығына ие болады:
Нидерландтағы пункттер - аралық пункттер - Қазақстандағы пункттер - аумақтан тыс жердегі және керi пункттер.
3. Белгiленген бағыттардағы кез келген немесе барлық пункттер әрбiр тағайындалған авиакомпанияның шешуi бойынша кез келген немесе барлық рейстен қалдырылуы мүмкiн.
4. Кез келген аралық пункттерге және/немесе аумақтан тыс жердегi пункттерге осы пункттер мен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арасындағы ауа еркiндiгiнiң Бесiншi дәрежесiнiң құқықтарын пайдаланбай бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясы (лары) қызмет көрсете алады. Ауа еркiндігі Бесiншi дәрежесiнiң мұндай құқықтарын сонымен бiрге бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакомпаниясы (лары) екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарынан алдын ала рұқсат алғаннан кейiн пайдалана алады.