"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Ақтөбе қаласы Сәңкібай даңғылы 12 мекен-жайы бойынша тiркелген "Ақбұлақ" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) билiк ету шектеулі жарияланған акцияларын (бұдан әрi - акциялар) оларды салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қоғамның мерзiмi өткен берешегiн өтеу есебiне мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастырсын;
2) Қоғам акцияларын ұстаушылар тізiлiмiндегі акцияларға мемлекеттiк меншiк құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне тiркеудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамның алып қойылған акцияларын Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне берсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі