Табиғи сипаттағы өңiрлiк төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң резервiнен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының елдi мекендерiнде жер асты сулары деңгейi көтерiлуінiң зардаптарын жою үшiн Алматы облысының әкіміне 167913000 (бip жүз алпыс жетi миллион тоғыз жүз он үш мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Алматы облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігіне 2004 жылы орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi