Қазақстан Республикасы Президентiнiң "ДДҰ-ның Темекiмен күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясына қол қою туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 591 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "ДДҰ-ның Темекiмен күрес жөніндегі негiздемелiк конвенциясына қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы ДДҰ-ның Темекімен күрес жөніндегі негіздемелік
конвенциясына қол қою туралы

      Қаулы етемін:
      1. 2003 жылғы 21 мамырда Женевада жасалған ДДҰ-ның Темекiмен күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясына қол қойылсын.
      2. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкiлi Ержан Хозеұлы Қазыхановқа Қазақстан Республикасының атынан көрсетілген Негiздемелік конвенцияға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының темекiге қарсы күрес жөнiндегi Негiздемелiк конвенциясы

  Кiрiспе

      Осы Конвенция тараптары,

       қайта орындалған шешімдiкпен адамдардың денсаулығын сақтау құқығына басымдық көңiл бөлуге,
      темекi эпидемиясын тарату адам денсаулығы үшiн айтарлықтай салдары бар және мүмкіндігінше барынша кең халықаралық ынтымақтастық пен тиiмдi, тиiстi және барлық елдердiң жан-жақты халықаралық жауапты iс-қимылдарға қатысуын талап ететiн ғаламдық проблема екендігін  мойындай отырып,
      адам денсаулығы үшін күйреткiш салдары бойынша халықаралық қоғамдастықтардың алаңдаушылығын  көрсете отырып,
      бүкіл әлем бойынша, әсiресе дамушы елдерде сигарет пен басқа темекi бұйымдарын пайдалану және өндiруге байланысты, сондай-ақ бұл ауыртпалық отбасына, кедей адамдар мен ұлттық денсаулық сақтау жүйесiне түсетiндiктен айтарлықтай алаңдатушылық  бiлдiре отырып,
      темекiнi пайдалану және темекi түтiнiнiң әсерi өлiмнiң, ауру мен мүгедектiктiң себебi болып табылатындығын және темекi шегудiң әсерi мен темекi бұйымдарын пайдаланудың басқа да түрлерi мен темекiге байланысты аурулардың пайда болуының арасындағы уақыттың белгілi бiр алшақтық бар екендігін ғылыми мәлiметтер екi ұшты емес растауды  мойындай отырып,
      сондай-ақ, тәуелдiлiктi туғызу және қолдау үшiн осылайша әзiрленген сигареттер мен құрамында темекiсi бар басқа да бұйымдар жоғары технологиялық бұйымдар болып табылатындығын және олардағы көптеген компоненттер мен олардан бөлiнетін түтiн фармакологиялық белсендi, уытты, мутагендi және канцерогендi болып табылатындығын, сондай-ақ темекiге тәуелділiк аурулардың негiзгi халықаралық жiктелiмдерiнде жеке бұзылу ретiнде жiтемелетiндігін  мойындай отырып,
      темекi шегудiң және бүкіл дүниежүзiндегi балалар мен жасөспiрiмдердiң темекiнi пайдаланудың басқа да түрлерiнiң таралуына байланысты, әсiресе өте ерте жаста шегуге байланысты қатты алаңдатушылық  білдiре отырып,
      бүкiл дүниежүзiндегi әйелдер мен қыздардың темекi шегуi мен темекiнi пайдаланудың басқа да түрлерiнiң мөлшерлерiнiң кеңеюiне байланысты және барлық деңгейдегі әйелдердiң саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыруға толық қатысуы қажеттілігіне, сондай-ақ гендерлiк аспектілердi есепке ала отырып, темекiге қарсы стратегиялардың қажеттiлігіне назар аудару арқылы алаңдатушылық  білдiре отырып,
      темекi бұйымдарын пайдалануды көтермелеу мақсатында жарнамалардың, сатуға ынталандырудың және демеушіліктiң барлық нысандарының ықпалына байланысты айтарлықтай алаңдатушылық  бiлдiре отырып,
      контрабанданы қоса алғанда сигареттер мен басқа да темекi бұйымдарын заңсыз сатудың барлық нысандарын, заңсыз өндiру және жасанды көшiрмелердi жою үшiн бiрлескен iс-қимылдың қажеттігін  мойындай отырып,
      барлық деңгейдегі және әсiресе дамушы елдер мен өтпелi экономикасы бар елдерде темекiге қарсы күрес жеткiлiктi қаржылық және темекiге қарсы күрес жөніндегі қызмет үшiн қазiргі кездегі және болжамдалған қажеттiлiктермен шамаланған техникалық ресурстарды талап ететiндiгін  тyсiне отырып,
      темекiге деген сұранымды қысқартудың табысты стратегияларының ұзақмерзiмдi әлеуметтiк және экономикалық салдарын қарау үшiн тиiстi тетiктерiн әзiрлеудiң қажеттілігiн  мойындай отырып,
      кейбiр дамушы елдердегі және өтпелi экономикасы бар елдердегi темекiге қарсы күрес бағдарламасының орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективасында әлеуметтік және экономикалық қиындықтар туғызуы мүмкiн екендiгіне  көңіл бөле отырып және қалыпты даму стратегияларының ұлттық деңгейiнде әзiрленген контекстегі техникалық және қаржы көмектерiне деген олардың қажеттілiктерiн  мойындай отырып,
      темекiге қарсы күрес саласында көптеген мемлекеттердiң жүргізген құнды жұмыстарын және Дүниежүзілiк Денсаулық сақтау ұйымының жетекшілігін мақұлдай отырып, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының басқа ұйымдары мен органдарының және темекiге қарсы күрес саласындағы шараларды әзiрлеу жөнiндегi басқа халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдардың күш салуын  мойындай отырып,
      денсаулық сақтаудың кәсiби органдарын, әйелдер топтарын, жастар топтарын, табиғатты қорғау топтарын және тұтынушылар топтарын, академиялық мекемелер мен денсаулық сақтау мекемелерiн қоса алғанда темекi өнеркәсiбiмен байланысты емес үкiметтік емес ұйымдар мен басқа да азаматтық қоғам мүшелерiнiң ұлттық және халықаралық деңгейлерде темекiге қарсы күрес бойынша күш салуға айрықша үлестерiн, сондай-ақ темекiге қарсы күрес бойынша ұлттық және халықаралық күш салуларға қатысуларының өмiрлiк маңызды мәнiн  айрықша атай отырып,
      темекi өнеркәсiбiнiң темекiге қарсы күрес бойынша күш салуды бұзуының немесе қарсылыққа жетелеуiнiң кез-келген әрекеттерiне қатысты қырағылық танытудың қажеттiлiгін және темекiге қарсы күрес бойынша күш салуға терiс әсер көрсететiн темекi өнеркәсiбiнiң қызметi туралы хабардар етудiң қажеттiлiгiн  мойындай отырып,
      әрбiр адам физикалық және психикалық денсаулықтың ең жоғары қол жететiн деңгейiне құқығы бар екендiгі туралы айтылатын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакттiң 12-бабын  еске сала отырып,
      сондай-ақ, нәсiлiне, дiнiне, саяси көзқарасына, экономикалық немесе әлеуметтiк жағдайына қарамастан барлық адамның денсаулықтың ең жоғары қол жететін деңгейiне ие болуы негiзгi құқықтарының бiрi болып табылатындығы айтылатын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Жарғысының кiрiспесiн  еске сала отырып,
       қайта орындалған шешiмдiкпен қазiргі кезде қолданылатын және ғылыми-техникалық және экономикалық пiкiрлерге негiзделген темекiге қарсы күрес шараларына жәрдемдесуге,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы 18 желтоқсанда қабылдаған әйелдерге қатысты кемсiтушілiктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция осы Конвенцияның қатысушы-мемлекеттерiнiң медициналық-санитарлық көмек саласында әйелдерге қатысты кемсiтушілiктi жою үшiн тиiсті шаралар қолдануды қарастыратындығын  еске сала отырып,
      сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған бала құқығы жөнiндегi Конвенция осы Конвенцияның қатысушы-мемлекеттерiнiң баланың денсаулықтың ең жоғары қол жететiн деңгейiне ие болу құқығын мойындайтындығын  ecкe сала отырып,
      мыналар туралы  келiстi :

  I Бөлім. Кіріспе

  1-бап
Терминдердi пайдалану

      Осы Конвенцияның мақсаты үшiн:
      (а) "Заңсыз сауда" заңмен тыйым салынған, осындай қызметке жәрдемдесу мақсаты бар практиканың немесе мiнез-құлықтың кез-келген түрiн қоса алғанда өндiруге, жiберуге, алуға, иеленуге, бөлуге, сатуға қатысы бар практиканың немесе мiнез-құлықтың кез-келген түрiн бiлдiредi.
      (b) "Экономикалық интеграцияның өңiрлiк ұйымы" бiрнеше егемендi мемлекеттерден тұратын және оның мемлекет-мүшелерi бiрқатар мәселелер бойынша, осы мәселелер бойынша мiндеттер жүктелетін шешiм қабылдау құқығын қоса алғанда оның мемлекет-мүшелерiне өкiлеттіктерiн берген кез-келген ұйымды білдiредi.
      (с) "Жарнама және темекiнi сатуды ынталандыру" коммерциялық ақпараттарды, ұсынымдарды берудiң кез-келген түрiн немесе тура немесе жанама нәтижесiмен немесе ықтимал нәтижесiмен темекi бұйымдарын сатуды немесе темекiнi пайдалануды ынталандыру мақсатындағы әрекеттi бiлдiредi.
      (d) "Темекiге қарсы күрес" халықтың темекi бұйымдарын пайдалануын жою немесе азайту арқылы жеткiзудi, сұраным мен зиянды, сондай-ақ оған темекi түтiннiң әсерiн азайту саласындағы олардың денсаулығын жақсартуға бағытталған стратегиялардың кең ауқымын бiлдiредi.
      (e) "Темекi өнеркәсiбi" барлық темекi бұйымдарын дайындаумен, көтерме бөлумен және импортпен айналысатындарды бiлдiредi.
      (f) "Темекi бұйымдары" шегу, copу, шайнау немесе иiскеу үшiн пайдаланатындай етiп дайындалған шикiзат материалы ретiнде темекi жапырағынан толық немесе iшінара дайындалған өнiмдердi бiлдіредi.
      (g) "Темекiге демеушiлік" кез-келген оқиғаға, iс-шараларға салымның кез-келген түрiн немесе тура немесе жанама нәтижесiмен немесе ықтимал нәтижесiмен темекi бұйымдарын сатуды немесе темекiнi  пайдалануды ынталандыру мақсатындағы жеке адамды бiлдiредi.

  2-бап
Осы Конвенцияның және басқа шарттар мен заңды құжаттардың арасындағы байланыс

      1. Адамдардың денсаулығын үздiк сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Тараптар осы Конвенция мен оның хаттамаларында талап етiлгендерден тысқары шараларды жүзеге асыруға көтермеленедi, бұл ретте осы құжаттардағы ештеңе олардың жағдайларымен келiсiлетiн барынша қатаң талаптарды қолдануға Тараптарға кедергi келтiрмейдi және халықаралық құқық нормасына сәйкес келедi.
      2. Осы Конвенция мен оның хаттамаларының ережелерi осы Конвенция мен оның хаттамаларына қатысты немесе осы Конвенция мен оның хаттамалары бойынша осындай келiсiмдер олардың мiндеттерiмен сыйысымды болып табылған жағдайда оларға қатысты қосымша болып табылатын мәселе бойынша өңiрлiк немесе қосалқы өңiрлiк келiсiмдердi қоса алғанда, Тараптардың екi жақты немесе көп жақты келiсiмдер жасау құқығына ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Сәйкес Тараптар Хатшылық арқылы Тараптар Конференцияларының келiсiмдерi туралы хабарлайды.

  II Бөлім. Мақсаты, басшылық қағидаттары мен жалпы міндеттер

  3-бап
Мақсаты

      Осы Конвенция мен оның хаттамаларының мақсаты адам денсаулығы үшiн күйретушi салдардан, сондай-ақ темекiнi пайдаланудың таралуы мен темекi түтiнiнiң әсерiн тұрақты және айтарлықтай қысқарту үшiн ұлттық, өңiрлiк және халықаралық деңгейлерде Тараптардың жүзеге асыруына жататын темекiге қарсы күрес шаралары үшін қолданыстағы негіздемелердi қамтамасыз ету арқылы темекiнi пайдаланудың таралуы мен темекi түтiні әсерiнiң әлеуметтiк, экологиялық және экономикалық салдарынан осы кездегі және болашақ ұрпақтарды қорғаудан тұрады.

  4-бап
Басшылық қағидаттары

      Осы Конвенция мен оның хаттамаларының мақсатына жету және оның ережесiн жүзеге асыру үшiн Тараптар төменде жазылған қағидаттарды iшінара басшылыққа алады:
      1. Темекiнi пайдалану және темекi түтiнi әсерiнiң денсаулыққа есiрткi сипатындағы салдары мен өлiм қаупi туралы әрбiр адам хабардар болуы тиiс және соған байланысты адамдарды темекi түтiнiнiң әсерiнен қорғау үшін тиiсті үкiметтiк деңгейде тиiмдi заңдық атқарушылық әкiмшiлiк немесе өзге де шараларды қараған жөн.
      2. Мыналарды ескере отырып, ұлттық, өңiрлiк және халықаралық деңгейлерде жан-жақты сектораралық шаралар мен үйлестiрілген жауап әрекеттерiн әзiрлеу және қолдау iсiне шешімдi саяси жақтаушылық қажет:
      (а) бүкiл адамды темекi түтiнi әсерiнен қорғау үшiн шараларды қолданудың қажеттілiгi;
      (b) кез-келген нысандағы темекi бұйымдарын бастауды болдырмау, пайдалануды қысқарту мен азайтуға жәрдемдесу мен қолдау үшін шараларды қолданудың қажеттілігі;
      (с) тұрғылықты адамдар мен қауымдардың әлеуметтiк және мәдени тұрғыдан олардың қажеттілiгі мен перспективаларына сәйкес келетiн темекiге қарсы күрес бағдарламасын әзiрлеуге, жүзеге асыру мен бағалауға қатысуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларды қолданудың қажеттілiгі; және
      (d) темекiге қарсы күрес стратегияларын әзiрлеу кезiнде әртүрлi жыныстағылар үшiн тән қауiптердiң есебi бойынша шараларды қолданудың қажеттілігі.
      3. Халықаралық ынтымақтастық, әсiресе технологияларды, бiлiмдердi беру және қаржы көмегін көрсету, сондай-ақ жергілiктi мәдени жағдайды, сондай-ақ экономикалық, саяси және заңды факторлардың осы Концепцияның маңызды бөлiгі болып табылатындығын ескере отырып, темекiге қарсы күрестiң тиiмдi бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру үшiн тиiстi сараптамалық қызметтердi ұсыну.
      4. Ұлттық, өңiрлiк және халықаралық деңгейлерде қолданылатын барлық темекi бұйымдарын пайдалануды қысқарту жөнiндегi жан-жақты көп секторлы шаралар мен жауап әрекеттер темекiнi пайдалану мен темекi түтінiнiң әсерiнен болған аурушаңдықтың, ерте мүгедектiк пен қайтыс болудың қоғамдық денсаулық сақтау қағидаттарына сәйкес алдын алу үшiн қажетті.
      5. Өзiнiң юрисдикция шегінде жауапкершiлiкке байланысты мәселелер әрбiр Тараппен қалай белгiленетiндігі темекiге қарсы жан-жақты күрестiң маңызды бөлiгi болып табылады.
      6. Дамушы елдер болып табылатын Тараптардағы, сондай-ақ өтпелi экономикасы бар Тараптардағы темекiге қарсы күрес бағдарламаны жүзеге асыру күн көрiс қаражатына айтарлықтай әсерiн тигiзетiндiктен темекi өсiретiн адамдар мен темекi өнеркәсiбi қызметкерлерiнiң экономикалық өтуiне жәрдемдесу үшiн ұлттық деңгейде әзiрленетiн қалыпты даму стратегиясының контексiнде техникалық және қаржы көмегiнiң мәнiн мойындаған және есепке алған жөн.
      7. Конвенция мен оның хаттамаларының мақсатына жету үшiн азаматтық қоғамның қатысуы қажет.

  5-бап
Жалпы мiндеттер

      1. Тарап болып табылатын осы Конвенция мен оның хаттамаларға сәйкес әрбiр Тарап темекiге қарсы күрес жөнiндегi жан-жақты көп секторлы ұлттық стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлейдi, жүзеге асырады, дүркiн-дүркiн жаңартады және қайта қарайды.
      2. Осы мақсатқа жету үшiн әрбiр Тарап өздерiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес:
      (а) темекiге қарсы күрес жөнiндегi ұлттық үйлестiру тетігін немесе үйлестiру органдарын құрады немесе нығайтады және қаржыландырады; және
      (b) тиiмдi заңдық, атқарушылық, әкiмшілiк және/немесе өзге де шараларды қолданады және жүзеге асырады және тиiсті жағдайларда темекiнi пайдаланудың, никотиндiк тәуелдiлiк пен темекi түтiнiнiң әсерiнiң алдын алу және қысқарту үшiн тиістi саясатты әзiрлеуге басқа Тараптармен ынтымақтасады.
      3. Темекiге қарсы күрес жөнiндегi қоғамдық денсаулық сақтаудың өзiнiң саясатын әзiрлеу мен жүзеге асыру кезiнде Тараптар ұлттық заңына сәйкес темекi өнеркәсiбiнiң коммерциялық және корпорациялық мүдделердiң әсерiнен өзiнiң саясатын қорғайтындай етiп әрекет жасайды.
      4. Тараптар болып табылатын осы Конвенция мен хаттамалардың жүзеге асырудың ұсынылған шараларын, ресiмдерi мен басшылық қағидаттарын әзiрлеуде Тараптар ынтымақтасады.
      5. Тараптар тиiсті жағдайларда Тараптар болып табылатын осы Конвенция мен хаттамалардың мақсатына жету үшiн құзыретті халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен және басқа да органдармен ынтымақтасады.
      6. Тараптар оларда бар қаражаттар мен ресурстардың шегiнде қаржыландырудың екi жақты және көп жақты тетiктерiнiң көмегiмен осы Конвенцияны тиiмдi жүзеге асыру үшiн қаржы ресурстарын жұмылдыру мақсатында ынтымақтасады.

  ІІІ Бөлім. Темекіге сұранымды қысқартуға қатысты шаралар

  6-бап
Темекiге сұранымды қысқарту жөнiндегi
баға және салық шаралары

      1. Тараптар баға және салық шаралары халықтың әртүрлi топтарының, әсiресе жастардың темекiнi пайдалануын қысқартудың тиiмдi және маңызды құралы екендігін мойындайды.
      2. Тараптардың егемендi құқықтарына арналған зиянсыз өзiнiң салық салу саясатын анықтауда және белгiлеуде әрбiр Тарап темекiге қарсы күреске қатысты денсаулық сақтау саласындағы өзiнiң ұлттық мақсатын есепке алуы тиiс және тиiстi жағдайларда мыналар енуi мүмкiн шараларды енгізу немесе сақтау:
      (а) салық саясатын және, орынды болған жағдайда темекiнi пайдалануды қысқартуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы жетiстiкке жету мақсатына жәрдемдесу үшiн темекi бұйымдарына қатысты баға саясатын жүзеге асыру; және
      (b) тиiстi жағдайларда халықаралық сапарларды жүзеге асыратын адамдардың темекi бұйымдарын салықсыз және бажсыз сатуына және/немесе олардың осы бұйымдарды әкелуiне тыйым салу немесе шектеу.
      3. 21-бапқа сәйкес Тараптар Конференциясында Тараптар кезеңдiк баяндамаларында темекi бұйымдарының салық салу ставкалары мен темекiнi пайдалану үрдiстерi туралы ақпаратты ұсынады.

  7-бап
Темекiге сұранымды қысқарту жөнiндегi
базадан тыс шаралар

      Тараптар жан-жақты бағадан тыс шаралар темекiнi қысқартудың тиiмдi және маңызды құралы болып табылатындығын мойындайды. Әрбiр тарап 8-13-баптар бойынша өзiнiң мiндеттерiн сақтау үшiн қажеттi тиiмдi заңдық, атқарушылық, әкiмшiлiк және/немесе өзге де шараларды қолданады және жүзеге асырады, және тиiстi жағдайларда оларды жүзеге асыру мақсатында басқа Тараптармен тiкелей немесе халықаралық ұйымдар арқылы ынтымақтасады. Тараптар Конференциясы осы баптардың ережелерiн жүзеге асыру үшiн тиiстi басшылық қағидаттарын ұсынады.

  8-бап
Темекi түтiнiнiң әсерiнен қорғау

      1. Тараптар ғылыми мәлiметтер темекi түтiнiнiң әсерi өлiмнiң, аурулар мен мүгедектiң себептерi болып табылатындығын екi ұшсыз қуаттайтындығын мойындайды.
      2. Әрбiр Тарап ұлттық заңнамамен белгiленген қолданыстағы ұлттық юрисдикция саласында қолданады және жүзеге асырады, және юрисдикцияның басқа деңгейлерiнде тиiмдi заңдық, атқарушылық, әкiмшiлiк және/немесе үй-жайлардың ішіндегi жұмыс орындарында, қоғамдық көлiктегi және жабық қоғамдық орындарда және тиiсті жағдайларда басқа қоғамдық орындарда темекi түтінiнiң әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн өзге де шараларды қолдану мен жүзеге асыруға белсендi ықпал етедi.

  9-бап
Темекi бұйымдарының құрамын реттеу

      Тараптар Конференциясы құзыреттi халықаралық органдармен консультацияға темекi бұйымдарының құрамын сынау және өлшеудiң басшылық қағидаттарын, сондай-ақ осы құрам мен бөлiнетiн өнiмдердi реттеудi ұсынады. Әрбiр Тарап құзыреттi ұлттық органдар мақұлдаған жағдайларда тиiмдi заңдық, атқарушылық, әкiмшілiк және/немесе осындай сынау және өлшеу бойынша, сондай-ақ осындай реттеу бойынша өзге де шараларды қолданады және жүзеге асырады.

  10-бап
Темекi бұйымдарының құрамын ашуды реттеу

      Әрбiр Тарап өзiнiң ұлттық заңына сәйкес заңдық, атқарушылық, әкiмшiлiк және/немесе үкiметтік органдардың темекi бұйымдарын дайындаушылар мен импортерлардан темекi бұйымдарының құрамы мен олар бөлiп шығаратын өнiмдер туралы ақпаратты ашып көрсетуiн талап ететiн өзге де шараларды қолданады және жүзеге асырады. Одан басқа әрбiр Тарап темекi бұйымдары мен өнiмдерiнен бөлiнiп шығатын уыттық құрам туралы көпшілiктi хабардар ету жөнiндегi тиiмдi шараларды қолданады және жүзеге асырады.

  11-бап
Темекi бұйымдарын бумалау және таңбалау

      1. Әрбiр Тарап осы Конвенция күшіне енген сәтiнен бастап үш жыл кезеңi iшiнде өзiнiң ұлттық заңына сәйкес осы Тарап үшiн:
      (а) темекi бұйымдарын бумалау мен таңбалау жалған, адастыратын немесе алдау болып табылатын, немесе кез-келген термин, сипаттау, сауда маркасын, белгілi темекi бұйымының басқа темекi бұйымдарына қарағанда зиянының аз екендiгін белгілейтiн тура және жанама жалған әсер туғызатын символдық немесе кез-келген өзге белгісiн қоса ала отырып, оның сипаттамасы, денсаулыққа әсерi, қаупi немесе бөлiп шығаратын өнiмдерi туралы терiс әсер туғызатын кез-келген жолмен темекi бұйымдарын сатуға ынталандырмайтын тиiмдi шараларды жүзеге асырады. Олар "құрамында смолалары аз", "жеңiл", "өтe жеңіл" немесе "жұмсақ" деген терминдердi енгiзуi мүмкiн; және
      (b) темекi бұйымдарының әрбiр қорабы мен бумасында және кез-келген сыртқы бумада және осы сияқты бұйымдардың таңбалауында сондай-ақ темекiнi пайдаланудың зиянды салдарын сипаттайтын денсаулық үшiн зияны туралы ескертуiнен тұрады және басқа да тиiсті хабарламаларды келтiредi. Олар мынадай ескертулер мен хабарламалар:
      (i) құзыреттi ұлттық органдар бекiтедi,
      (іі) мерзiмдi өзгередi,
      (ііі) iрi, нақты, айқын және жеңіл оқылатын болып табылады,
      (iv) негізгi таңбаланған үстіңгi бет 50% немесе одан аса алып жатады, бiрақ ешқандай жағдайда негiзгi таңбаланған үстiңгi беттің 30% кем емес,
      (v) суреттер немесе пиктограмма түрiнде орындалуы мүмкiн, немесе оларды енгiзедi.
      2. Темекi бұйымдарының әрбiр қорабы мен бумасында және кез-келген сыртқы бумада және осы сияқты бұйымдардың таңбалауында осы Баптың 1 (b)-тармағында көзделген ескертулерге қосымшада ұлттық органда белгіленген темекi бұйымдары мен олар бөлiп шығаратын өнiмдердiң сәйкес компоненттерi туралы ақпараттан тұруы тиiс.
      3. Әрбiр Тарап осы Баптың 1 (b)-тармағы мен 2-тармағында көрсетілген ескертулер мен басқа да мәтiндiк ақпарат оның негiзгi тiлi мен негiзгi тiлдерде темекi бұйымдарының әрбiр қорабы мен бумасында және кез-келген сыртқы бумада және осы сияқты бұйымдардың таңбалауында айшықталуын талап етедi.
      4. Осы Баптың мақсаты үшін "сыртқы бума мен таңбалау" терминi осы бұйымның бөлшек саудасында пайдаланылатын кез-келген бума мен таңбалаудағы темекi бұйымдарына қатысты қолданылады.

  12-бап
Ағарту, ақпарат бepу, дайындау және халықты хабардар ету

      Әрбiр Тарап тиiсті жағдайларда барлық қолданыстағы ақпарат беру құралдарын пайдалана отырып, темекiге қарсы күрес мәселесi бойынша халықты ақпараттандыру жүйесiн қолдайды және нығайтады. Осы мақсатта әрбiр Тарап тиiмдi заңдық, атқарушылық, әкiмшiлiк және/немесе жәрдемдесуге бағытталған мынадай өзге де шараларды қолданады және жүзеге асырады:
      (а) үйренудi қоса отырып, темекiнi пайдалану мен темекi түтiнiнiң денсаулыққа әсер ету қаупi туралы халықты ақпараттандырып, ағартудың тиiмдi және жан-жақты бағдарламаларға кеңiнен қол жетiмділiгiн;
      (b) халықты темекіні пайдалану мен темекi түтiнінің әсер етуi денсаулыққа төндiретін қауiпi, сондай-ақ 14, 2-бапта көрсетiлгендей темекiнi пайдалануды тоқтатудың, темекiден босаған кездегi өмiр сүру өзгешелігінiң мүмкiндiктерi туралы халықты ақпараттандыру;
      (с) ұлттық заңнамаға сәйкес осы Конвенцияның мақсатына жататын темекi өнеркәсiбi туралы әртүрлi ақпараттарға халықтың қолын жеткiзу;
      (d) денсаулық сақтау қызметкерлерiне, қауымдастық қызметкерлерiне, әлеуметтік қызметкерлерге, бұқаралық ақпарат құралдарының кәсiби қызметкерлерiне, оқытушыларға шешiм қабылдайтын қызметкерлерге, басшы және өзге де тиiстi адамдарға бағытталған темекiге қарсы күрес жөніндегі тиiмдi және нақты бағдарламалар немесе ақпараттылығы мен ағартушылық көтеруге;
      (e) темекi өнеркәсiбiмен байланысты емес мемлекеттік және жеке мекемелердiң және үкiметтiк емес ұйымдардың темекiге қарсы күрес саласында сектораралық бағдарламалар мен стратегияларды әзiрлеп және iске асыруды ақпараттандыру мен қатысуға; және
      (f) халықты темекiнi өндiру мен тұтынудың адам денсаулығына керi әсер ету себептерi, сондай-ақ оның экономикалық және экологиялық зардаптарын ақпараттандыруға және ақпараттарға қол жетiмдiлiгiне ықпал ету.

  13-бап
Темекi өнiмдерiн жарнамалау, сатуды ынталандыру және демеушілiк

      1. Тараптар жарнамалауды, сатуды ынталандыру мен демеушілiктi толық тоқтау темекi өнiмдерiн тұтынудың қысқаруына әкелiп соғатынын мойындайды.
      2. Әрбiр Тарап өзiнiң конституциясы немесе конституциялық қағидаттарына сәйкес өзiнiң темекi өнiмдерiн жарнамалауға, сатуды ынталандыруға және демеушілiкке толық тиым салуды енгізедi. Оған сол Тарапта бар құқықтық жағдайлар мен техникалық құралдардың қолдағысын есепке ала отырып, оның аумағынан шығатын барлық трансшекаралық жарнама сатуды ынталандыру мен демеушiлiкке толық тиым салады. Осыған байланысты әрбiр Тарап Конвенция осы ел үшін өз күшіне енгеннен кейiнгi бес жыл ішiнде, тиiсті заңнамалық атқару, әкiмшілiк және/немесе өзге де шаралар қабылдайды және 21-бапқа сәйкес тиiсті баяндамаларды ұсынады.
      3. Өз конституциясының күшiне немесе конституциялық қағидаттарға сәйкес толық тиым салуға мүмкіндігі жоқ Тарап барлық жарнамаға, темекi өнiмдерiн сатуды ынталандыру мен демеушiлiкке шектеу қолданады. Оған осы Тараптың құқықтық шарттары мен техникалық құралдардың қолда бары, жарнамаға шектеу қою немесе толық тиым салу, сату мен демеушілiктi ынталандыру, оның аумағы мен шекаралас шеттесуiнен туындау енедi. Осыған байланысты әрбiр Тарап тиiсті заңнамалық, орындаушылық, әкiмшілiк және/немесе өзге де шаралар және 21-бапқа сәйкес тиiстi баяндамалар ұсынады.
      4. Кемiнде және өздерiнiң конституцияларына немесе конституциялық қағидаттарына сәйкес:
      (а) жалған және алдамшы жолмен келген, адам денсаулығына керi әсер ететiн, қауіпті немесе бөлiнетін өнiмдерi туралы, олардың мән-мазмұнын ашып көрсетпейтiн темекi өнiмдерiн жарнамалаудың барлық түрлерiне тиым салады;
      (b) денсаулыққа зияны немесе өзге де тиiсті ескертулер темекi өнiмдерiн жарнамалаудың барлық түрiнде болуын, тиiстi жағдайларда сатуды және демеушілікті ескертудi талап етедi;
      (с) халықтың темекi өнiмдерiн алуын марапаттайтын тiкелей немесе жанама ынталандыруды қолдануды шектейдi;
      (d) әлi тиым салынбаған темекi өнiмдерiне жұмсалатын шығындарды жарнамалау, сатуды ынталандыру мен демеушiлiк туралы тиiстi мемлекеттік органдардың ақпараттар беруiн ашуды талап етедi. Осы органдар бұл мәлiметтердi қоғамдық және 21-бапты орындау үшiн Тараптардың Конференциясына ұсыну туралы ұлттық заңнамаларға сәйкес шешiм қабылдауы мүмкін.
      (е) өздерiнiң конституциясы немесе конституциялық қағидаттары күшіне сәйкес Тараптар толық тиым сала алмайтын болса, онда радио, теледидар және баспа басылымдары бұқаралық ақпарат құралдарында, тиiстi жағдайларда Интернет сияқты ақпарат құралдарында темекi өнiмдерiн сату мен оны демеушiлiктi жарнамалауды бес жылға дейiнгi мерзiмге шектейдi; және
      (f) Тараптар өзiнiң конституциясы немесе конституциялық қағидаттарының күшіне сәйкес тиым сала алмаса, онда халықаралық оқиғалар, iс-шаралар немесе қатысушылар арасында темекi өнiмдерiне демеушілiк жасауды шектейдi.
      5. Тараптар 4-тармақта көрсетiлген міндеттеме сыртындағы шараларды iске асырғаны үшiн марапатталады.
      6. Тараптар трансшекаралық жарнамаларды жоюға қажеттi технологиялар мен өзге де құралдарды әзiрлеу жөнiнде ынтымақтасады.
      7. Темекi өнімдерiн жарнамалауға, оларды сату мен демеушілiктi ынталандыруға тиым салған Тараптар, ұлттық заңнамаға сәйкес өз аумағында осы iстерге тиым салуға құқы бар. Осы тармақ қандайда бiр нақты ықпалшараны мақұлдауды немесе бекiтудi білдiредi.
      8. Тараптар трансшекаралық жарнамаға, сату мен демеушілiктi ынталандыруға толық тиым салу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты талап ететiн тиiсті шаралар енгiзілген хаттама мәселесiн қарайды.

  14-бап
Темекiге тәуелдiлiк пен темекiнi тұтынуды болдырмауға байланысты сұранысты қысқарту жөнiндегi шаралар

      1. Әрбiр Тарап темекiнi тұтынуды тию мен темекiге тәуелділiктен тиiсті емдеудi қамтамасыз ету үшiн ұлттық жағдайлар мен басымдықтарды есепке ала отырып, ғылыми деректер мен үздiк практикаға негізделген кешендi басқару қағидаттарын әзiрлейдi және таратады.
      2. Осы мақсатқа жету үшiн әрбiр Тарап:
      (а) темекiнi тұтынуды қоюға ықпал жасауға бағытталған, оның iшiнде оқу орындары, медициналық-санитарлық мекемелер, жұмыс орындары мен спорт шараларын өткізетiн орындарда тиым салуға бағытталған тиiмді бағдарламаларды әзірлеуге және iске асыруға;
      (b) Тиiстi жағдайларға қарай темекi шегудi тиюға қатысты денсаулық caқтaу қызметкерлерi, қауымдастықтар мен әлеуметтiк сала қызметкерлерiнiң қатысуымен ағарту жұмыстарын жүргiзуге, денсаулық сақтау саласында ұлттық бағдарламалар, жоспарлар мен стратегияларға диагностика мен темекiге тәуелдiктi емдеудi енгізуге;
      (с) медициналық-санитарлық көмек және оңалту орталықтарында диагностика, консультация бepу, темекiге тәуелділіктің алдын алу мен емдеу жөніндегі бағдарламаларды құру;
      (d) өзге Тараптармен 22-бапқа сәйкес фармацевтикалық препараттарды қоса отырып, темекiге тәуелділiктi емдеу бағасын қолжетiмдi әрi жеңiлдету үшiн ынтымақтасу. Дәрілiк заттарды енгізу, тиiстi жағдайларда диагностика үшiн пайдаланылатын дәрілік заттар, препараттар осы препараттар мен олардың құрамдас бөлiктерiне енуi мүмкiн.

  IY Бөлім. Темекіні жеткізуді қысқартуға қатысты шаралар

  15-бап
Темекi өнiмдерiн заңсыз сату

      1. Контрабанданы, заңсыз өндiру мен қолдан жасауды қоса темекi өнiмдерiн сатудың барлық түрiн жою, сондай-ақ субөңiрлiк, өңiрлiк және ғаламдық келiсiмдерден басқа тиiстi ұлттық заңдарды әзiрлеу мен iске асыру, темекiге қарсы күрестiң қажетті құрамдас бөлiктерi екенiн Тараптар таниды.
      2. Әрбiр Тарап темекi өнiмдерiнiң шыққан жерiн анықтауға көмек беру үшiн барлық пачкiлер мен темекi өнiмдерiнiң орамдары және мұндай өнiмдердiң сыртқы орамдары таңбалануы керек, ұлттық заңдарға және екiжақты және көпжақты келiсiмдерге сәйкес, Тараптарға ауытқу нүктесiн, сондай-ақ мониторингті, құжаттау мен темекi өнiмдерiнiң қозғалысы мен олардың заңды мәртебесiн анықтауға көмектесу үшiн тиiмдi заңдық, атқару, әкiмшiлiк немесе өзге де шараларды қабылдайды және iске асырады. Мұнан басқа әрбiр Тарап:
      (а) iшкi рынокта, темекi өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудада сату үшiн әрбiр жеке пачкi мен орамдарда мынадай мәтiндегi жазу болуы керек: "Тек қана мынадай жағдайда сатуға рұқсат етіледi (елдiң, субұлттық, өңiрлiк немесе федеральдық аумақтық бiрлiк)" немесе баратын соңғы пункт немесе органдағы iшкі рыноктағы сату үшін бұл бұйым заңды негiзде түсті ме деген сауалдарға жауап беру үшiн талап етiледi; және
      (b) заңсыз сатқан кезде бөлу жүйесiн одан әрi қорғау мен зерттеу жүргiзуге көмек беретiн практикалық байқау мен байқау режимi жүйесiн құру туралы сәйкес жағдайларда мәселелердi қарайды.
      3. Әрбiр Тарап осы Баптың 2-тармағында көрсетiлген орамдағы немесе таңбалаудағы ақпараттар түсiнiктi және/немесе негізгі тiлде немесе негiзгі тiлдерде жазып берiлуiн талап етедi.
      4. Темекi өнiмдерiн заңсыз сатуды жою мақсатында әрбiр Тарап:
      (а) заңсыз сатуды қосыла отырып, темекi өнiмдерiн трансшекаралық сату туралы мониторинг пен мәлiметтер жинауды, тиiстi жағдайларда кеден, салық және өзге де органдармен ұлттық заңдарға және қолданыстағы екiжақты немесе көпжақты келiсiмдерге сәйкес ақпараттар алмасады;
      (b) темекi өнiмдерiн заңсыз сатуға қарсы, оның iшiнде қолдан жасалған және контрабандалық сигареттердi сатуға бағытталған тиiсті санкциялар және түзету шараларына сәйкес заңдарды қабылдайды немесе нығайтады;
      (с) барлық тәркiленген өндiрiстiк құралдар, қолдан жасалған және контрабандалық сигареттер мен өзге де темекi өнiмдерiн практикалық iске асыру, экологиялық таза әдiстер, немесе iшкi заңдарға сәйкес жою жөніндегі қажетті қадамдар жасауға қабылдайды;
      (d) өзiнiң заңдық шегiнде салықсыз немесе баж салығынсыз режимде жиналатын және тасылатын темекi өнiмдерiн сақтау мен бөлудi бақылау және құжаттандыру, мониторинг мақсатында шаралар қабылдайды және iске асырады;
      (e) темекi өнiмдерiн заңсыз сатудан түскен кiрiсті конфискелеу мақсатында қажетті шаралар қабылдайды.
      5. Осы Баптың 4(а) және 4(b) тармақшаларына сәйкес жиналған ақпараттар 21-бапқа сәйкес тиiстi жағдайларда Тараптар еркiн түрде Тараптардың Конференциясының мерзiмдiк баяндамасында ұсынылады.
      6. Тараптар тиiстi жағдайларда және ұлттық заңға сәйкес, ұлттық мекемелердiң арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етедi, сондай-ақ тиiсті өңiрлiк және халықаралық үкiметаралық ұйымдарға тексерiп бiлу, соттық iзiне түсу мен амалдар, темекi өнiмдерiн заңсыз сатуды жою мақсатында ынтымақтасады. Heгiзгі назар темекi өнiмдерiн заңсыз сатумен күрес мақсатында өңiрлiк және субөңiрлiк деңгейде ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.
      7. Әрбiр Тарап заңсыз сауда жасаудың алдын алу мақсатында темекi өнiмдерiнiң өндiрiсiн ретке келтiру және бөлудi ретке келтiру немесе бақылау үшiн лицензиялаудың тиiстi жағдайларын қоса отырып, одан арғы шараларды қабылдауға және iске асыруға ұмтылады.

  16-бап
Кәмелеттiк жасқа толмағандарға сату және кәмелеттiк жасқа толмағандардың сатуы

      1. Әрбiр Тарап тиiмдi заңнамалық, атқару, әкiмшiлiк немесе шараларды тиiстi үкiметтiк деңгейде темекi өнiмдерiн он ceгіз жасқа толмаған адамдарға iшкi заңдap, ұлттық заңдарға сәйкес сатуға тиым салу жөнiнде шаралар қабылдайды.
      Ол шараларға:
      (а) әрбiр темекi сататын сатушылардың көрiнетiн жерде кәмелеттiк жасқа толмағандарға тиым салынғаны туралы хабарландырулар ілгенiне, егер күдiк болған жағдайда одан құжат сұрауына;
      (b) дүкеннiң сөрелерiнен тiкелей темекi өнiмдерiн сатуға тиым салу;
      (с) жасөспiрiмдердiң көңiлiн аударатын темекi түрiндегi конфеттер, ойыншықтар немесе өзге де заттарды жасауға тиым салуға;
      (d) темекi сататын автоматтардың ережесi бойынша жасөспiрiмдерге заңдық жағынан қолжетiмдi болмауына тиым салуға.
      2. Әрбiр Тарап тегiн темекi өнiмдерiнiң халық әсiресе жасөспiрiмдер арасында тиым салуға ұмтылады.
      3. Әрбiр Тарап жасөспiрiмдерге қолжетiмдi болып табылатын темекiнi бiр данадан немесе шағын орамдарда сатуға тиым салуға ұмтылады.
      4. Тараптар жасөспiрiмдерге темекi сатуға тиым салу немесе оның алдын алу тәртiбiн күшейту үшiн қажет болған жағдайда Осы Конвенцияда жазылған өзге де ережелермен үндесе жұмыс iстеу керектігiн мойындайды.
      5. Тараптар Конвенцияға қол қойылған, бекiтiлген, қабылданған, бекiтiлген жағдайда, қажет болса мiндеттi күшi бар жазбаша өтiнiштiң көмегiмен темекi өнiмдерiн сату автоматтарын өздерiнiң заңдық шектерiнде тиым салуға мiндеттенедi, қажет болған жағдайда темекi өнiмдерiн сататын автоматтарға толық тиым салуға мiндеттенуiн көрсете алады.
      6. Әрбiр Тарап осы Баптың 1-5 тармақтарында жазылған мiндеттердi қамтамасыз ету мақсатында, көтерме және бөлшек сауда жасаушыларды қоса отырып, оларға қарсы тиiмдi заңдық, орындаушылық, әкiмшілiк немесе өзге де шаралар қабылдайды және оны iске асырады.
      7. Әрбiр Тарап тиiстi жағдайларда он жетi жасқа толмағандарға iшкi заңдарда, ұлттық заңдарда белгіленген тәртiппен темекi өнiмдерiн сатуға тиым салатын шараларды немесе тиiмдi заңдық, атқарушы, әкiмшiлiк шараларды қабылдайды және iске асырады.

  17-бап
Экономикалық өмiршең қызметтердiң баламасын қолдау

      Тараптар өзге Тараптармен, халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен ынтымақтасу кезiнде, темекi өндiру және өсiрумен айналысатын адамдардың мүддесiне, қажет болған кезде, тиiстi жағдайларда жеке сатушыларға экономикалық өмiршең баламаларға ықпал етедi.

  Y-Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау

  18-бап
Қоршаған ортаны қорғау және адамдардың денсаулығы

      Осы Конвенция бойынша Тараптар өз аумақтарында темекi өсiру мен оны өндiруге қатысты өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау кезiнде қоршаған ортаны қорғау мен адамдардың денсаулығын сақтау мәселелерiн тиiстi деңгейде есепке алуға келiседi.

  YI-Бөлім. Жауапкершілікке байланысты мәселелер

  19-бап
Жауапкершілiк

      1. Темекiге қарсы күресу мақсатында Тараптар тиiстi жағдайларда өтемақы төлеудi қоса отырып, қажет жағдайда қылмыстық және азаматтық жауапкершiлiк мәселелерiн шешу үшiн қолданыстағы заңды дамыту немесе заңнамалық шараларды қабылдау мүмкiндiктерiн қарастырады.
      2. Тараптар 21-бапқа сәйкес Тараптардың Конференциялары арқылы бiр-бiрiмен ақпараттар алмасу жөнiнде ынтымақтасады, оның iшiнде:
      (а) темекi өнiмдерiн пайдаланудың салдары мен 20.3-бапқа сәйкес темекi түтінiнiң өзара iс-қимыл жасауы денсаулыққа әкелетiн қасіреттерi жайында ақпарат алмасады; және
      (b) қолданыстағы заңдар мен ережелер, тиiстi сот практикасы туралы ақпараттар алмасады.
      3. Тараптар тиiстi жағдайларда және өзара келiсе отырып, бiр-бiрiне ұлттық заң, саясат, құқықтық тәжiрибе шеңберiнде және де осы Конвенцияға сәйкес азаматтық және қылмыстық жауапкершiлiкке қатысты процессуальдық қимылдарды iске асыратын келiсiм тетiктерi негiзiнде көмек бередi.
      4. Конвенция Тараптардың бiр-бiрiнiң сот органдарына құқықтық мәселелерi бар жерде оларға ешқандай қол сұқпайды.
      5. Тараптардың Конференцияларында тиiстi халықаралық форумдарда қаралатын мәселелер бойынша жауапкершiлiкке қатысты мәселелер, осы мәселелерге халықаралық тұрғыдан қарау мәселесiнде, Тараптарға қолдау көрсету құралдарында, олардың сұрауы бойынша, осы Бапқа сәйкес заңдық және өзге де қызметті қарайды.

  YІІ Бөлім. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық және ақпарат беру

  20-бап
Ғылыми зерттеулер, эпидқадағалау және ақпарат алмасу

      1. Тараптар темекiге қарсы күрес саласындағы ұлттық зерттеулердi өңiрлiк әрi жаһандық деңгейлерде дамыту мен жәрдемдесу және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі шараларды қабылдайды. Бұл мақсатқа жету үшiн Тараптар:
      (а) зерттеулер және ғылыми бағалаулар жүргiзуде тiкелей немесе құзыретті халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдар мен басқа органдар арқылы ынтымақтастыққа бастама жасайды әрi жүзеге асырады және бұл ретте темекi тұтынудың зардаптары мен детерминантасын және темекi түтiнiнiң әсерiн оқып-үйренуге бағытталған зерттеулерге, сондай-ақ балама мәдениеттердi анықтауға бағытталған зерттеулерге жәрдемдеседi және қолдау көрсетедi;
      (b) құзыретті халықаралық және өңірлiк үкiметаралық ұйымдар мен басқа органдардың қолдауымен ғылыми зерттеулердi қоса алғанда темекiге қарсы күрес жөніндегі қызметпен айналысатындардың барлығын даярлау және қолдау көрсетудi, жүзеге асыруды және бағалауды дамытады әрi нығайтады.
      2. Тараптар тиiсті жағдайларда темекi тұтынудың зардаптары мен темекi түтiнi әсерлерiнiң масштабтарын, құрылымдарын, детерминанталарын ұлттық өңiрлiк және жаһандық эпидқадағалау бағдарламаларын құрады. Осы мақсатта Тараптар темекiнi эпидқадағалау бағдарламасын өңiрлiк және халықаралық деңгейлердегi деректердiң салыстырмалылығы мен талдаудың мүмкiндiктерiн тиiстi жағдайларда қамтамасыз ету үшiн денсаулық жағдайын эпидқадағалаудың ұлттық, өңiрлiк және жаһандық бағдарламаларына кiргiзедi.
      3. Тараптар халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдар мен басқа да органдар тарапынан қаржылық және техникалық көмектiң маңызын бiледi. Әрбiр Тарап:
      (а) кезең-кезеңмен темекi тұтынуды эпидемиологиялық қадағалаудың және тиiстi әлеуметтiк және экономикалық көрсеткiштердi және денсаулық көрсеткiштерiнiң ұлттық жүйесiн жасауға;
      (b) темекiнi өңiрлiк және жаһандық эпидқадағалауда және осы Баптың 3 (а) тармағында көрсетiлген көрсеткiштер туралы ақпарат алмасуда үкiметтiк және үкiметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен және басқа да органдармен ынтымақтасуға;
      (с) темекiге байланысты эпидқадағалау деректерiн жинау, талдау және таратуды айқындауға арналған жалпы басшылық қағидаттарды немесе рәсiмдердi әзiрлеуде Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтасуға ұмтылады.
      4. Тараптар өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес ашық ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық, коммерциялық және заңдық ақпаратпен, сондай-ақ осы Конвенцияға қатысы бар темекi өнеркәсiбi мен темекi өсiру практикасына қатысты ақпарат алмасуға жәрдемдеседi және жеңiлдетедi, бұл ретте дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелi экономикасы бар Тараптардың айрықша қажеттiлiктерiн ескередi және қарайды. Әрбiр Тарап:
      (а) құрамында темекiге қарсы күрестi регламенттейтiн заңдар мен ережелер бар жаңартылған дерекқорды және тиiстi жағдайларда олардың сақталуын қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ тиiсті сот практикасы туралы ақпаратты кезең-кезеңмен жасау әрi қолдау мен өңiрлiк және жаһандық деңгейлерде темекiге қарсы күрес саласындағы бағдарламаларды әзiрлеуде ынтымақтасуға;
      (b) осы Баптың 3 (а) тармағына сәйкес жаңартылған дерекқорды кезең-кезеңмен жасауға және қолдауға;
      (с) темекi өндiру және темекi бұйымдарын дайындау туралы, сондай-aқ осы Конвенцияға немесе темекiге қарсы күрес жөніндегі ұлттық қызметке ықпал ететiн темекi өнеркәсiбi қызметi туралы ақпаратты тұрақты жинау және тарату үшiн жаһандық жүйенi кезең-кезеңмен жасау және қолдау мақсатында құзыретті халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға ұмтылады.
      5. Тараптар өңiрлік және халықаралық ұйымдармен және қаржы мекемелерiмен, сондай-ақ дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға өздерiнiң зерттеулер, эпидқадағалау және ақпарат алмасу жөнiндегі мiндеттемелерiн орындауда көмек көрсету үшiн Хатшылыққа жәрдемдесуге және техникалық және қаржы ресурстарын берудi көтермелеу мақсатында олар мүшелерi болып табылатын дамыту мәселелерiмен айналысатын мекемелер шеңберiнде ынтымақтасуы керек.

  21-бап
Есептілік және ақпарат алмасу

      1. Әрбiр Тарап Хатшылық арқылы Тараптар Конференциясына өзiнiң Конвенцияны орындағаны туралы мерзiмдiк баяндамаларын ұсынады, онда мыналар қамтылады:
      (а) Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған заңнамалық, орындаушылық, әкiмшiлiк немесе өзге де шаралар туралы ақпарат;
      (b) тиiстi жағдайларда Конвенцияны жүзеге асыруда кездескен кез-келген кедергiлер мен тосқауылдар туралы және осы тосқауылдарды жою үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат;
      (с) тиiстi жағдайларда темекiге қарсы күрес жөнiндегi қызмет үшін берiлген немесе алынған қаржылық және техникалық көмек туралы ақпарат;
      (d) 20-Бапта көрсетілгендей эпидқадағалау және зерттеулер туралы ақпарат; және
      (e) 6.3, 13.2, 13.3, 13.4(d), 15.5 және 19.2-Баптарда көрсетiлген ақпарат.
      2. Мұндай баяндамаларды барлық Тараптардың ұсынуының жиiлiгi мен нысанын Тараптардың Конференциясы айқындайды. Әрбiр Тарап аталған Тараптар үшiн Конвенция күшiне енгеннен кейiн екi жыл iшiнде өзiнiң алғашқы баяндамасын дайындайды.
      3. Тараптар Конференциясы 22 және 26-Баптарға сәйкес дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар Тараптарға олардың сұрауы бойынша, осы Бап бойынша олар өз мiндеттемелерiн орындауда көмек көрсету жөнiндегi шараларды қарайды.
      4. Осы Конвенция бойынша баяндамалар ұсыну және ақпарат алмасу құпиялылығын және жеке өмiрiне қол сұғылмауын қамтамасыз ету тұрғысындағы ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Өзара келiсiм бойынша Тараптар олар алмасатын кез-келген құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етедi.

  22-бап
Ғылыми-техникалық және заң салаларындағы ынтымақтастық және тиiстi тәжiрибенi ұсыну

      1. Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және өтпелі экономикасы бар Тараптардың қажеттiлiктерiн ескере отырып, осы Конвенциядан туындайтын мiндеттемелердi орындау бойынша өзiнiң әлеуетiн нығайту мақсатында тiкелей немесе құзыреттi халықаралық органдар арқылы ынтымақтасады. Мұндай ынтымақтастықтың мынадай бағыттарға бағытталған темекiге қарсы күрес саласындағы ұлттық стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеу және нығайту үшiн өзара келiсiм бойынша ғылыми-техникалық және заңдық тәжiрибенi және технологияны беруге жәрдемдесу мақсаты болады:
      (а) темекiге қарсы күреске байланысты технологияларды, білімдi, дағдыны, әлеуеттi және тәжiрибенi әзiрлеуге, беруге және алуға жәрдемдесуге;
      (b) Мыналар:
      (i) тиiсті сұрау бойынша тұғырлы заңнамалық негізді, сондай-ақ темекiнi тұтынудың алдын алуды, оны тұтынуды тоқтатуға және темекi түтiнінiң әсерiнен қорғауға жәрдемдесу жөнiндегi бағдарламаларды қоса алғанда, техникалық бағдарламаларды жасауда көмек көрсету;
      (іі) тиiстi жағдайларда темекi секторында жұмыс iстейтiн адамдарға экономикалық тұрғыда өмiр сүруге қабілетті жағдайда өмiр сүруге құралдарды қамтамасыз етудiң тиiсті экономикалық және заңды тұрғыда өмiр сүруге қабілетті балама тәсiлдерiн әзiрлеуде көмек көрсету;
      (ііі) тиiсті жағдайларда темекi өсiрумен айналысатын адамдарға ауыл шаруашылығы өндiрiсiн экономикалық тұрғыда өмiр сүруге бейiм балама мәдениеттерге айналдыруда көмек көрсету арқылы Конвенцияны жүзеге асыруға бағытталған темекiге қарсы күрес саласындағы ұлттық стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламаларды жасау әрi нығайту үшiн ғылыми-техникалық заңдық және өзге де тәжірибелерді ұсыну;
      (с) 12-Бапқа сәйкес тиiсті персоналды даярлаудың тиiсті бағдарламаларын қолдау немесе ақпараттандыруды арттыру;
      (d) тиiстi жағдайларда темекiге қарсы күрес саласындағы стратегиялар, жоспарлар мен бағдарламалар үшін қажеттi материалдарды, жабдықты және материалдық-техникалық қолдау беру;
      (e) никотинге тәуелділіктi жан-жақты емдеудi қоса алғанда, темекiге қарсы күрестің әдiстерiн айқындау;
      (f) тиiсті жағдайларда никотинге тәуелділiктi жан-жақты емдеудiң қол жетімділігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу.
      2. Тараптар Конференциясы ғылыми-техникалық және заң тәжiрибесi мен технологияны беруде жәрдемдеседi және бұлай берудi 26-Бапқа сәйкес көрсетілетiн қаржылық қолдау кезiнде жеңiлдетедi.

  YІІІ Бөлім. Ұйымдастыру шаралары және қаржы ресурстары

  23-бап
Тараптар Конференциясы

      1. Тараптар Конференциясы осымен бекiтiледi. Конференцияның бiрiншi сессиясын Дүниежүзілiк Денсаулық сақтау ұйымы осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырады. Конференция өзiнiң бiрiншi сессиясында келесi кезектi сессиялардың өтетiн орны мен уақытын белгiлейдi.
      2. Тараптар Конференциясының кезектен тыс сессиясы Конференция қажет деп тапқан немесе бұл талап туралы ақпаратты Конвенцияның Хатшылығы оларға берген сәттен бастап алты ай iшiнде Тараптардың үштен бiрi қолдайтын жағдайда кез-келген Тараптың жазбаша талабы бойынша басқа мерзiмдерде өткiзiледi.
      3. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi сессиясында конвенсуспен өз рәсiмдерiнiң Ережесiн қабылдайды.
      4. Тараптар Конференциясы конвенсуспен өзiнiң ережелерiн, сондай-ақ ол құра алатын кез-келген қосалқы органдарды қаржыландыруды регламенттейтiн ережелердi, сондай-ақ Хатшылықтың жұмысын регламенттейтiн қаржылық ережелердi қабылдайды. Ол әрбiр кезектi сессияда келесi кезектi сессияға дейiнгі қаржылық кезеңге арналған бюджетті бекiтедi.
      5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның жүзеге асырылуын тұрақты қарайды әрi оны тиiмдi жүзеге асыруға жәрдемдесу үшiн қажеттi шешiмдердi қабылдайды және 28, 29 және 33-Баптарға сәйкес Конвенцияға хаттамаларды, қосымшалар мен түзетулердi қабылдай алады. Осы мақсатпен олар:
      (а) 20 және 21-Баптарға сәйкес ақпарат алмасуға жәрдемдеседi және жеңiлдетедi;
      (b) ғылыми зерттеулердi әзiрлеуге және салыстырмалы әдiснамаларын мерзiмдiк жетiлдiруге және деректер жинауға жәрдемдеседi және осы Конвенцияны жүзеге асыруға қатысты, 20-Бапта көзделгендерге толықтыруға жiбередi;
      (с) тиiстi жағдайларда стратегияларды, жоспарлар мен бағдарламаларды, сондай-ақ саясатты, заңнаманы және басқа да шараларды әзiрлеуге, жүзеге асыруға және бағалауға жәрдемдеседi;
      (d) осы Конвенцияның 21-Бабына сәйкес Тараптар ұсынған баяндамаларды қарайды және Конвенцияның жүзеге асырылуы туралы тұрақты баяндамаларды бекiтедi;
      (e) 26-Бапқа сәйкес осы Конвенцияны жүзеге асыруға арналған қаржы ресурстарын жұмылдыруға жәрдемдеседi және ықпал етедi;
      (f) осы Конвенцияның мақсаттарына жетуi үшiн қажеттi қосалқы органдарды бекiтедi;
      (g) тиiсті жағдайларда құзыреттi және тиiсті ұйымдармен және Бiрiккен Ұлттар ұйымы жүйесiнiң органдарымен және басқа халықаралық әрi өңiрлiк үкiметаралық ұйымдар мен үкiметтiк емес ұйымдармен және органдармен Конвенцияны жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарды нығайту құралы ретiнде қызмет көрсету және ынтымақтасу, сондай-aқ ақпарат ұсыну туралы өтiнiш жасайды; және
      (h) тиiсті жағдайларда осы Конвенцияның мақсатына жету үшiн оны жүзеге асыру процесiнде жинақталған тәжiрибе аясында басқа да iс-қимылдарды қарайды.
      6. Тараптар Конференциясы оның жұмысына бақылаушылардың қатысу критерийлерiн белгiлейдi.

  24-бап
Хатшылық

      1. Тараптар Конференциясын тұрақты хатшылық тағайындайды және оның қызмет ету жағдайларын қамтамасыз етедi. Тараптардың Конференциясы мұны өзiнiң бiрiншi сессиясында жасауға тырысады.
      2. Тұрақты хатшылықты тағайындаған және бекiткен сәтке дейiн хатшылықтың функциясын осы Конвенцияға сәйкес Дүниежүзілiк Денсаулық сақтау ұйымы қамтамасыз етедi.
      3. Хатшылықтың функциялары:
      (а) Тараптар Конференциясының және кез-келген қосалқы органдардың сессияларын ұйымдастыру оларды қажетті қызметтермен қамтамасыз ету;
      (b) осы конвенцияға сәйкес алынған баяндамаларды беру;
      (c) Tapaптарға, әcipece, дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға олардың сұрауы бойынша осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес талап етiлетiн ақпаратты жинауда және беруде көмек көрсету;
      (d) Тараптар Конференциясының басшылығымен Конвенцияға сәйкес өзiнiң қызметi туралы баяндамалар дайындау және оларды Тараптар Конференциясына ұсыну;
      (e) Тараптар Конференциясының басшылығымен құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдармен және басқа да органдармен қажеттi үйлестірудi қамтамасыз ету;
      (f) Тараптар Конференциясының басшылығымен оның функцияларын тиiмдi жүзеге асыру үшiн қажет болуы мүмкiн мұндай әкiмшiлiк немесе шартты келiсiмдер жасасу;
      (g) Конвенцияда және оның кез-келген хаттамаларында көрсетiлген басқа да хатшылық функцияларды, сондай-ақ Тараптар Конференциясы айқындауы мүмкiн осындай басқа да функцияларды орындау болып табылады.

  25-бап
Тараптар Конференциясы мен үкіметаралық ұйымдардың
арасындағы қарым-қатынас

      Техникалық және қаржылық ынтымақтастықты қамтамасыз ету және осы Конвенцияның мақсаттарына жету үшiн Тараптар Конференциясы қаржы мекемелерi мен даму мәселелерiмен айналысатын мекемелердi қоса алғанда құзыреттi халықаралық және өңiрлiк үкiметаралық ұйымдарға ынтымақтасу туралы өтiнiш жасай алады.

  26-бап
Қаржы ресурстары

      1. Тараптар осы Конвенцияның мақсаттарына жетуде маңызды зор рөл атқарады.      
      2. Әрбiр Тарап өзiнiң ұлттық жоспарларына, басымдықтары мен бағдарламаларына сәйкес осы Конвенцияның мақсаттарына жетуге бағытталған, өзiнiң ұлттық қызметiне қатысты қаржылық қолдауды қамтамасыз етедi.
      3. Тараптар тиiстi жағдайларда дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптардың темекiге қарсы күрестiң көп секторлы жан-жақты бағдарламаларын әзiрлеудi және нығайтуды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн екi жақты өңiрлiк, қосалқы өңiрлiк және басқа да көп жақты арналарды пайдалануға жәрдемдеседi. Тиiсiнше, ұлттық деңгейде әзiрленетін орнықты даму стратегияларының контексiнде мәдениетті әртараптандыруды қоса алғанда, темекi өндiрiсiнiң экономикалық тұрмысқа бейiм баламаларын қарау және қолдау керек.
      4. Тиiсті өңiрлiк және халықаралық үкiметаралық ұйымдарда сондай-ақ қаржы мекемелерiнде және дамыту мәселелерiмен айналысатын мекемелерде ұсынылған Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға бұл ұйымдарда қатысу құқығын шектемей, осы Конвенция бойынша олардың өз мiндеттемелерiн орындауда оларға көмек көрсету мақсатында осы ұйымдар мен мекемелердiң қаржылық қолдауын қамтамасыз етуiн көтермелейдi.
      5. Тараптар мыналарға келiседi:
      (а) Тараптарға осы Конвенция бойынша олардың өз мiндеттемелерiн орындауда көмек беру үшiн барлық Тараптардың, әсiресе, дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптардың игілiгi үшiн барлық тиiсті әлеуеттi және қолда бар қаржылық, техникалық немесе темекiге қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларға арналған өзге де мемлекеттiк және жекеменшiк ресурстарды жұмылдыру әрi пайдалану керек.
      (b) Хатшылық дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға, олардың сұрауы бойынша, осы Конвенция бойынша олардың өз мiндеттемелерiн орындауын жеңiлдету үшiн қаржыландырудың қолда бар көздерi туралы кеңес бередi.
      (с) Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi сессиясында Хатшылық өткiзген зерттеулердiң және басқа да тиiстi ақпараты негізiнде қолда бар және әлеуеттi көздерi мен тетiктерiне шолу жүргізедi және олардың сәйкестiгін қарайды.
      (d) бұл шолудың нәтижелерiн Тараптар Конференциясы жұмыс iстеп тұрған тетiктердi нығайту немесе қажет болған жағдайда қосымша қаржы ресурстарын дамушы елдер болып табылатын Тараптар мен өтпелi экономикасы бар Тараптарға жiберу үшiн осы Конвенцияның мақсаттарына жетуде оларға көмек көрсету үшін ерiктi жаһандық қорды не өзге де тиiстi қаржы тетiктерiн құрудың қажеттілiгiн айқындау кезiнде ескеретiн болады.

  IX Бөлім. Дауларды реттеу

  27-бап
Дауларды реттеу

      1. Екi не одан да көп Тараптардың арасында осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты дау туындаған жағдайда тиiстi Тараптар қайырымдылық қызметтердi, делдалдықты немесе татуласуды қоса алғанда, келiссөздер немесе оларды таңдау бойынша кез-келген басқа бейбiт құралдар арқылы дипломатиялық арналар жөнiндегi дауды реттеуге ұмтылады.
      2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, бекiту не ресми мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде не бұдан кейiн кез-келген уақытта мемлекет немесе экономикалық интеграцияның өңiрлiк ұйымы Депозитарийге осы Баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуi мүмкiн емес дауға қатысты өздерiнiң конвенсус негiзінде Тараптар Конференциясының қабылдауына жататын рәсiмдерге сәйкес арнайы арбитраж өткiзуге мәжбүрлi түрде келiсетiнiн жазбаша мәлiмдей алады.
      3. Осы Баптың ережелерi, егер онда өзгеше көзделмесе, осы хаттаманың тараптар арасындағы дауға қолданылатын кез-келген хаттамасына қатысты қолданылады.

  Х Бөлім. Конвенцияны одан әрі әзірлеу

  28-бап
Конвенцияға түзетулер

      1. Кез-келген Тарап осы Конвенцияға түзетулер енгiзе алады. Мұндай түзетулердi Тараптар Конференциясы қарайтын болады.
      2. Конвенцияға түзетулердi Тараптар Конференциясы қарайды. Конвенцияға ұсынылатын кез-келген түзетудiң мәтiнiн қабылдау үшін ол ұсынылатын сессияға дейiн алты ай бұрын ең аз көлемде Хатшылық Тараптарға алдын ала жөнелтедi. Хатшылық сондай-ақ ұсынылатын түзетулердiң мәтiнiн Конвенцияға қол қойған Тараптарға және ақпарат үшiн - Депозитарийге беріледi.
      3. Тараптар Конвенсустың негізiнде осы Конвенцияға ұсынылатын кез-келген түзетулер бойынша келiсiмге қол жеткiзу үшін барлық күштi қоса бередi. Егер конвенсусқа қол жеткiзу бойынша барлық күш жеткіліктi болса онда түзетудiң соңғы шарасы ретiнде отырыста қатысушы және дауысқа салуда қатысушы Тараптардың төрттен үшiнiң басым даусымен қабылданады. Осы Баптың мақсаттары үшiн отырыста қатысушы және дауысқа салуда қатысушы Тараптар отырыста қатысушы және "иә" немесе "жоқ" деп дауыс берушi Тараптар ұйғарады.
      4. Түзетулердi қабылдау туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады. Осы Баптың 3-тармағына сәйкес қабылданған түзету оны қабылдаған Тараптар үшiн осы Конвенцияны кем дегенде үш Тарап қабылдау туралы құжатты Депозитарий алған күнiнен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      5. Түзету кез келген басқа Тарап үшiн осы Тараптың аталған түзетудi қабылдау туралы өз құжатын Депозитарийге сақтауға берген күнiнен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

  29-бап
Конвенцияға қосымшаларды қабылдау және оған түзету енгізу

      1. Осы Конвенцияға қосымша мен оларға түзетулер ұсынылады, қабылданады және 28-бапта белгіленген процедураға сәйкес күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияға қосымша оның ажырамас бөлігін құрайды және егер тiкелей өзге көзделмесе, Конвенцияға сiлтеме сонымен бiрге оның кез келген қосымшасына сiлтеме болып табылады.
      3. Қосымшалар тiзiмдермен, нысандармен және процедуралық, ғылыми, техникалық және әкiмшілiк мәселелерге қатысты өзге де сипаттамалық материалмен шектеледi.

  XI Бөлім. Қорытынды ережелер

  30-бап
Ескертулер

      Осы Конвенцияға ешқандай ескерту жасауға болмайды.

  31-бап
Шығу

      1. Қайсыбiр Тарап үшін осы Конвенция күшiне енген күнiнен екi жыл өткеннен кейiн кез келген уақытта бұл Тараптың Депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, Конвенциядан шығуына болады.
      2. Кез келген осындай шығу Депозитарийдiң шығуы туралы хабарлама алған күнiнен бастап бiр жыл өткеннен кейiн немесе шығу туралы хабарламада көрсетiлуi мүмкiн неғұрлым кешірек күнi күшiне енеді.
      3. Осы Конвенциядан шығатын кез келген Тарап сондай-ақ ол Тарабы болып табылатын кез келген хаттамадан шыққан деп есептеледi.

  32-бап
Дауыс беру құқығы

      1. Осы Конвенцияның әрбiр Тарабының осы Баптың 2-тармағында көзделген жағдайдан басқа бiр дауыс беруiне болады.
      2. Өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдары өздерiнiң құзыретiне енетiн мәселелерде осы Конвенция Тараптарының мүшелерi болып табылатын мемлекеттердiң санына тең келетiн дауыстарға ие бола отырып, өзiнiң дауыс беру құқығын пайдаланады. Мұндай ұйым, егер оның мүшесi болып табылатын қайсыбiр мемлекет өз құқығын пайдаланған және керiсiнше болса, өзiнiң дауыс беру құқығын пайдаланбайды.

  33-бап
Хаттамалар

      1. Кез келген Тарап хаттама ұсынуы мүмкiн. Мұндай ұсыныстарды Тараптардың Конференциясы қарайды.
      2. Тараптардың Конференциясы Конвенцияға хаттамаларды қабылдауы мүмкiн. Ол хаттамаларды қабылдау кезiнде күш-жiгердiң барлығы консесусқа қол жеткiзу үшiн жұмсалады. Егер консесусқа қол жеткiзуге жұмсалған күш-жiгер сарқылып, келiсiмге қол жеткiзiлмесе, түпкiлiкті шара ретiнде хаттама отырыста болған және дауыс беруге қатысқан Тараптардың үштен жартысының көбiсiмен қабылданады. Осы баптың мақсаттары үшiн отырыста болған және дауыс беруге қатысқан Тараптар деп отырыста болған және "ол үшiн" немесе "қарсы" дауыс берген Тараптарды атаймыз.
      3. Хатшылық ұсынылған хаттаманың кез келген мәтiнiн Тараптарға оны қабылдау ұсынылатын сессияға дейiн кемiнде алты айдан кешiктiрмей бередi.
      4. Хаттаманың Тараптары тек осы Конвенцияның Тараптары ғана болуы мүмкiн.
      5. Осы Конвенцияға кез келген хаттама тиiсті хаттаманың тараптарына ғана мiндеттi болып табылады. Қайсыбiр хаттамаға қатысты мәселелер жөнiндегi шешiмдi осы хаттаманың тараптары ғана қабылдайды.
      6. Кез келген хаттаманың күшiне ену шарттары осы хаттамамен белгіленедi.

  34-бап
Қол қою

      Осы Конвенция Дүниежүзілiк денсаулық сақтау ұйымының мүшесi болып табылатын барлық мемлекеттер мен Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мүшесi болып табылмайтын, алайда Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының Женевадағы өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдарының штаб-пәтерiнде 2003 жылғы маусымның 16-сынан 22-сiне дейiн, кейiннен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктағы штаб-пәтерiнде 2003 жылғы 30 маусымнан 2004 жылғы 29 маусымға дейiн мүшелерi болып табылатын кез келген мемлекет қол қою үшiн ашық болады.

  35-бап
Ратификациялау, қабылдау, бекiту, ресми
мақұлдау немесе қосылу

      1. Осы Конвенция мемлекеттердiң ратификациялауына, қабылдауына, бекiтуiне немесе қосылуына, сондай-ақ ресми мақұлдауына немесе өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдарының қосылуына жатады. Ол қол қою үшiн Конвенция жабылатын күнiнен кейiнгі күнi қосылу үшiн ашылады. Ратификациялау, қабылдау, бекiту, ресми мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтау үшiн тапсырылады.
      2. Мүше болып табылатын мемлекеттің бiрде бipeуi Тарап болып табылмайтын жағдайда осы Конвенцияның Тарабы болатын кез келген өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымы Конвенция бойынша барлық мiндеттердi көтередi. Осындай ұйымдардың мүшесi болып табылатын мемлекеттердiң бipeуi немесе бiрнешеуi Конвенцияның Тарабы болған жағдайда бұл ұйым мен оның мүшелерi болып табылатын мемлекеттер Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындау бойынша олардың тиiсті мiндеттерiне қатысты шешiм қабылдайды. Мұндай жағдайларда ұйымдар мен мүше болып табылатын мемлекеттер Конвенциядан туындайтын құқықтарды олармен бiрге жүзеге асыра алмайды.
      3. Өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымдары өздерiнiң ресми мақұлдау туралы құжаттарында немесе өздерiнiң қосылу туралы құжаттарында осы Конвенциямен реттелетiн өз құзыретiнiң шегіндегі мәселелер туралы өтiнiш жасайды. Бұл ұйымдар сондай-ақ Депозитарийдi хабардар етедi, ол өз кезегiнде олардың құзыретi шегiндегі кез келген елеулi өзгерiстер туралы хабардар етедi.

  36-бап
Күшiне ену

      1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекiту, ресми мақұлдау немесе қосылу туралы қырықыншы құжатты Депозитарийге сақтауға тапсырған күнiнен кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекiтетін не осы Күшiне ену туралы баптың 1-тармағында жазылған шарттарды орындағаннан кейiн оған қосылатын әрбiр мемлекет үшiн Конвенция ол ратификациялау, қабылдау, бекiту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған күнiнен кейiнгі тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      3. Осы күшiне ену туралы баптың 1-тармағында жазылған шарттар орындалғаннан кейiн ресми мақұлдау туралы құжатты немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған әрбiр өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымы үшiн осы Конвенция ол ресми мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты тапсырған күнiнен кейiнгі тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      4. Осы Баптың мақсаттары үшiн өңiрлiк экономикалық ықпалдастық ұйымы сақтауға тапсырылған кез келген құжат осы ұйымның мүшесi болып табылатын мемлекеттер сақтауға тапсырылған құжаттарға қосымша деп саналмайды.

  37-бап
Депозитарий

      Осы Конвенцияның және оған түзетулердiң, сондай-ақ 28, 29, және 33-баптарға сәйкес қабылданған хаттамалар мен қосымшалардың Депозитарийi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болып табылады.

  38-бап
Мәтіннiң дәлмедәлдігі

      Осы Конвенцияның ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiндегi түпнұсқасы бiр-бiрiне дәлмедәл болып табылады, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

      Оны куәландыруда тиiстi деңгейде оған уәкiлеттi төмендегi қол қойғандар осы Конвенцияға қол қойды.

      Екi мың төртiншi жылғы [күнi, айы] Женевада жасалды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады