Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрегей және сирек ландшафттарды сақтау жөнiндегi шаралар туралы" өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Өкімі Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрегей және сирек ландшафттарды сақтау жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ерекше рекреациялық маңызы бар бiрегей және сирек ландшафттарды сақтау мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi:
туризм және рекреацияның мәнi ретiнде ерекше экологиялық және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектілерiн сақтау жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын;
ерекше рекреациялық маңызы бар бiрегей және сирек ландшафттардың табиғи экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне тұрақты бақылау орнатсын, олардың азып-тозуына жол бермесiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
үш ай мерзiмде Щучинск-Бурабай курорт аймағы, Медеу және Шымбұлақ шатқалы аумақтарына республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiсi мәртебесiн беру туралы мәселенi қарасын және шаруашылық қызметiне тыйым салулар мен шектеулер белгiлеу жолымен оларды қорғауды қамтамасыз етсiн;
алты ай мерзiмде жергілiктi халықтың әлеуметтiк-экономикалық факторларын және мүдделерiн ескере отырып, туризм мен рекреацияны дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану жөнiндегi түбегейлi шараларды әзiрлесiн;
қорғау аймақтарын қоса ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимiнің сақталуын және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау жөнiндегі қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінiң Әкiмшiлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi